Сезiм мүшелерi жəне ақыл қамтыған мағлұматтар иманға қауышуға жəрдемшi болады. Пəн ғылымы əлемдегi жүйенiң теңдiгi өздiгiнен болмағандығын жəне əлбетте бiр жаратушының бар екендiгiн түсiнуге, бiлуге жəне иман нұрына қауышуға шақыруда. Иман соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан əкелген мағлұматтарын үйрену жəне сену. Сену ке-рек болған мағлұматтарға «ақылға сыйымды болса сенемiн» деу пайғамбарға сенбеу болып табылады. Дiни үкімдер ақыл иелерiнiң тапқан нəрселерi емес. Сондықтан, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам хабар берген нəрселерді Əһли сүннет ғұламаларының кiтаптарынан үйренуіміз керек. Шынайы иман иесi болу үшiн мына шарттарға мойынсұну керек. 

  1. Иман əрдайым жəне мықты болу керек. Бiр мезет айы-рылып қалуды ойымызға алмауымыз керек. Үш жылдан кейiн мұсылмандықтан шығамын деген адамның сол мезеттен бастап има-ны кетiп, мұсылмандықтан шыққан болып есептеледi. 
  2. Мүминнiң иманы, қорқу мен үмiттiң арасында болуы керек. Аллаһу та’аланың азабынан қорқу қажет. Бiрақ рахметiнен бiр ме-зет болсын үмiттi үзбеу керек. Күнəнi iстеуден сақтанып, иманнан ажырап қалудан қорқу керек. Сонымен қатар, қаншама көп күнə iстеген болсақ та, Аллаһтың кешiрiмдiлiгiнен еш үмiт үзбеуіміз, күнəларымыз үшiн тəубе етуіміз керек. Өйткенi тəубе еткен адам, ешқандай күнə iстемегендей болады. 
  3. Жан (рух) алқымға келместен бұрын иман келтіру ке-рек. Жан алқымға келгенде, ахыреттiң бүткiл хал-жағдайлары көрсетiледi. Мiне, сол уақытта күллi кəпiрлер иман етудi қалайды. Алайда иманның, сенімнің ғайыпқа болуы, яғни көрместен сену шарт. Көрiнiп тұрған нəрсеге сену иман болмайды. Бiрақ бұл кезде мұсылманның тек тəубесi ғана қабыл болады. 
  4. Күн батыстан тумастан бұрын иман келтіру керек. Қияметтiң үлкен белгiлерiнiң бiрi - күннiң батыстан шығуы. Мұны көрген бүкiл адамдар иман келтiредi. Бiрақ бұл имандары қабыл болмайды. Бұл кезде тəубе есiктерi жабылады. 
  5. Аллаһу та’аладан басқа ешкiмнiң де ғайыпты, жасырын болған нəрселердi бiлмейтініне сенуiмiз керек. Яғни, ғайыпты жалғыз Аллаһу та’ала бiледi. Оған қоса, Оның бiлдiргендерi ғана бiледi. Перiштелер, жындар, шайтандар тiптi пайғамбарлар да ғайыпты бiлмейдi. Бiрақ пайғамбарларға жəне салих құлдарына ғайыптан мағлұмат берiлуi мүмкiн.
  6. Дiннiң иманға жəне ғибадаттарға тəн үкiмiн қажетсiз деп тауып бас тартуға болмайды. Ахками исламиядан, яғни исламның əмiрлері мен тыйымдарының бiрiн жеңiл көрiп, пайғамбарлардың бiрiн мазақ ету - күпiрлiк (сенбеушiлiк) болады. Аллаһу та’аланың бар екендiгiн, перiштелерді, ғұсыл мен намаздың парыз болғандығын өзгелердiң бопсалауымен қабылдамаймын деп айтқан адам кəпiр болмайды. 
  7. Ислам дiнiнiң анық бiлдiрген хабарларына еш күмəн келтiрмеу қажет. Шарап жəне басқа да спирттi iшiмдiктердi iшудiң, құмар ойнаудың, пайызға ақша беру жəне алудың, пара берудiң ха-рам болғандығына күмəн ету, харам нəрсенi халал деу, халал болған нəрселерге де харам деу иманнан шығуға себеп болады.
  8. Иман келтiрген құл, тек Аллаһ үшiн сүюi жəне тек Аллаһ үшiн дұшпандық етуi керек. Яғни хубби филлаһ жəне буғди филлаһ шарт. Аллаһу та’аланың достары болып саналатын мұсылмандарды жақсы көруiмiз қажет. Жəне де Исламға қолы мен қаламымен, тағы да басқа жолдарменен дұшпандық істегендерге біз де дұшпан бо-луымыз тиiс. 
  9. Мұсылман болмаған, ғайри мұсылман болған отандастарымызға жəне саяхатшы өзге дін өкілдеріне жылы жүзбен қарап жақсы мəмiледе болуымыз керек. Көркем мiнез -құлығымызбен дiнiмiзге шақыруымыз қажет. 

Иман -Ислам дiнiкөрсеткендей болуы керек.Ақылдыңтүсiнгендiгiне, философтардың жəне өзгеде білгіштердің айтқанындай сену иман болмайды. 

  1. Пайғамбарымыз жəне сахабалары көрсеткен тура жолдың нағыз мұсылмандары сияқты сену керек. Тура сенiмге ие болу үшiн, əһли сүннет уал жамағат сенiмiне сай иман ету керек. Əһли сүннет ғалымдарының жазған дiн кiтаптарына мойынсұнғандарға жүз шаһидтiң сауабы берiледi. Төрт мазһабтың кез келген ғалымына «Əһли сүннет ғалымы» делiнедi.Əһли сүннет ғалымдарыныңбасы - Имам Ағзам Əбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ). Бұл ғалымдар кітаптарына Сахабалардан (радыяллаһу анһум ажма-ин) үйренгендерiн жазған, сахабалар да бұларға Расулуллаһтан (алейһиссалам) есіткендерiн айтқан. 


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы