Тəйəммум топырақпен тазалану деген сөз. Дəрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм жəне тас сияқты таза нəрсемен ханафи мазһабында тəйəммум етiледi. 

Тəйəммум дəрет жəне ғұсыл үшiн үлкен жеңiлдiк. Дiнiмiзде топырақпен тəйəммум алу сумен дəрет алу сияқты. Дiнiмiз лас нəрселердi топырақпен тазалаудың мүмкiн екендiгiн бiлдiрген. 

Тəйəммумға себеп болатын жағдайлар: 

  1. Дəрет жəне ғұсыл үшiн су табылмау. (қалада əрқашан су iздеу парыз)
  2. Су қолдануға кедергі болатын ауру, су қолданғанда суықтан өлу немесе ауырып қалу қаупiнің болуы.
  3. Судың қасында дұшпан немесе жыртқыш жануардың болуы.
  4. Қамауда болып су қолдана алмау.
  5. Өлiммен қорқытылу.
  6. Жолаушылап жүргенде iшетiн судан басқа суы болмау.
  7. Құдықтан су шығаруға мүмкiндiгi болмау.


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы