Заттық сипаттары 

  1. Вужуд:Аллаһу та’ала бар.Оның бар болуының бастауыжоқ. Уажибул вужуд, яғни бар болуы мiндеттi.
  2. Қыдем:Аллаһу та’аланың барлығының бастауы жоқ. 
  3. Бақи:Аллаһу та’аланың бар болуының соңы жоқ,мəңгi. 
  4. Уаһданиат:Аллаһу та’аланың затында,сипаттарында жəнеістерінде ешқандай ұқсасы, ортағы, серiгi жоқ. 
  5. Мұхаляфатун лил-хауадис:Аллаһу та’ала заты жəне сипаттарында жаратылғандардың заты жəне сипаттарына ұқсамайды. 
  6. Қиям би-нафсиһи:Ол өзінің затымен бар.Бар болуындамекенге, заманға, материяға жəне еш нəрсеге мұқтаж емес. Керiсiнше барлық нəрсе Оған мұқтаж. Мекен, материя жоқ кезінде ол бар бола-тын. Осы əлемді жоқтан бар етпес бұрын заты қандай болса, мəңгілік солай қалады.

 

Субути сипаттары 

  1. Хаят:Аллаһу та’ала тiрiəрiмəңгiөмiр сүредi.Оның тіріболуы жаратқандарының тірлігіне ұқсамайды. Бұл ерекшелiгi өз за-тымен тұрақты. Яғни тiрi, үнемi мəңгi өмiр иесi. Бұл сипатының ба-стамасы да соңы да жоқ. 
  2. Ілім:Аллаһу та’ала ілім иесi.Жəне оның бiлiмiəр нəрсенiқамтиды. Оның бiлуi жаратылғандардың бiлуi сияқты емес, қап-қараңғы түнде құмырсқаның қара тастың үстiнде жүргенiн көредi жəне бiледi. Адамдардың жүрегiнен өткен ойларды, ниеттердi бiледi. Бiлуiнде ешбiр өзгерiс болмайды. Бастамасыз жəне шексіз ілім иесі. 
  3. Сəм:Аллаһу та’ала есітушi.Аспапсыз,шартсыз жəнесебепсіз естиді. Оның естуi пенделерінің естуiне ұқсамайды, Ол бұдан пəк. Бұл сипаты да басқа сипаттары сияқты əбади жəне əзəли, яғни бастамасыз жəне соңсыз (мəңгі). 
  4. Басар:Аллаһу та’ала көруші.Əр нəрсенiөз затына тəн си-патымен көредi. Оның көруi көзбен емес.
  5. Ирада:Аллаһу та’ала қалағанын қалауыншаiстейдi.Əрбiрнəрсе оның қалауымен бар не жоқ болады. Қалауына тосқауыл болатын ешбiр күш жоқ. 
  6. Құдрет:Аллаһу та’аланың барлық нəрсеге күш-құдіретiжетедi. Ешқандай нəрсе оған қиын болмайды.
  7. Кəлам:Аллаһу та’ала сөйлеуші.Сөйлеуiбiр құрал,аспап,əрiптер, дауыстар жəне тіл арқылы емес.
  8. Тəкуин:Аллаһу та’ала жаратушы.Одан басқа жаратушыжоқ. Барлық нəрсенi ол жаратады. Аллаһу та’аладан басқаларына жарату етістігін қолданбау керек. 

Аллаһу та’аланың сипаттарының ақиқаттарын түсiну (мухал) мүмкін емес. Ешбiр адам жəне ешбiр нəрсе Аллаһу та’аланың сипаттарына ортақ жəне ұқсас бола алмайды.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы