Мешіт қызметкерлері

Найб имам

Улжаев Бақыт Бахрамұлы

1990 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Ортачирчиқ ауданы, Ортасарай ауылында дүниеге келген.

1997-2004 жылдары № 47 орта мектепте оқыған.

2004-2007 ОҚО Сары-Ағаш ауданы, Дербісек елді мекені №31 Талғат Бигелдинов Атындағы орта мектепте оқыған.

2007-2008 Астана қаласы Қажымұқан атындағы спортқа дарынды балаларға арналған спорт интернаты

2008-2012 Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің Бакалавр мамандығы бойынша «Исламтану» мамандығы

2012-2013 Ақмола облысы Бурабай аудандық орталық мешітінің найб имамы

2013 жылдан бастап Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы

 

 

Азаншы

Гаджиев Мұхтар Капланович

1990 жылы Шымкент облысы Төле би ауданында дүниеге келді.

2006 – 2008 жылдар аралығында Алматы қаласындағы ҚМБДБ жанындағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының Боралдайдағы дайындық курсы филиалында діни білім алды.

2007 – 2008 жылдар аралығында Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы, Әулие Челеби медресесін тәмамдады.

2008 – 2011 жылдар аралығында Шымкент қаласы Тассай медресесінде Құран, Тәджуид және де басқадай пәндер шәкірттерге білім берді.

2009 – 2011 жылдар аралығында Шымкент қаласы Шымкент университетінің «Майлыкент» колледжде Құқықтану мамандығы бойынша білім алды.

2011 жылғы 01.02 – 05.02 аралығында «Білім мекемелерінде оқушылар мен жас өспірімдерге білім берудің психологиялы – педагогикалық ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша 36 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсында білімін жетілдірді.

2011 жылы Шымкент облысы бойынша Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан 1-ші орынды иеленген.

2012 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде азаншы, ұстаз қызметін атқарады.

 

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы