Ассаламуалейкум  уа рахматуллаһи уа баракатух!  Жаратушымыз  Жаббар Хақ Аллахтағалаға  сансыз  шүкіршілік.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед Мұстафаға  (с.ғ.с)  салауаттар   мен     Алланың  сәлемі мен мейірімі болсын. Ислам  діні Адамзаттың тәнті болған  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) арқылы жер бетіндегі жұмыр басты пенделерге  келе бастаған. Осы  замандарда Араб  ұлтының мәдениеті, әдебі қатты бұзылып, құлдырау, жәһили дәуірде еді. Сол дәуірде Араб ұлтында ар-ұятты саналатын, абыройларын түсіретін деп саналатын  үрдіс бар еді.     Олда   өз отбасы (шаңырақтарына) қыз бала дүниеге келсе олардан тез құтылу жолдарын жасайтын еді. Яғни тірідей апарып 3-7 жастағы қыз балаларын тірідей топыраққа көміп тастайтын қатаң, жалмауыздық әдет ,үрдістер бар еді.  Себебі қыз бала келешекте отбасынан шығын  пұл, ақша, затқа ауыстырлатын, сатылатын зат есебінде еді. Сондықтан сол заманның дәуіріндегі адамдар өздерінің атақ  мақамдарына (тақтарына)  намыстарына  жаман сөз келтірмес үшін осындай  қадамдарға баратын еді. Сол дәуірде аналардың қыздарымыздың өмірі жерге тапталған құрмет көрсетілмеген бір заман еді. Осыған Жаратушымыз Жаббар Хақ әділ және мейірімділік дінін жіберді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) аналардың қадір қасиетін жоғарылату мақсатында  қызмет  үгітін  жеткізген еді. Араб  ұлты дінді  (исламды)   қабылдаумен өзінің жарын  Құдай  қосқан  шаңырағының ұйытқысының, балаларының анасы екенін түсіне бастады. Міне осы замандарда бір топ аналарымыз Пайғамбарымыздың үйіне келіп(биғат) етті. Яғни иман келтіріп пайғамбарымыздың жұбайы анамыз Хадишадан   ( р.а) ислам дінінің қыр сырын үйрене бастады.

Сахаба аналармыздан ең баста бізге үлгі болған Хадиша анамыз, Айша анамыз, Фатима аналармыз. Пайғамбармыздың (с.ғ.с) қасында қиын қыстаукезеңдерінде  ең  көп  жанашыр   Хадиша анамыз еді. Бабаларымыз айтқан дана  сөзде  – “Әйелін жақсы  болса  жұмыр басыңды төрге сүйрер, Әйелін жаман болса жұмыр басыңды көрге сүйрер”  -   деген еді. Анамыз Хадиша  ( р.а)   бүкіл мұсылман жамағатына өнегелі, арлы -ұяты, мұсылман әйелдің бейне келбетін тамаша негізді әр өрнекті етіп үлгі болған. Тарита   зор дана өмірімен таңба басқан. Қасиетті Құранда сүйінші алған жәннәтпен сүйіншіленген аналардың алғашқысы  еді.

Сахаба аналармыздан Үммі Руммая  (р.а) да үлгілі тәрбиесімен өткен еді.

Қолына қылыш алып отан үшін Дін ислам үшін соғысқа қатысқан алғашқы әйел сахаба-Хазірет Сафия ,  Батыл сахаба әйел   -   Хала   сұлтан (р.а),  үйінің іші Миғраж нұрымен жарқырау мәртебесіне жеткен Үмму Хани (р.а), Төрт ұлы   Шәһид болғанын естіген оған сүйінші ретінде қабылдаған иманды ана -  Хазрет Хонса (р.а),  жәннәт пен сүйіншіленген бақытты ана  -  Әсил бинти  ӘбуБәкір (р.а).      Мәһрі-Ислам болсын деп  қабылдап,

некесі  - адамды  құтқаратын  имани   сүйіктісі болған Үмиу Сүләйма (р.а) аналарымыз сынды ұлы тұлғалар Аллаһқа кіршіксіз сеніп, сенімдерін             іс –амалдарымен   көрсете алған, иман жолында еш нәрседен тайсалмады. Шынайы бақытқа арманға жетудің жолы - Аллаһқа иман ету екендігін әлемге паш етті.

Пайғамбар(с.ғ.с)   Аллаһ Тағаланың  Адам  баласына жасаған ең үлкен қайырымдылығы  Ислам әйелдер әлемін нұрға бөлеу арқылы жасаған ғажайып төңкерісі-барша әйел заты үшін адамзат тарыхындағы  теңдессіз оқиға болған еді.

Әйел кісілерден пайғамбар шықпағанымен, Пайғамбарларды дүниеге әкелген әйелдер екені даусыз. Сонымен қатар, сахаба аналарымыздың өмір ұстанымдары қияметке дейінгі мұсылман әйел заты үшін асқақ өнеге. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) бір хадисінде:   “Кімде-кім екі қызды бағып өсірсе, сол адам және  мен  (екі саусағын біріктіріп)  қиямет күні былай болып келеміз”- деген еді.

Ислам тарихында аса ақылды, мінезі көркем, пәктігін тақуалықпен ұштастыра білген, мүминдердің   аналарның үлгі-өнегелері   қазіргі жастарымызға үлкен үлгі, тәрбие  деп білемін. Аллаға шүкір  Исламды толық білуге ұмтылған жастарымыз бар. Мейірімді такуалық дініміз жарқыраған елімізде жоғарыларға  көтере білу әрбір аналарымызға,  әрбірімізге азаматтық  борыш.

Пайғамбарымыз(с.ғ.с) бір Хадисинде. Жәннәттің кілті Аналармыздың аяғының астында деген екен.

Аллаһ Тағала Жастарымызды  Иманды, жүректері мейірімге толы азамат азаматша қылып, елемізге ата-аналарын қамқоршы қылсын. 

Арал аудандық орталық 

мұсылмандар мешітінің бас имамы С.Е.Рахметтегі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы