Дəретте тыйым салынған жағдайлар он екi. Бұларды орындаған жағдайда харам немесе мəкрух болады. Олар:

  1. Дəрет сындырған кезде қыблаға алдын не артын қарату.
  2. Дəрет алу үшін бiреудің қасында əурет жерiн ашу харам болады.
  3. Оң қолымен əурет жерiн жууға болмайды.
  4. Су болмаған уақытта қоректiк заттармен, тыңайтқыш нəрселермен жəне сүйек, көмiр, жануар қорегiмен, қамыс, жапырақ, керамика бөлшегі, мата, қағаз, басқаның заты сияқты нəрселермен əурет жерiн сүрту мəкрух.
  5. Дəрет алатын суға түкiрмеуi жəне мұрнын сiңбiрмеуi керек.
  6. Дəрет мүшелерін тым асыра немесе мөлшерiнен аз жумауы қажет жəне үштен артық немесе кем болмауы керек.
  7. Дəрет мүшесiн əурет жерiн құрғатқан сүлгімен сүртпеу қажет.
  8. Бет жуғанда суды бетке ұрып жумау керек. Маңдайдан ба-стап төмен қарай ағыза жуу қажет.
  9. Суға үрлемеу керек.
  10. Ауыз бен көздi қатты жұмып алмау қажет. Ерiннiң көрiнiп тұрған бөлiгiнде жəне көздiң қабығында су тимеген кiшкене бiр жер қалса дəрет қабыл болмайды.
  11. Оң қолмен сіңбірмеу қажет. 
  12. Басты, құлақты, желкенi мəсих еткенде қолды жеке-жеке су-ламау керек.

Мисуак қолдану:Дəрет алып жатқанда мисуак қолдану сүннетимүəккəдə болып табылады. Хадис шəрифте келтірілгендей: «Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық.» Сираж-ул-уаһһажкiтабында мисуак қолданудың он беспайдасы көрсетілген.

  1. Өлер кезінде шаһадат кəлимасын айтуына себеп болады.
  2. Тiс еттерiн бекемдейдi.
  3. Қақырықты кетіреді.
  4. Өт жұмысын реттейді.
  5. Ауыз ауруын кетiредi.
  6. Ауыздың жағымсыз иiстерiн кетiредi.
  7. Аллаһу та’ала одан разы болады.
  8. Бас тамырларын қуаттандырады.
  9. Шайтан ренжиді.
  10. Көздері нұрланады.
  11. Игiлiктері мен жақсылықтары артады.
  12. Сүннетпен амал еткен болады.
  13. Аузы пəк болады.
  14. Фасих-ул-лисан, яғни ашық, көркем жəне мəнді сөйлейтін болады.
  15. Мисуак қолданып оқылған екi рəкат намаз жетпiс рəкат намаздың сауабынан да артық болады.

Мисуак - Арабстанда өсетін Əрак ағашының бұтағы. (Түзулеу) Ұшынан екi сантиметрдей қабығын аршып, ашылған жерiн бiрнеше сағаттай суға батырып қойғаннан кейін езетін болса, щетка сияқты ашылады. Əрак ағашы табылмаса зейтун бұтағынан да жасалады. Əйелдердің мисуак орнына, мисуак қолдану ниетімен сағыз шайнау-лары да дұрыс.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы