Әрбір қыз бала – болашақ ана.  Қазақ халқы бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен нәзік жандыларды қашанда жоғары қойып, қадірлей білген.

Алайда, бүгінгі таңда осы қасиетке кір келтіріп, жаман атқа бой беріп жүрген аруларымыз да жоқ емес. Солардың қатарына – өмірлерінде опық жеп, жүрістерінде қате жіберген қыз балалар мен кейбір аналардың жасанды түсік жасатуы заман дертіне айналып отыр.

Әрине, мұндай қадамның әрі күнә, әрі ана атану жолында айықпас дертке әкелер зиян екендігін бірі ұқса, бірі ұға бермейді.

Бір күндік ләззат үшін болашақ өмірін қор қылумен қатар, кешірілмес күнәға батып жатқанын білсе қанеки.

Себебі, адамзаттың абзалы болған Пайғамбарымыз с.ғ.с.  «Өз балаларыңды бағып-қағудан қорқып, ризығын тауып беруді қиынсынып, оны өлтірмеңдер» деген.

Яғни, шалыс басқан қарындастарымыз былай тұрсын, өмірлік жары бар, бүтін отбасының түтінін түтетіп отырған кейбір келіншектеріміз де заманды сылтауратып жасанды түсік жасататыны да аян.

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген атам қазақ, әрбір баланың өзіндік несібесі бар екенін, жаратқанның өмір берген пендесіне ризығы да болатынын олар біле тұра ескермейтіндей.

Осы нәзік жандылардың некесіз бала кө­­теріп, құрсағындағы шарананы жа­санды түсік жолымен алып тас­тап жат­қаны, әрине, қасірет.

Себебі, сол қыздарымыз, бі­­р­іншіден, некесіз қатынасқа барып күнә жасаса, екіншіден, бойға біт­­кен шарананы жасанды түсік жо­­лымен алдыру арқылы тағы да ең­­­ үлкен күнәға жол ашуда.

Құранда айтылғандай «Бейкүнә бір адамды өлтірсе  - күллі адамзатты өлтіргендей болады»  деген сөз бар. Періштедей бүлдіршіннің, дүние есігін енді ашқалы тұрған шарананың өмірін қию мұсылмандыққа әсте жатпайды. Адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға қайшы.Сойылатын малдың көзіне пышақты көрсетіп қайрамайтындығын ата-бабаларымыз жақсы білген.

Демек, ұлт болашағы, ұрпақ жалғасы бол­­­ған қыздарымыздың бой үйретіп жатқан «некесіз қа­ты­нас», «жасанды түсік жасату» мә­­селесіне мұсылман баласы бей­-жай қарауға тағы болмас.

«Қызым үйде, қылығы түзде» дегенді саналарына сіңірген ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыйым» жасауды да білген.

Бұл дегеніміз отбасындағы қыз бала тәрбиесіне аса мән беру керек деген сөз.

Ислам дінінде жасанды түсік жа­­­сатуға түбегейлі тыйым салы­на­­ды. Тек бір ғана жағ­дайда рұқ­сат­ етіледі. Егер өмір­ге сәби әкелу ба­­ры­сын­да ана ден­­сау­лы­ғына сон­­дай қа­тер төн­се ғана баланы ал­­дыр­туға бо­­лады.

Негізінде, ана құр­­­са­­ғын­дағы сә­биге Алланың қа­­лауымен жан беріледі.

Жан берілгені демек, ол тірі жан болып есептеледі. Ол кезде оны ал­дыр­туға мүл­дем болмайды, оны ал­­дырту ең­ үлкен күнә болып са­­нала­ды.

Қа­зір­гі күні кей­­бір­ дә­­рігерлер тү­сік жасатуды жа­сы­рын­ саудаға, та­быс көзіне ай­­­­нал­­дыр­­­са,­­ ал, қыздар жағы, кейде олардың ата­-ана­лары «ба­ланы ал­ды­­рып тас­­та»­ деп кү­нә­лі іске итер­ме­­леу­де.­ Әрбір ата-ана ба­­­­­­ла­­­­­­ла­­ры­­на­ кіш­кен­тай­ ке­зі­нен кү­­­­­нә, обал, сауап де­гендерді үй­­­ре­­тіп­­, тү­сін­дір­ген­де,­ мұн­дай­ күнәларға­ тап­ бол­мас­ еді­.­

Ер мен әйелдің отбасын құрудағы негізгі мақсаты -  ұрпақ қалдырып, мұсылмандардың санын көбейту үлкен сауапты амал болып саналады.

Хазіреті Пайғамбармыз (с.а.с): «Үйленіңіздер, көбейіңдер, нәсіл тартыңдар. Мен сендердің көптіктеріңмен басқа үмбеттер қасында мақтанамын»  деп үмбеттерінің көбеюін насихаттаған.

Ислам дінінде себепсізден себепсіз дүниенің есігін ашқалы тұрған сәбидің өміріне түрлі амалдар арқылы  балта шабу үлкен күнә.

Жаратылыс нышандары айқын көрiнiп тұрған баланы алдыру — қылмыс деп есептесек те артық емес.

Олай болса, осы белең алған қылмыстың алдын алып, күнәға батпай, сауапты амалдарымыз мол болсын.

Талғат Нұрман

Қызылорда қалалық «Ыбырайым»

 мешітінің найб имамы



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы