Мына жағдайларда пенденің оразсы бұзылмайды:

– ораза екенін ұмытып, тамақ жеу немесе ішу. Пенденің  ораза тұтқаны есінен шығып, бір нәрсе жесе нарсе жесе немесе  ішсе, есіне түссе дереу жеуді тоқтату, аузындағы ноқатты шығарып тастау керек. Егер ораза екені есіне түскенде де жеуді  жалғастырса немесе ноқатты жұтып жіберсе, оған кәфарат  уәжіп болдады. Ораза екенін ұнытып жыныстық қатынасқы түсудің де үкімі осындай;

– еркек немесе әйел  шақуатын қоздыратын жерге көз алмай қарау арқылы шақуаттан суы шығуы;

– шақуатты қоздыратын нәрселерді ойлау нәтижесінде  шақуаттың суы шығуы (жоғарыда айтылған істер ораза кезінде жайз (рұқсат) болмаса-да, ораза ашылмайды);

– оразаны бұзуға ниет етіп бұзбау;

– шашқа май жағу;

– сүрме жағу екі көзге немесе сүзге жағу (жағылған нәренің  дәмі білінсе де зияны жоқ);

– қан алдыру;

– мисуак қолдану;

– ауыз бен  мұрынды дәрет немесе ғұсылда  алу барысында сақтықпен  шаю  (егер қатты шаю арқылы ішге су кетіп қалса, оразаның қазасы өтеледі);

– ғайбат айту;

– еріксіз тұтын, ыс жұту (бірақ ораза екенін біле тұрып, қош иісті  нәрселерді иіскесе,ораза ашылады);

– Фирмаларда істейтін кісінің тамағынан ұн шаң сияқты нәрселердің өтуі;

– тамақтан шыбын немесе  маса сияқтылардың өтуі;

– таң ерте ихтилам хәлде тұру. Бұл кезде сақтықпен  ғұсыл  алынады. Негізінде  бұндай жағдайда  ақшам намазына дейін жүніп хәлде жүру оразаға зиян бермейді;

– құлақтан су кіру;

– мұрын суын ішке тартып жұту;

– тістер арасындағы ноқаттан  кішкентай нәрсені жұту;

– тіс алдырғанда ішке қан немесе дәрі кетіп қалмаса ораза ашылмайды.

– ауызға седана немесе күнжут сияқты майда нәрселерді салып, дәмі кеткенше жұтпастан шайнағанда да ораза ашылмайды.

(ғайбат аиту, ұрысу, айқай- шу шығарусияқтынәрселероразаны  бұзбаса даоныңсауабыназайтуыжайлы айтылады)

Мына жағдайларда пенденің оразсы бұзылады:

Пенде  мына істерді  өз қалауымен жүзеге асырса, оның оразасы бұзылады және оған оразаның қазасын өтеп, кәфаратын өтеу уәжіп (міндет) болады:

– тамақ немесе тамақтын орнына жүретін бір нәрсені жеу немесе ішу. Ғайбат айтқаннан кейін немесе қан алдырғаннан кейін оразам ашылды  деп ойлап бір нәрсені жеу де осыған кіреді;

– жыныстық қатынасқа түсу. Яғни, бұнндай жағдайда мәни шығуы немесе шықпаса да бірдей. Еркек  жыныстық мүшесін басын екінші бір тараптың алдыңғы немесе артыңғы   жолмен кіргізсе  екеуіне де қаза әрі кәфәрат уәжіп болады. Тіпті әйел еркек тарапынан мәжбүрленсе де, оған кәфәрат уіжіп болады;

– әйелін шахуатпен ұстағаннан, қан алдырғаннан, біреуді ғайбаттағаннан немесе мұртына май жаққаннан кейін, “оразам ашылып кетті”, деген ойға барып, бір нәрсе жеу немесе ішу (егер бір ғалым адам оған: “Оразан ашылыпты”, деп пәтуә берсе, ол тек қана оразанынң қазасын өтейді, кафәрат уәжіп болмайды);

– аузына түскен жаңбыр тамшысын жұту;

– ылғалы ет болса да жеу. Яғни  азықтық белгісі жоғалған айныған етті жеген адамның оразасы бұзылады, бірақ  оған кәфәрат уәжіп болмайды;

– қуырылған ет жеу;

– бидай нанынның дәнін шайнап жұту. Бірақ  бір дана бидай еріп кеткенше шайналса және тамақтан еріген халде  өтсе,ораза  бұзылмайды, кафәратта уәжіп болмайды;

– бидай және күнжут сияқтыларды бірнеше данадан жеу;

–  топырақ, қарамайым топырақ немесе кесек жеу;

– тұз жеу;

– әйелінің немесе басқа бір адамның түпірігін жұту.

Осы жерде мына бір маңызды нәрсені айтып өту керек. Кафәрат тек қана Рамазан оразасын үзірсіз ашқандар үшін өтеледі. Басқа түрдегі оразаларды ашып жібергендер тек қана  оразаның қазасын тұтады, кафәрат оларға уәжіп болмайды. Кафәрат Рамазан айының оразасының құрметінен үшін шариғатта жария етілген. Себебі бүл ұлық айда тұтылатын оразаның қадірі және орны ерекеше.

Мына жағдайларда пенденің оразасы ашылып, Рамазан оразасын тек қазасын өтеуі уәжіп болады, кафәрат оның мойнынан түседі:

– азық саналмайтын және адам адетте оны жемеитін нәрселерді жеу. Мысалы, ылғалы күріш, қамыр, коп мөлшерде тұз жеу, тістер арасында қалған нохаттан үлкен нәрсені  жеу, мақта, қағаз, тері, тас, теңге сияқты нәрселерді жесе;

– тамақты немесе дәрі-дәрменнің шариғий үзірі болып емделу, жолаушы болып немесе  мәжбүрлеу, қателік жасау, немқұрлық қарап әрі күмәндану себебінен жесе,

– өз қалауымен  ішіне тұтын кіргізсе;

– арқа тесіктен, мүрын немесе айелінің алдынан ішіне су кіргізілсе;

– бір адамның мәжбүрлеу немесе алдау жолымен оразаны аштыртып жіберсе;

– “Сәресіде ауыз бекітер уақыты әлі шыққан жоқ”, деген күмәнмен  жеп-ішуді жалғастырса  кейін барып қарағанда  сәресінің уақыты шыққан борлса, сонымен қатар, “ифтар ауыз ашар уақыты болды”, деп ойлап, аузын ашқаннан кейін әлі ауыз ашар уақыты болмаған болса белгілі болса;

– әдейі ауыз тола құсса  да қазасын тұтады. Егер ораза екені есінен шығып, аузы толтырмастан тамақ емес басқа нәрсе құсса, ораза ашылмайды;

– дәретте ауыз шайып жатқанда қателікпен  су жұтып қойса,

– бір кісі кешке сәресіден алдын ниет ете алмадым, күндізі ниет қылды. Кейін оразам дұрыс болады мекен”, деген күмәнмен тамақ жесе, немесе ішімдік ішсе, қазасын түтып береді. 

Қызылорда облысы бойынша Жалпы және Жастар бөлімінің меңгерушісі
Мубарак мешітінің бас имамы
Төлепбергенов Жандос Сүлейменұлы


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы