Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра және Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне өтер түнде, дүйсенбіде басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрын болған еді. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен атап өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды.

Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұха¬ммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам меші¬ті¬нен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады). Одан Миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пай¬ғам¬барлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүре¬тін періштелермен жолықты. Құдіретті Жа¬ратушымыздың түрлі белгі-аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі. Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адам¬дар¬дан тек пайғамбарларға ғана тән, таң¬ға¬жайып құбылыс. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Алланың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді. Алла тағала жеті пайғамбарға миғражды сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлар. Әрқайсысының миғражы әр түрлі болған. Соның ішінде соңғы пайғам¬бар хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) миғражы ерек¬ше өткен.

Исра және миғраж оқиғасы пайғам¬бар¬лықтың оныншы жылы, яғни ислам тарихында «қайғыға толы жыл» деп аталған кезде жүзеге асты. Сол жылы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үл¬кен ұлы Қасым шетінеді. Соңынан екінші ұлы Абдулла да қайтыс болды. Бауыр еті балаларынын арғы дүниеге көшуі Алла елшісіне (с.ғ.с.) оңайға соқпады.

Қорғаушысы әрі аяулы ағасы Әбу Тәліп пен қадірлі жары Хадиша анамыз да осы кездерде дүние салды. Бұл Мұсылмандардың кәпірлерден түрткі көріп, олардың зорлық-зобалаңы мен ауыр азабынан қиналған шақ болатын. Мұндай оқыс оқиғалар мен қайғылы қазалардан Расулулланың қабырғасы қайысты.

Дегенмен, миғраж хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз үшін Алла тағала тарапынан үлкен жұбаныш әкелді. Үміт шамын қайта жақты.

Осы түнде періште Жәбірейіл (ғ.с.) пайғам¬барымызға (с.ғ.с.): «Ей, Мұхаммед, Алла тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырды», – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (ғ.с.) Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Алла тағала қасиетті Құранда:

سُبْحَانَ الَّذِي أَسْرَى بِعَبْدِهِ لَيْلاً مِّنَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ إِلَى الْمَسْجِدِ الأَقْصَى

الَّذِي بَارَكْنَا حَوْلَهُ لِنُرِيَهُ مِنْ آيَاتِنَا إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ البَصِيرُ

«Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла тағала) бір түні Өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке – байлық – әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші»[1], – деді.

Араб тілінде «исра» сөзі түннің бір бөлігін серуендеумен өт¬кізу деген ұғымды береді. Ал шариғат тілінде пай¬ғамбарымыздың (с.ғ.с.) түннің бір сәтінде әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне барғанын білдіреді.

Үш мешіт қасиетті саналады. Олар әл-Харам ме¬шіті (Меккеде), Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ме¬шіті (Мединеде) және әл-Ақса мешіті (Иеру¬са¬лимде). Бұл мешіттердің маңайында қылмыс пен күнәлар жасау харам (тыйым салынған). Әл-харам деп аталуының да себебі осында.

Аяттағы әл-Харам мешіті деп Мекке қаласы түсініледі. Әл-Ақса мешіті кезінде Мұса (ғ.с.) мен Иса (ғ.с.) және ол екеуінің арасында өткен пайғам¬бар¬лардың (ғ.с.) қыбыласы болған. Пайғамбары¬мыз (с.ғ.с.) да Меккедегі әл-Харам мешіті қы¬была болғанға дейін Ысқақ пен Яқуб (ғ.с.) екеуі салған әл-Ақса мешітіне қарап намаз оқыған. Бұған қажылық сапарына барған бауырларымыз Мединедегі әл-Қибләтәйн (екі қыбылалы) мешітінде болғандарында көздері жетеді. «Ақса» «ұзақ, алыс, бір шеттегі» деген мағынаны біл¬діре¬ді. Ол мешіт Меккеге қарағанда алыс, шеттегі ғибадатхана болғандықтан, «әл-Ақса» деп аттанып кеткен.

Әл-Ақса мешітін Алла тағала бере¬ке¬лі мекен еткен. Ол туралы аятта: «төңі¬ре¬гі тұнған береке-байлық», – делінді. Расында да, ол мекен мүбарак етілгендігінен Алла тағала топырағын өте құнарлы, егіндерінің өнімін мол, ауа райын ғажап, суларын мөлдір әрі шипалы еткен. Сондай-ақ осы өлкеден көп пайғам¬барлар шыққан.

Исра оқиғасы түс те, рухани серуен де емес. Ол пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өңінде денесімен, әрі рухымен жасалған сапар.

Ал миғраж – биікке көтерілу, жоғарылау дегенді білдіреді. Шариғатта – пайғамбары¬мыз¬дың (с.ғ.с.) Бәйтул-Мақдис мешітінен аспан¬дағы «Сидратул-мүнтәһәға», яғни Алла тағала құ¬зырына көтерілгенін айтамыз. «Сидрат» араб¬ша¬да ағаш, ал «мүнтәһә» – соңғы деген мағына береді. Мұнын әлемнің соңғы шегі деп түсінеміз.

Миғраж түнінен кейін Жәбірейіл (ғ.с.) келіп пайғамбарымызға (с.ғ.с.) намаздардың уақыттары мен оның оқу тәртібін үйретеді. Сол күнге дейін ол Ибраһим (ғ.с.) намаз оқығандай, күніне екі рет – таң мен кешкі уақыттарында екі ракаттан төрт ракат намаз оқып жүретін.

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ұлық мұғжизасы исра және миғраж оқиғасын барлық мұсылмандар үлкен нығмет әрі құрмет деп қабылдаулары тиіс.

Әбсаттар қажы Дербісәлі

 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы