Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде былай дейді: Кімде-кімнің үш қыз баласы болса, оған жақсы тәлім тәрбие беріп, жақсы отбасына күйеуге берсе ол ата-ана жаннатқа кіреді»- деді.

Сонда бір кісі: Я расулаллаһ менің екі қызым бар, менде осы айтқаныңыздай жасасам жаннатқа кіре аламынба? деп сұрақ қояды. Пайғамбарымыз (с.а.с) я деп жауап береді». Хадиске түсінік берген ғалымдар: Егер де тағы бір кісі «Я расулаллаһ менің бір қызым бар, менде дәл осылай жасасам жаннатқа кіре аламын ба?» деп сұрақ қойғанда Пайғамбарымыз (с.а.с) я деп жауап беретін еді деп өзге хадистермен шариғат үкімдеріне сүйене отырып қыздың тәрбиесі мол екенін аңғартуда.

Біздің міндетіміз ұл-қыздарымызға ерекше көңіл бөліп, олардың тәрбиесіне мән беру.

Сіздің аяулы қызыңыз, біреудің аяулы жары, енді біреулердің аяулы келіні, ал біреулердің ардақты анасы, тіпті ұстазы. Міне осындай аяулы да ардақты жан болуы үшін мықты тәрбие керек.

Ол тәрбиесіне мына біз ата-аналары жауаптымыз.

Ал жастар жағы, осы берілген тәрбиені саналарыныа сіңіріп, өмірлерінде тек жақсылықтар жасап, ибалылығымен танылып, оған қоса мешіттерден имани тәрбие алса қыз балаларымыз адаспасы анық.

         Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) бала тәрбиесі жайлы “Сендердiң әрбiрiң жауапкерсiңдер және жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар. Патша өз қол астындағылар үшiн жауапкер және солар үшiн сұралады. Отбасы жанұя үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Әйел күйеуi сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Қызметшi қожайынның мүлкi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Сендер барлығың жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар.”деген.

         «Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп,  қылықтарын қадағалап бағыт-бағдар беруге көңіл аз бөлінуде. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызықшылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап ықпал етуі керек.

Әрбір ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей отбасындағы тәрбие түзу болғаны абзал.

         Ер кiсi жанұяның тәрбиешiсi. Сондықтан ол жанұяның тәрбиесi үшiн жауапкер.

         "Сахабалар: "Баланың ізгі болуы - Аллаһ Тағаладан, ал әдептілік - әкеден", - депайтатын."

         Қоғамның негiзi – жанұя, ал жанұяның негiзi – ер мен әйелдiң татулығы, олардың бiр-бiрiне мейiрiмдiлiгi мен қамқорлығы екенiн Ислам дiнi 14 ғасыр бойы насихаттауда.

         Сондықтан баланың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелікті жете білсең өкінбейсің.

Қазіргі қоғамда кейбір ата-аналар өз перзенттерінің тәртіпсіздігіне , бейбастығына аса мән бермейтіндігін жасыра алмаймыз. Жұмыс бастылықпен асырап, барын алып беріп отырғанына мәз болып, ақыл кіріп, кейін өзі-ақ қойып кетер деген ұстанымды ұстанады.

         Тәрбиенің маңызының бірі мейірімді болып, баланы еркелетіп сүю "Бір аъраби (шөл дала тұрғыны) Нәбиге (с.ғ.с.) келіп: "Сендер балаларыңды еркелетіп сүйесіңдер ме? Біз балаларымызды еркелетіп сүймейміз",-деді. Нәби (с.ғ.с.) оған: "Аллаһ Тағала жүрегіңдегі мейірімділік сезімін жойса менің қолымнан не келеді",-деп жауап берді." Хадисті Айша анамыз (р.а.) риуаят етті.

         Бала махаббатқа  қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның айтқандарын орындауға тырысады.

         Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн.

Шын ар-ұяты бар адам үшiн орынды айтылған сөздiң өзi таяқтан ауыр. Әрi қол көтеруден бұрын ата-ананың өзi баласына қаншалықты дұрыс тәрбие бергенiн ескергенi жөн.

         Ата-ана балалардың еңбекті құрметтеп өсуіне, денсаулығын сақтауға қамқорлық жасап, барлық істе өздері үлгі болуы тиіс.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Әлидің (р.а.) ұлы Хасанды (р.а.) бетінен сүйді. Мұны Расулуллаһтың (с.ғ.с.) жанында отырған Әл-Ақраъ ибн Хабис Әт-Тамими (р.а.) көріп: "Менің он балам бар. Алайда осы уақытқа дейін мен оның біреуін де еркелетіп сүйген емеспін", - деді. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.) оған қарап: "Басқаларға мейірімділік етпегеннің өзі де мейірімділікке бөленбейді", - деді."    Хадисті Әбу һурайра (р.а.) риуаят етті.

Демек, балаға деген мейірімнің өзі тәрбие, көрегенділік деп есептесек артық емес.

         Отбасы, оның барлық тіршілігі, ата –ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір – бірімен қарым – қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары – осылардың бәрі балаларға терең әсер етеді.     Ислам діні негізінде отбасылық тәрбие берудің  нәтижесінде қыз баланы ана болуға ислами қағидалар  негізінде тәрбиеленген  және ер баланы отағасы болуға ислами қағидалар  негізінде тәрбиеленген.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – ұрпағымыздың иманды болып өсуі. 

  «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы

Садықов Жеңіс



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы