1. Естiмегені, бiлмегенi үшін діннен шыққандардың күпiрi күфри жаһлиге жатады.Жаһли күпір сауатсыздықтан туындайды,əрі екi түрлi болады: Бiрiншiсi, жай күпір. Мұндай адам өзінің жаһил (сауатсыз) екендігін біледі. Бұларда қате, бидғат сенiм деген болмайды. Яғни, жануарлар сияқты сауатсыз, қараңғы болады. Өйткенi адамды жануардан айыратын нəрсе бiлiм мен түсiнiк. Бұлар тіпті жануарлардан да төмен тұрады. Өйткені жануарлар өз жаратылыс мақсаттарына сай өмір сүргендігінен əлгі адамдардан жоғарырақ тұрады. Жаһли күпiрдiң екiншi түрi жаһлі мүрəккап. Мағынасы қате, бұрыс сенiм дегенге келеді. Грек философтары жəне мұсылмандардан жетпiс екi бидғат фирқасынан Исламда ашық білдірілген нəрселерге сенбейтіндері осы топқа жатады. Бұл күпiрлiктiң түрi бiрiншiсiнен де ауыр. Емделуі қиын ауру.
      2. Жухуди деп аталатын екінші күпірі инади немесе қырсықтық күпірі деп те айтылады.Бұл топ бiлiп тұрса да мойындамайтындардықамтиды. Бұл тəкəппарлықтан, абырой сүйгендіктен жəне атағын жоғалтудан қорқудан туындайды. Перғауын мен жолдастарының, Византия патшасы Гераклдың күпірлері осындай болған.
      3. Күпiрлiктiң үшiншi түрi - һүкми (үкім) күпiрлiк. Исламда имансыздық белгісі деп үкім етілген сөздерді айтқан, əрекеттерді істеген кісі жүрегімен сенсе де кəпір болады.

      Ислам дінінің аяқасты қылған нəрселерін құрметтеу, ал құрмет тұтқан нəрселерін аяқасты қылу күпіршілік болады. Төменде Ис-ламда айтылуы немесе істелінуі кəпірлікке себеп болатын күпір сөз жəне əрекеттер білдіріледі:

    1   «Аллаһу та’ала Арштан немесе көктен (жоғарыдан) бiзге қарап тұр» - деу. (Аллаһты мекенге байлағаны үшін)
   2   «Сен маған зұлымдық жасағаның сияқты Аллаһу та’ала да саған зұлымдық жасап жатыр» - деу. (Аллаһу та’ала ешкімге зұлымдық жасамайды.)
   3   «Бiр мұсылман мен үшiн яһуди сияқты» - деу күпiрлiк. (мұсылманды кəпірге теңестіргені үшін.)

   4   Өтiрiк сөзге «Құдай ұрсын, шын айтамын» - деп ант ішу.
   5   Перiштелердi балағаттау.
   6   Құран Кəрiмді, тіпті бiр əрпiн құрмет етпей мазақ ету, сенбеу.
   7   Музыкалық аспап тартып Құран оқу.
   8   Хақ болған Таурат жəне Iнжiлді жамандау күпiрлiк. (Қазiргi таңда дұрыс Таурат жəне тура Інжiл жоқ.)
   9   Құран Кəрiмді қасақана арапша əріптерден басқа əріптермен оқып, “Міне осы Құран болады”- деу күпiрлiк.

   10   Пайғамбарларды келемеждеу, мазақтау күпiрлiк.
   11   Құран Кəрiмде бiлдiрiлген 25 пайғамбардан (алейһимуссалам) тіпті бiрiне сенбеу күпiрлiк болады.
   12   Өте жомарт болған кісіні мақтау үшін «Пайғамбардан да жақсы» деу. (пайғамбардан жақсы тек пайғамбар болады.)
   13   «Пайғамбарлар мұқтаж болған» - деу күпiрлiк болады. Өйткенi олардың кедейлiгi өз қалауларымен едi.
   14   Бiреу өзін пайғамбармын десе, оны айтқан да, оған сен-ген де кəпiр болады.

   15   Ахыретте болатын нəрселердi келеке-мазақ ету.
   16   Қабiрдегi жəне қияметтегi азаптарға «Ақылға, ғылымға сай емес» - деп сенбеу.
   17   Жəннатта Аллаһу та’аланы көретiніне сенбеу, немесе «Маған жəннат керек емес, Аллаһ керек» - деу күпiрлiк.
   18   Исламға сенбейтіндікті бiлдiретiн сөздер «дiн үйренгенше тіл немесе техника ғылымдарын үйренген жөн» - деу, Исламды менсінбеу күпiрлiк.

   19   «Намаз оқысам да, оқымасам да еш нəрсе өзгермейді, екеуі де бiрдей» - деу күпiрлiкке себеп болады.

   20   «Зекет бермеймiн» - деу.
   21   «Пайыз (процент) халал болса екен» - деу.
   22   «Зұлымдық халал болса екен» - деу.
   23   Харамнан тапқан малын кедейлерге таратып сауап күту, керісінше кедей кiсi де берiлген ақшаның харам екендiгiн бiле тұра, бергенге хайыр дұға етуі күпiрлiк болады.
   24   «Имам Ағзам Абу Ханифаның айтқан үкiмi хақ (дұрыс) емес» деу күпiрлiк. Кейбір бұзақылар осы үшiн күпiрлiкке түседi.
   25   Танымал сүннеттердің бiреуiн ұнатпау.
   26   «Қабiрiм мен мiнберiмнiң арасы Равда-и мутаххаражəннат бақшаларынан бiр бақша»хадисiн естіген адам, «менмінбер мен қабiрден басқа еш нəрсе көріп тұрған жоқпын» десе кəпiр болып қалу қауіпі бар.
   27   Ислам ғылымдарына сенбеу, бұларды жəне дiн ғалымдарын келемеждеу (төмендету) күпiрлiк.

   28   Кəпiр болуды қалаған бiреу, бұған ниет етiсiмен кəпiр болады.
   29   Басқасының кəпiр болуын қалаған кісі, күпiрлiктi ұнатқандығы үшiн қалаған болса, өзі кəпiр болады.
   30   Кəпiрлiкке себеп болатын сөздердi бiле тұра өз қалауымен айтқан кісі кəпір болады. Бiлместен айтқан болса да ғалымдардың көпшiлiгі кəпір болады деген.
   31   Күпiрлiкке себеп болған бiр iстi бiле тұра iстеген адам кəпiр болады. Бiлместен iстесе де кəпір болады деген ғалымдар көп.
   32   Белiне зуннар деп аталатын Поптардың белдiгiн байлау жəне күпiрлiктi бiлдiретiн бiр нəрсе кию күпiрлiк болады. Саудагердiң бұл əрекеттi Ислам дəулетiнен тыс жерде iстеуi де күпiрлiк болады. Бұларды күлкі, əзіл үшін де қолдану күпірге себеп болады.
   33   Кəпiрлердiң мейрам күнiнде сол күнге тиісті нəрселердi олар сияқты қолдану, бұларды кəпiрлерге сыйға тарту күпiрлiк болады.
   34   Ақылды, бiлiмдi, əдебиетшi екенін көрсету үшiн немесе жанындағыларды таң қалдыру үшiн күлдiру, қуанту немесе мазақ ету үшін ойланбай айтылған сөздерден де куфри һукмиден қорқу керек. Ашу, ыза жəне нəпсісіне қатты берілумен айтылған сөздер де осындай.
   35   Ғайбат айтқан бiреу “мен ғайбат айтпадым, тек онда болған нəрсенi айттым” десе күпiрлiк болады.

   36   Жас кезiнде некесi қиылған қыз ақылы толып жəне балиғатқа жеткенiнде, иман, ислам жайында еш нəрсе бiлмейтiн болса жəне сұралғанда жауап бере алмаса, некелеп қойған күйеуiмен некесі бұзылады, өзi мүртəд болады. Еркектiң жағдайында да дəл осылай болады.
   37   Бiр мұсылманды кiнəсiз өлтiрген немесе өлтiрiлуiн əмiр еткен адамға “дұрыс iстедiң” деу де күпiрлiк болады.

   38   Өлтірілуі уəжiп болмаған бiреудi “өлтiрiлуi уəжіп” деу де күпірлік.
   39   Бiреудi еш кiнəсiз ұрып-соққан немесе өлтiрген залымға “дұрыс iстедiң” деу де күпiрлiк.
   40   Өтiрiктен “сенi өз баламнан да артық сүйетінімді Аллаһу та’ала бiледi” деу күпiрлiк болады.
   41   Мəртебеге ие бiр мұсылман түшкiргенде оған ярхамукаллаһ деген кісіге, “абыройлы, үлкен кiсiлерге олай демейді” деу күпірлік.
   42   Ислам үкiмдерiнің міндет екендігіне сенбей, мəн бермей намаз оқымау, ораза ұстамау, зекет бермеу күпiрлiк болады.

   43   Аллаһтың рахметінен үмiтiн үзу күпірлік.
   44   Негізі харам болмай кейiннен шыққан бiр себептерге байланысты харам болған мүлікке, ақшаға харамун ли ғайриһи делiнедi. Ұрланған жəне харам жолдармен келген мүлік осылай болады. Бұларға халал деу күпiрлiк болмайды.
 Өлексе, доңыз, шарап сияқты негізі харам болған нəрселерге харамун ли айниһи делiнедi.Бұларға халал деу күпiрлiк болады.
   45  Харам болғандығы белгiлi болған барлық нəрселерге ха-лал деу күпiрлiк болады.
   46   Азан, мешiт, фиқһ кiтаптары сияқты исламның құрмет көрсеткен нəрселерiн айыптау да күпiрлiк болады.
   47   Дəретсiз болғанын бiліп тұрып қасақана намаз оқу күпiрлiк болады.
   48   Бiле тұрып қасақана қыбладан басқа жаққа қарап намаз оқыған, “Намазды қыблаға қарап оқу шарт емес” - деген адам кəпiр болады.
   49   Бiр мұсылманды жамандау үшiн оған кəпiр деу күпiр болмайды. Кəпiр болуын қалап айту күпiрлiк болады.

   50   Күнə екеніне мəн берместен күнə iстеу.
   51   Ғибадат жасаудың шарт екеніне жəне күнəдан сақтанудың керек екендігіне сенбеу.

   52   Жиналған салықтар əкiмнiң (сұлтанның) мүлкi болады деп сену.
   53   Кəпiрлердiң дiни əдет-ғұрыптарын ұнату, қажет болмаған жағдайда беліне зуннар байлау, күпiр белгiлерiн қолдану жəне бұларға сүйiспеншiлiк етiп құрмет көрсету күпiрлiк болады.
   54   Өз еркiмен «пəлен зат пəлен кiсiде бар немесе пəлен кісіде жоқ. Өтірік айтсам кəпiр, яһуди болып кетейін» деп ант ішкен кiсi күпiрлiк еткен болады.
   55   Зина, гомосексуализм (еркек пен еркек арасындағы жыныстық қатынас), процент, өтiрiк айту сияқты əр дiнде харам болған нəрсенi “халал болса ғой” деп армандау күпірлік.
   56   “Пайғамбарларға (алейһимуссалам) сенемiн, бiрақ Адам алейһиссалам пайғамбар ма бiлмеймiн” - деу күпірлік.
   57   Мұхаммед алейһиссаламның соңғы пайғамбар екенін бiлмеген кісі кəпiр болады.
   58   Бiр адам: “Егер пайғамбарлардың айтқаны дұрыс бол-са, онда бiз құтылдық” - деп айтса күпiрлiк болады. (өйткені бұл пайғамбарларға күмəн келтіру болып саналады)
   59   Бiр адамға “кел, намаз оқы” десе, ол “оқымаймын” десе кəпiр болады. Бiрақ мақсаты “сен айтқаның үшін емес, Аллаһу та’аланың əмiрi болғаны үшін оқимын” десе кəпiр болмайды.
   60   Бiр адамға: “Сақалың бiр тұтамнан қысқа немесе ұзын болмасын, тырнақтарыңды алып жүр, өйткенi Расулуллаһтың сүннеті”- десе, ол: “Жоқ”- десе кəпiр болады. Басқа сүнеттер де осылай болады. “Сенiң айтқаның үшін емес, Расулуллаһтың сүннетi болғаны үшiн iстеймiн”- деу күпiр болмайды. Мойындамау мақсатымен болса ғана күпiрлiк болады.
   61   Бiр адам сүннет болсын деп мұртын қысқартқанда, басқа бiреу “неге кестiң, түкке жарамады” деуi күпiрлiкке алып барады. (Өйткенi сүннеттi менсiнбеген жеңіл көрген болады.)
   62   Бiр ер кiсi басынан аяғына дейiн жiбек киiп, басқа бiреу оған “құтты болсын” десе күпiрлiкке алып барады. Өйткені жібек еркектерге харам.
   63   Бiр адам қыблаға аяқ созып жату немесе қыблаға қарап түкіру, қыблаға қарап дəрет бұзу сияқты мəкрух жасаса, оған бұл iс-əрекеттiң мəкрух болғанын ескерткенімен əрi қарай жалғастырса мəкрух нəрседен сақтанбағаны, менсінбегені үшiн күпiрлiкке түсуi мүмкiн.
   64   Үйдегi қызметшi өз қожайынына мұсылман сəлемін бергенiнде, басқа бiреу оған: “Доғар! Қожайынына да сəлем бере мекен?” - деп қарсы шықса, кəпiр болады. Мақсаты əдепті үйрету бол-са, сəлемді көңілмен (жүрекпен) беру керек екендігін білдіру болса күпірлік болмайды.
   65   Иман артады, кемидi деп айтуға болмайды. Бірақ иманның көркемдігі жағынан айтылса күпір болмайды.
   66  “Қыбла екеу, бiрi – Қағба, екiншiсi – Құддус (Иеруса-лим)”- деу күпiрге себеп болады. Ал бiрақ: “Бұрын қыбла Құддус едi, кейiн Қағбаға ауысты” десе күпiрлiкке жатпайды.
   67   Егерде бiреу себепсiз Ислам ғұламасына дұшпандық етсе, оны балағаттайтын болса, бұл iс-əрекетi оны күпiрлiкке алып барады.
   68   Егерде бiреу: “Тамақ iшкенде сөйлемей отыру мажусилердiң жақсы əдетi еді” яки “хайз жəне нифасты əйелмен жатпау мажусилердiң жақсы əдеттерiнен” - десе кəпiр болады делінген.
   69   Бiреуден “Мұсылмансың ба?” деп сұралғанда, “Иншаллаһ
 -   Құдай қаласа” - деп жауап беріп, мұны ашықтап түсіндіре алмаса күпiрлік болады.
   70   ерзенті қаза тапқан адамға көңіл айту мақсатымен “Сенiң балаң Құдайға керек болғаны ғой.”- десе күпiрлiк болады делінген.
   71   Беліне жіп байлап алған кісіге «Мынауың не?» дегенде, «Не болушы еді, зуннар (поптардың белдеріне байлайтын арқан-жіп) ғой» десе, сөзсіз кəпір болады.
   72   Харам нəрсе жер алдында Бисмиллаһ десе күпiрлiк ет-кен болады. Харамун ли айниһи үшін, яғни өлексе, шарап, доңыз еті сияқты харамдар үшін айтылған. Харамун ли ғайриһи үшін бұлай емес. Зұлыммен тартып алынған мал – мүлікті Бисмиллаһ деп жеу күпір болмайды. Өйткені мүліктің өзі харам емес, зұлымдықпен алынуы харам.
   73   Бiр адамның күпiрлiгiне разы болу күпiрлiк болады. Бiр кiсiнi қарғап, “Аллаһ жаныңды кəпiр қылып алсын” деп айтса оның кəпiр болуында ғалымдар арасында пiкiр айырмашылығы бар. Бiреудiң күпiрлiгiне разы болу күпiрлiк болады. Бiрақ зұлымдығы мен бұзықтығы үшiн азабы мəңгі жəне өте қатты болсын деген ни-етпен айтқан болса, күпiр болмайды.
   74   Бiр кiсi “Аллаһу та’ала куə, пəлен жұмысты мен iстегенiм жоқ” десе, өзі керiсiнше сол жұмысты iстегенiн бiлсе кəпiр болады.
   75   Бiр кiсi бiр əйелмен куəсiз некелессе ол кiсi жəне əйел, “Аллаһу та’ала жəне пайғамбар куə” - деп айтса екеуi де кəпiр бо-лады. Өйткенi Пайғамбарымыз тiрi кезiнде ғайыпты бiлмейтiн едi.
Ғайыпты бiледі деу күпiрлiкке жатады. (ғайыпты тек Аллаһу та’ала бiледi жəне оның бiлдiргендерi бiледi)
   76   “Мен ұрланғандарды жəне ғайыпты бiлемiн” - деп айтқан мен оған сенген кiсi кəпiр болады. “Маған жындар хабар бередi” - деп айтса да кəпiр болады. Пайғамбарлар да жынмен айналысатын-дар да ғайыпты білмейді. (Ғайыпты тек Аллаһу та’ала жəне оның бiлдiргендерi бiледi).
 
   77   Бiр кiсi Аллаһтың атымен ант етпекші болғанда, басқа бiреу де “Аллаһтың атын қой, намысың, некең немесе абыройың атына ант етуiңдi қалаймын” - деп айтса, бұның кəпiр болатынын ғалымдар атап кеткен.
 
   78   Бiр кiсi жақсы көрмейтiн адамына: «Сенiң бетіңе қарау мен үшін жан алушы перiштеге қарағандай»- деп айтса бұның да күпiрлiкке апарып соғатыны айтылған. Өйткенi жан алушы перiште Əзірейіл алейһиссалам - ұлы перiште.
   79   Бiр кiсi: “Намаз оқымаған қандай рахат” - десе күпiрлiк еткен болады. Бiр кiсi намазға шақырылғанда жауап ретiнде “Қойыңдаршы, намаздан басқа нəрсе жоқ па?” - дегендей сөздер айтса кəпiр болады.
   80   Бiр кiсi: “Аллаһу та’ала аспанда менiң куəм” - десе кəпiр болады. Өйткенi Аллаһу та’аланы белгiлi бiр мекенде деп сипаттаған болады. Ал Аллаһу та’аланың еш қандай мекенге мұқтаждығы жоқ.
   81   Аллаһу та’алаға əке, ата, баба деп айтқан адам кəпiр болады.
   82   Бiр кiсi: “Пайғамбарымыз тамақ жегеннен кейiн мүбəрəк саусақтарын жалайтын едi” - дегенде, басқа бiр кiсi: “бұл əдепсiздiк қой” - деп қарсы шықса кəпiр болады.
   83   Бiр кiсi Пайғамбарымыз қара нəсілді болған деп айтса кəпiр болады. (Қара нəсілділерді араб деп шақыру қазіргі таңда кеңiнен тараған. Бұндай нəрселерді айтпау керек.)
   84   «Рызық Аллаһу та’аладан, бiрақ құлдан да əрекет керек» - деп айтса бұл сөз ширк болады. Өйткенi құлдың əрекетi де Аллаһу та’аладан.
   85   Бiр кiсi: “Христиан болу яһуди болудан, американың кəпiрi болу коммунист болудан жақсы”- деп айтса кəпiр болады. Өйткені кəпірлікті жақсы деуге болмайды. Олар бір-бірімен салыстырылғанда пəлен кəпір пəлен кəпірден жаман деу керек.
   86  “Қиянат жасағаннан кəпір болған дұрыс қой”- деу де иманға əсер етеді.

   87   “Ғылым дəрісінде не жұмысым бар” деп, яки “Ғалымдардың айтқанын орындауға кiмнiң күшi жетедi” деп айтса, немесе фəтуаны мойындамаса жəне “имамның сөзi неге жарайды” - деп айтса, кəпiр болады.
   88   Бiр кiсi күпiрге себеп болатын сөз айтса, басқа бiреуі оны қоштап күлсе, айтқан да күлген де кəпiр болады. Күлуге мəжбүр бол-са кəпiр болмайды.
   89   Бiр кiсi: “Əулиенің рухтары əрқашан һазыр, олар бiледi” деп айтса кəпiр болады. “Һазыр болады” - деп айтса күпiр болмайды. (Əулиенің рухтары, Аллаһу та’ала сияқты һазыр-назыр /дайын жəне көріп тұра алмайды/ бола алмайды. Тек еске алынған жерде ғана дайын болады. Еске алынғанға дейін ол жерде жоқ еді.)

   90   “Исламды бiлмеймiн, білгім де келмейді” - деу.
   91   Бiр кiсi: “Адам алейһиссалам бидай жемегенде бiз тозақи болмайтын едiк” - десе кəпiр болады, бiрақ “бiз дүниеде болмайтын едiк” - деп айтса, бұның күпiрлiгiнде ықтималдық бар.
 
   92   Бiр кiсi: “Адам алейһиссалам мата тоқитын едi” деп айтса, мұны естіген адам “онда бiз тоқымашының баласы екенбіз ғой” деп мазақ қылса кəпiр болады.
   93   Бiр кiсi кішкентай күнə iстесе, бiреу оған “тəубе ет” деп айт-са, ол “мен тəубе ететiндей соншалықты не iстедiм” деп айтса, кəпiр болады.
   94   Бiр кісі басқаға: “Кел Ислам ғалымына барайық” немесе “Фиқһ, илмихал кітаптарын оқып үйренейiк” деп айтса, ол: “Мен бiлiмдi не iстеймiн” - деп айтса кəпiр болады. Өйткенi бiлiмдi менсiнбеу болады.
   95   Тəпсiр жəне фиқһ кiтаптарын балағаттаған, бұларды ұнатпаған, жамандаған кiсi кəпiр болады.
   96   “Кiмнiң ұрпағысың, ұлтың не, қай сенiмде жəне мазһаб имамың кiм?” деген сұраққа, “Бiлмеймiн” - деп жауап берсе кəпiр болады.
   97   Анық харамға халал деп айтқан адам кəпiр болады. (Темекiге харам деп айту қауiптi).
   98   Барлық дiндерде харам болған, хикметке терiс болған бiр нəрсенiң халал болуын армандау күпiрлiк болады. Зина, ливата (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы), өсiм алып–беру сияқты. Спиртті ішiмдiктiң халал болуын қалау күпiрлiк емес, өйткені барлық дінде арам етілмеген.
 
   99   Қасиеттi Құран Кəрiмдi бос əңгiмелер арасында қолдану жəне əзіл ету күпiрлiк болады.

   100 Құран Кəрімді мазақ ету, музыка, ойын, өлең арасында Құран Кəрім оқу да күпірлікке жатады.

   101 Бiр нəрсенi көргенде «Мəхалақаллаһ» деп айтса мағынасын бiлмейтiн болса кəпiр болады.

   102 “Мен сенi қазiр боқтамаймын, балағаттаудың атын күнə деп қойған” деу жаман болады.

   103 Бiрi кiсi біреуді жамандау үшін “Əзірейіл” деп айтса перiштенi мазақтаған болады.

   104  Ұлымның басы үшiн немесе өзiмнiң басым үшiн сөздеріне биллəһи сөзін қосып, мысалға, “уаллаһи ұлымның басы үшiн” - деп ант етсе, күпiр болады.

   105 Құран Кəрімдi, мəуліттi жəне илаһи өлеңдердi музыка тартқан кезде оқу немесе музыкалық аспаптармен оқу күпiр бола-ды.

   106 Құран Кəрімдi, мəуліттi жəне илаһи өлеңдердi, салауат шəрiфтердi, харам істелінетін жиындарда құрметпен оқу харам бо-лады. Ойын, күлкi, көңіл көтеру үшiн оқу күпiр болады.

   107 Сүннетке сай оқылған азан-ул-Мухаммадинi (азан) тыңдамай оған мəн бермейтiн болса, кəпiр болады.

   108 Құран Кəрімге өз ақылымен мағына берген адам кəпiр болады.

   109 Құран Кəрім жəне пайғамбардың хадисiнде ашық түрде бiлдiрiлген жəне мужтаһид имамдардың ауызбірлігімен бiлдiрген жəне мұсылмандар арасында белгілі болған иман негiздерiне сай сенбеген адам кəпiр болады. Күпірдің бұл түріне Илхад, осылай сен-гендерге Мүлхид делінеді.

  110  Кəпiрге құрметпен сəлем берген кəпiр болады.

  111 Кəпiрге құрмет бiлдiретiн бiр сөз айту, мысалға ұстазым деп айту күпiр болады.

  112  Басқа бiреудiң күпiрiне разы болу күпір болады.

  113 Құран Кəрім жазылған ленталар жəне дисктар да Құран Кəрім сияқты қасиеттi. Бұларға құрметсiздiк жасау да күпiр болады.

  114 Жындармен айналысатын балгерлер мен жұлдызнамаға қарап сұралған əр нəрсеге жауап бергендерге жəне сиқыршыларға барып, айтқандарына, iстегендерiне сену кейде дұрыс шықса да, Аллаһу та’аладан басқасының барлық нəрсенi бiлгендiгiне жəне барлық қалаған нəрсесiн iстейтiндiгiне сену күпiр болады. (Техноло-гия ғылымдарына сену бұлай емес).

  115  Сүннеттi менсiнбеу, мəн бермей тəрк ету күпiр болады.

  116 Зуннар дейтiн поптың белбеуін байлау жəне пұттарға, яғни крест, иконаларға, мүсіндерге жəне бұлардың суреттерiне сыйыну, құрмет ету жəне Ислам үкімдерін білдірген дін кiтаптарының бiреуiн аяқасты ету, ислам ғалымдарын мазақ ету, күпiрге себеп болатын сөз айту, құрмет етуіміз əмiр етiлген бiр нəрсені аяқ асты ету күпiр бо-лады.

  117 Бiр сиқыршы сиқырымен қалаған нəрсесiн əлбетте жасай-ды, сиқыр мiндеттi түрде əсер етедi деп айтқан жəне сенген адам кəпiр болады.

  118 Мұсылман адам өзiне кəпiр дегенге, «Иə, рахмет» деген сияқты қабылдайтын жауап беретiн болса, ол да кəпiр болады.

  119 Харам болғаны белгiлi бiр мал-мүлiкпен мешiт салу жəне садақа беру, басқа да жақсылықтар жасап бұлардың нəтижесiнде сауап күту күпiрлiк болады.

  120 Бiр кiсi қолындағы харам екендiгi анық болған мал-мүлiктен садақа берсе жəне одан сауап күтсе, алған кедей харамнан болғандығын бiле тұра бергенге “Аллаһ разы болсын” деп айтса, берген кісі немесе басқа бiреу “əумин” деп айтса барлығы кəпiр бо-лады.

  121 Некелесуi харам болған əйелмен үйленуге халал деген кəпiр болады.

  122 Шарапханаларда, ойынханаларда, күнə iстелетін жиындар-да радиомен, микрафонмен Құран Кəрім жəне мəуліт тыңдай отырып рахаттану күпірлік болады.

  123 Құран Кəрімдi музыка ойнап тұрып оқу күпiрлiк болады.

  124 Радиодан немесе микрофоннан оқылып жатқан Құран Кəрiмге құрметсiздiк жасау күпiрлiк болады.

  125  Аллаһу та’аладан басқасына не мақсатпен болсын, жарату-шы деп айту күпiрлік болады.

  126 Абдулқадыр деп айтудың орнына Абдулқойдыр деп айту күпiр болады. Абдулазиз орнына Абдулузейз, Мұхаммед орнына Мамбет, Ибрахим орнына Ибо деп айту да күпір болады. Бұл аттар-ды аяқ киiмге жазғандардың жəне оның үстiне басқандардың иман-дары кетуi мүмкiн.

  127 Дəретсiз болғандығын бiле тұра намаз оқу немесе сүннет болған бiр iстi ұнатпау күпiр болады. Сүннетке мəн бермеу күпiр бо-лады.

  128 Надандардың “Басқа адамдардың əулиенi жаратушы деп ойлауларынан қорыққандығымыз үшiн кесенелердi бұзып жатыр-мыз” - деген сөздерi күпiр болады.

129 Басқаның, əсiресе өз баласының кəпiр болуына себеп болған кісі кəпiр болады.

130. “Зинаға, ливатаға дінімізде рұқсат етілген” деу күпiрлік.

131. Аят - хадиспен жəне ижмамен бiлдiрiлген харамға мəн бер-меу күпiр болады.

132. Үлкен күнəларды iстеуді жалғастыру күпiрге алып барады. Намазға мəн бермеу күпiр болады.

133. Үстiнде Ислам əрпімен жазылған қағазды, орамалды, жай-намазды жерге тастау (қорлау үшiн жерге жаю немесе пайдалану) күпiр болады.

134 “Əбу Бəкiр Сыддық пен Омар Фаруқтың (радыяллаһу анһум) халифалыққа ақылары жоқ едi”- деп айту күпiр болады.
135 Аллаһу та’аладан басқа өлген адамнан бiр нəрсе сұрау күпiр болады.
136 Аллаһу та’алаға “Жомарт Ата”- деп айту өте жағымсыз жəне күпiрге себеп болады.
137 Өлiктi топыраққа жерлеу парыз болғаны үшiн бұл парызға мəн бермей қызметтен қашқанның жəне ғылымды, технологияны сылтау етiп “Өлiктердi көму артта қалғандықтың белгісі, будда, брах-ман, коммунистер сияқты өлiктердi өртеу көмуден гөрi тиімдірек” - деген адамның иманы кетедi, мүртəд болады .
138 Аллаһу та’аланың тірі немесе қайтыс болған əулиелеріне тіл тигізу күпiрлік болады.
139 Əулиеге немесе iлiмiмен амал ететiндерге дұшпан болу күпiр болады.
140. Əулиелерде исмет (күнəсiз болу) сипаты бар деп айту күпiр болады. (Исмет сипаты тек пайғамбарларда ғана болады).
141. Батын (көрінбейтін ішкі жан-дүние, көңіл, рух) ғылымынан нəсібі болмағанның имансыз кетуінен қорқу керек. Бұдан нəсіп алудың ең төмені бұл ғылымға сену.
142 Құран Кəрімдi дiн ғұламалары көрсеткендей оқымау, мағынасы бұзылмаса да күпiр болады.
143. Поптардың жəне басқа дін өкілдерінің ғибадаттарына тиiстi болған нəрсесін пайдалану күпiр болады.
144.Əлемнің өздігінен пайда болғанына сену жəне жануарлардың бір жасушадан көп жасушалыға, осылайша адамға айналуына сену күпiр болады.
145 Намазды бiле тұра оқымастан қаза етудi ойламаған, бұл үшiн азапталатынына қорықпаған адам ханафи мазһабында кəпiр болады.

146 Кəпiрлердiң ғибадаттарын, ғибадат ретінде орындау, мыса-лы, шiркеулерде қолданылған орган сияқты музыка аспаптарын жəне қоңырауларды мешiттерде шалу жəне Исламның кəпiрлiк белгiсi санаған нəрселердi мəжбүр болмаған кезде пайдалану күпiр болады.

 147 Сахабаларды боқтағанға мүлхид деп айтылады. Мүлхид кəпiр болады.

 148 Кəпiрлердiң суреттерiн биiк жерге қойып құрмет көрсету күпiр болады.

 149 Суретте, мүсiнде жəне крестте немесе жұлдыз, күн, сиыр сияқты кез келген бiр нəрсенің құдайлық (ғибадат ететiн) сипаты болғандығына сенiп, мысалы, қалағанын жаратады, əрi қалағанын iстейдi, ауруға шипа бередi деп құрмет ету күпiрлік болады.

 150 Хазреті Айшаны жеңіл жүрісті деп жала жапқан жəне əкесiнің сахаба болғандығына сенбегендер кəпiр болады.

 151 Иса (алейһиссаламның) көктен түсетiндiгi анық. Бұған сен-беген кəпiр болады.

 152. Құран Кəрім жəне хадис шəрифте жəннат пен сүйiншiленген он кiсiге кəпiр деп айту күпiр болады.

 153. Технологияның, тəжірибенің тысында болған, олармен бай-ланысы болмаған аяттарды технологияға сəйкестендiру, бұрмалау, Сəлəф-ус-салихин деп аталатын (4 мазһабтың имамдары да арала-рында болған) алғашқы үш ұрпақтың тəфсирлерiн ауыстырып, басқа мағынаға бұрмалау үлкен күнə болады. Осылай аударғандар иманын жоғалтуы мүмкін.

 154 Мұсылман деп айтылған қыз бала балиғат жасқа толғанда мұсылмандықты бiлмейтiн болса, кəпiр болады. Еркек те осы сияқты.

 155 Мұсылман əйелдiң басы, қолдары жəне аяқтары ашық көшеге шығуы, еркектерге көрсетуi харам, күнə болады. Бұған мəн бермесе иманы кетіп, кəпір болады.

  156 Пайғамбарымыз алейһиссалам бiлдiрген парыз жəне ха-рамдар да, Құран Кəрімде ашық бiлдiрiлген парыздар, харамдар сияқты маңызды. Бұларға да сенбеген, қабылдамаған адамдар дiннен шығады.

  157 Рүкудегі тəсбихте (Зы) əрпімен (азым) деп айту, «Раббым үлкен» деген мағынаны береді. Егер жiңiшке (Зе) əрпімен (азим) деп айтылса, (Раббым менiң дұшпаным) деген болады жəне намазы бұзылады. Мағына бұзылғандығы үшiн күпiрге де себеп болады.

   158 Құран Кəрімдi өлең сияқты созып, мағынасын бұзып оқыған қариға “қандай тамаша оқыдың” деп айтқан кiсiнiң иманы кетедi. Тек “дауысы тамаша” деп айтқысы келген адам кəпiр болмай-ды. Төрт мазһабта харам болған бiр нəрсеге, “тамаша, жақсы” деген адам кəпiр болады.

   159 Перiштелердiң немесе жындардың бар болғанына сенбе-гендер кəпiр болады.

   160. Құран Кəрім аяттарына ашық, мəшһүр мағыналар беріледі. Бұл мағыналарды ауыстырып, батынилерге (исмаили) ұқсағандар кəпiр болады.

   161. Сиқыр iстегенде күпiрге себеп болған сөз немесе iс-əрекет болса күпiр болады.

   162. Мұсылманға «ей, кəпiр» деген немесе мұсылманға «ей ма-сон» немесе «коммунист» деген кісі оны кəпiр деп сенетiн болса, өзi кəпiр болады. Өйткені, бұл сөздердің мағынасы кəпір дегенді білдіреді.

   163.Ғибадаттардыiстеген кiсi, иманының бұзылуына күмəнданса жəне «күнəм көп, ғибадаттарым менi құтқармайды» деп ойласа, иманның күштi болғандығынан. Иманының жалғасатындығына күмəнданғандар кəпiр болады.

   164. Пайғамбарлардың анық санын айту, жай адамды пайғамбар қатарына қосып қою немесе хақ пайғамбарды жоққа шығартуға се-беп болатындығынан күпiр болады. Өйткенi пайғамбардың бiреуiн мойындамау бəрін мойындамаумен бірдей. Ғұламалар жүз жиырма төрт мыңға жақын деп білдірген.

    Ер немесе əйел адам мұсылман ғалымдарының бiр ауыздан күпiрге себеп болатынын білдірген бiр сөздiң немесе iстiң күпiрге себеп болғанын бiле тұра, əдейі қорқытпастан, өз қалауымен шын немесе қалжыңдап күлдiру үшiн айтса, мағынасын түсiнбесе де има-ны кетедi. Мүртəд болады. Бұны Куфри инади деп айтады. Куфри инадимен мүртəд болғанның алдынғы ғибадаттарының сауаптары жойылады. Тəубе етсе де сауаптары қайта келмейді. Бай болса, қайта қажылыққа баруы керек. Мүртəд болған кездегі оқыған намаздары, оразалары, зекеттерi қаза етiлмейдi. Мүртəд болғаннан бұрынғы оқымағандарын қаза етедi. Тəубе ету үшiн тек қана кəлима шаһадат айту жеткiлiктi емес. Күпiрге себеп болған сол ісіне/сөзіне де тəубе етулерi керек. Исламда қай есіктен шыққан болса, сол есіктен қайта кіруі керек. Егерде күпiрге себеп болатынын бiлмей айтса, iстесе не-месе күпiрге себеп болатынын ғалымдар бір ауыздан білдірмеген бiр сөздi əдейі айтатын болса иманның кетуi, некесiнiң бұзылуы күмəндi болып қалады. Əр ықтималға қарсы жаңадан иман етуi жəне некелесуі жақсы болады. Бiлместен айту күфр-и жаһлиболады. Бiлмегенi үзiр емес (кешірімді емес), үлкен күнə болады. Өйткенi əрбiр мұсылманға бiлуi керек болған нəрселердi үйренуi парыз. Күпiрге себеп болған сөздi қателесiп, жаңылысып немесе бір дəлелге сүйеніп айтқанның иманы жəне некесi бұзылмайды. Бiрақ тəубе етiп иманын жаңалауы жақсы болады.

   Бiр кəпiр кəлимаи тауһид айтумен мүмин болғаны сияқты, бiр мүмин де қауіпті бiр сөз айтумен кəпiр болады.

   Мұсылманның бiр сөзiнде немесе iсiнде жүз мағына болатын болса, яғни жүз нəрсе түсіндірілсе бұлардан бiреуi ол кiсiнiң иман-ды екендiгiн, тоқсан тоғызы кəпiр екендiгiн бiлдiрсе ол кiсiнiң мұсылман екендiгiн айту керек. Яғни күпiрлiктi бiлдiрген сипаттарға қаралмайды. Иманды бiлдiрген мағынаға қаралады. Бұл сөздi қате түсiнбеу керек. Бұл мəселеде екi нəрсеге мəн беру керек. Біріншісі, бұл сөздің немесе iстің иесi мұсылман болу керек. Бiр француз Құран Кəрiмдi мақтаса, бiр ағылшын Аллаһ бiр дейтiн болса бұларға “мұсылман екен” деп айтылмайды. Екіншісі, бір сөзінің немесе бір iсінің жүз мағынасынан бірі иманды көрсетседелінді.Əйтпесе, кісінің бір ісі иманды екенін басқа ісі күпірлігін көрсетіп тұрса, оған мұсылман деп айтылмайды.

   Əрбiр мұсылман таңертең жəне кешке мына иман дұғасын оқуы керек: «Аллаһумма инни аузу бикə мин əн ушрикə бикə шəйəн. Уə əнə аълəму уа əстəғфирукə лимə лə-аъламу иннəкə əнтə алламул ғуюб».

«Аллаһуммəинни уридуəн ужəддидəл иманəуəнникаһəтəждидəн биқаули лə илаһə иллəллаһ Мухаммадун расулуллаһ» дей отыра тəубе, иман жəне некесiн жаңалауы керек.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы