Екі дүниенің сардары, Аллаһтың елшісі, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде жанына жақын болған жандардың барлығы адам баласына үлгі бола білген.

Олардың шініде әсіресе, Пайғамбарымыздың сүйікті әйелдерінің орны ерекше. Мұсылман әйелдеріне абзал ана бола білген, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) абыройлы, әділ, ардақты жар болған Айша анамыздың орны ерекше.

Айша анамыз Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті жары,мүміндердің анасы ретінде баршамыздың да анамыз болып табылады десек артық айтқандық емес.

Әсіресе ол кісінің өмірлік жағдайларда, әйел кісілердің қоғамдағы орны мен міндеттерін айқындап, соған сай үлгі бола білгендігі, тақуалығы баға жетпес өнеге деуге болады.

Нағыз дін адамы ретінде ең өзекті деген мәселелер, өзекті шешімдер, маңызды талаптар мен хабарлар Айша анамыздан жеткен.

Бала кезінен отбасындағы ахуалға ілесе отырып, отбасындағы Ислами көзқарастарды санасына түйіп, ата-анасының намаз оқығанына ыждағаттылықпен қарап, өзі де осы тәрбиені бойына сіңіріп, қабылдай білгені баға жетпес даналық деп бағалауға болады.

Ата-анасының тәрбиесі санасына сіңген айша анамыздың: «Мен ес білгелі ата – анамның  діндар екенін көріп өстім» деген сөздері бар.

Айша анамыздың Аллаһ елшісімен (с.ғ.с.) өмір жолын жалғауының өзі Алла Тағала тарапынан болған бұйрық десек артық айтқандық емес.

Себебі Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзіне өмірлік серік болатын жанның кім екенін білдіретін түстерді жиі көретін. Алайда, ол туралы ешкімге тіс жармайтын.

Осылайша тағдырының бір мұраты айқындалып адал жары Хазірет Хадишадан кейін Алла елшісіне(с.ғ.с.) әйел ретінде лайық болған, некелескен жары Айша анамыз еді.

Айша анамыз (р.а) исламдағы әйелдің құқығын өте жақсы білген, тіпті мықты оқымыстылардың өзі осы тұрғыда одан көмек сұрап, көптеген көкейкесті мәселелердің шешімін тауып беріп отырған. Жәбірейл (а.с.) періштенің өзі Айша анамызға (р.а) «Ас-саляму алейкум» деп салем берген.

Пайғамбарымызбен бас қосқан күннен бастап Айша анамыз үшін өмірірізде жаңа кезең басталды. Осы дүниенің ең бақытты жаны өзі екенін ұғынатын. Оның себебі – Алланың ең сүйікті Елшісінің жары болу бақыты бұйырған еді.

Сол бақытқа ие болғандықтан Айша анамыз өзіне айрықша бір міндеттің жүктелгенін жақсы сезінді. Сол міндетті өз дәрежесінде алып жүрді де.

Отбасылық өмірдің маңыздылығы, оған аса жауапкершілікпен қарау керек екендігін сезіну, ер азаматты құрметтеп, оған бағыну, әрбір сөзінен дұрыс пен бұрысты ұғып отыру қазіргі жастарымызға да керек қасиет.

Осындай Айша анамыздың өте тереңнен ұғына білген мәселелерінің бірі де бірегейі – әйел әлеміне қатысты болды.

Айша анамыз Алла  Елшісінің (с.ғ.с.)  босағасын аттағаннан бастап барша әйелдердің өкілі болып, өзіне жүгінген әрбір нәзік жандының мәселесін шешуде Алла Елшісі (с.ғ.с.)    мен екі арада көпір секілді оңтайлы шешімдер қабылдауға себепкер бола білді.

Қандай мәселе болмасын міндетті түрде оң әрі әділ шешіп, осы мәселеде пайғамбарымыздың уәзірі іспеттес болған.

Қай жағынан болмасын, материалдық та, рухани да көмек сұраған әйелдердің  көңілін жықпай, оларды қуанышты хабармен қайтарып отыруға тырысқан.

Оның жас болуы, айналасындағы әйел адамдардың өзімен замандас болуы әйел адамға деген көзқарасты өзгертуге үлкен септігі тиді.

Себебі,  ол қоғамда әйел атаулы екінші орында тұрғаны тарихтан белгілі. Осы орайда, айша анамыздың әйел аналардың басын қосуы, мәселелерін ашып айтуы, бір-бірімен етене араласуы, уақыт бөлуі сол әйелдердің құқын жоғарылату арқылы өзіндік орнын айқындаған.

Бір мысал келтіре кететін болсақ, бір күні Айша анамызға бір жас қыз келіп: - Әкем, өз жағдайын жақсарту үшін менің мәжбүрлеп көкесінің баласына үйлендірмекші, Мен бірақ, осыған қарсымын,- дейді. Сол дәуірде бұл шешімі қиын мәселелердің бірі еді. Себебі, қыз балалар кіммен тұрмыс құратынын таңдай алмайтын.

Қызды тыңдаған анамыз: Алла елшісіне (с.ғ.с.)  оқиғаны баяндап, қыздың әкесін де шақыртады. Исламда қызын күштеп тұрмысқа беруге әке құқылы еместігін түсіндіреді.

Нәтижесінде қыз әкесі өз ісінің қателігін түсіпі, мәселе оң нәтижесін береді. Алғаш рет қыздың ұсынысы қабылданып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызға бұдан былай шешімді өзі қабылдайтындығын жеткізеді.

Бұдан өзге әйел адамға қатысты шешімдер, отбасы дауы, ер азамат пен әйел адамның арасындағы кейбір жайттар Айша анамыз арқылы әділ де, оң шешімін тауып келген.

Бір сөзбен айтқанда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жан досының қызы, сүйіктіснің сүйікті қызы, жанашыр қамқор әйел, Аллаһтың Кітабында күнәлардан және жүректің шүбә-күдігінен арылған мүминдердің пәк анасы деп атанған Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын) бүкіл өмір жолы әйел адамға тұнып тұрған өсиет, өнеге.

«Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) басқа әйелдерінің ілімдерін бір жерге топтаса, Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) ілімі асып түсер еді»деген Ғалым Имам Зұһри Айшаның сөзі осыған дәлел.

Алла Тағала әлемдегі барша аналарға мұсылмандарға сай иманды, үлгілі ана болуды нәсіп етсін! Амин! 

Әбжанов Нұрлан Шаһиданиұлы

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы