Нəжістен таһарат - денені, киiмді жəне намаз оқитын жерді нəжiстен тазалау. Орамал, тақия, сəлде жəне мəсі де киім. Мойынға оралған шарф секілді матаның асылып тұрған ұшы намазханмен бірге əрекет етіп тұрғаны үшін киiм есебiнде болып, егер сол жер-де нəжiс болса, намаз қабыл болмайды. Төселген нəрсенiң үстiнде намаз оқығанда, аяқ басқан жəне сəжде еткен жерi таза болса, на-маз қабыл болады. Жан-жағы лас болса, намазға кедергi болмайды. Өйткені төселген нəрсе шарф сияқты денемен бірге əрекет етпейді. Бiрақ жабық шишаның iшiнде зəрін алып жүретін аурулардың нама-зы жаиз болмайды. Өйткенi шиша зəр пайда болатын жер емес. (Бұл үкімнен қалтасында одеколон, спирт, йод шишасы немесе жабық ыдыста қан не нəжіс тиген орамал, мақта бар адамның намазы дұрыс болмайтыны белгілі болады.) Намаздың дұрыс болуы үшін жайна-маз ретінде пайдаланып жатқан нəрсенің кемінде екi аяқ басатын жəне сəжде ететiн жері таза болуы керек. Нəжiстiң үстiне мата, айна, кленка жауып намаз оқуға болады. Сəжде уақытында киімнің етегі, не балақтары жердегі қурап қалған нəжiске тисе, намазға зияны бол-майды. 

Терiде, киiмде, намаз оқитын жерде ауыр нəжiс дирхам мөлшерiндей немесе одан аз болса,намаз қабыл болады. Дирхам мөлшерiне тең болса,тахриман мəкрух болып,жуу уəжiп.Дирхам-нан көп болса, жуу парыз, аз болса, сүннет болады. Алкогольдің бiр тамшысының өзін жуу парыз. Екi имам Əбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтiң жəне де басқа үш мазһабтың үкімі бойынша ауыр нəжiс нүктедей аз болса да жуу парыз. Бұл мөлшер нəжiстiң киім, дене немесе жайнамазға тиген кездегі емес, намазға тұрған кездегi, яғни жайылған кездегі көлемі бойынша есептеледі. 

Дирхам мөлшері –қатқан нəжістерде1мисқал,яғни4гр80сантиграм салмаққа; ал суық нəжістерде ашық алақанда ақпай тұрып қалатын судың көлеміне тең. 1 мисқалдан аз болған қатқан нəжіс киімнің алақан шұқырынан кеңірек алаңына жайылған болса, намазға зияны болмайды. Нəжiстiң екi түрi бар: 

1- Ауыр нəжiс: Адамнан шыққанда дəретті немесе ғұсылдыбұзатын; (жарқанаттан басқа) етi желiнбейтiн; жануарлардың сы-лынып алынған жəне иленбеген терiсi, етi, тезегi жəне сiдiгi; адам жəне бүкiл жануарлардың қаны, өлексе, доңыз етi; үй құстары мен үй жануарларының тезегі ғализ, яғни ауыр болып есептеледi.

2- Жеңіл нəжіс: Етiхалал төрт аяқты жануарлардың сiдiгiжəнеетi харам құстардың тезегі жеңiл нəжіс болып есептеледi. Көгершiн, торғай жəне сол сияқты етi халал құстардың тезегі таза. Жеңіл нəжістер денеге немесе киімнің бір жеріне тигенде киімнің немесе мүшенің төрттен бірінен аз болса, намазға зияны болмайды.

Шараптың сұйығын ажырату арқылы алынатын раки немесе спирт ауыр нəжіске жатады, əрі шарап сияқты харам болады. Намаз оқымай тұрып қан, спирт, алкоголь араласқан iшiмдiктердi денеден жəне теріден жуып тазалау керек. Бұлардың спиртi ұшып кетсе де таза болмайды. Ішінде осы сияқты нəрселер болған ыдыстарды на-маз алдында қалтадан шығарып қою керек. 

Нəжiстер кез келген таза сумен тазаланады. Дəрет жəне ғұсылда қолданылған суға мұстамал су делінедi. Бұл су таза болса да хаде-стен таһаратқа жарамсыз. Яғни бұл сумен нəжiс тазаланады, бiрақ дəрет жəне ғұсыл алынбайды. 

ИСТИНЖА:Алдынан жəне артынан шыққан нəжiстiтазалау истинжа делінеді.Истинжа,яғни іш дəрет сүннетiмүəккəдə.Яғнидəретханада дəрет сындырған соң, еркек немесе əйелдiң тас, кесек немесе сумен алды-артын тазалауы сүннет. Бiрақ басқалардың ал-дында əурет жерiн ашпай истинжа ете алмаса, нəжiс көп болса да іш дəрет алмайды. Намазын солай оқиды. Əурет жерiн ашса фасық - күнəһар болады. Жалғыз қалғанда сумен истинжа етiп əлгі нама-зын қайтадан оқиды. Өйткенi, бір əмiрдi орындау харам істестеуіне себеп нбайдынып қою керек.рі ішілуі де шарап сияқты харам бола-ды.нде уіне себеп болса, харамды жасамау үшiн ол əмiрдi (кейінге қалдырады немесе) істемейді. 

Сүйек, тағам, тезек, қыш, шишаның майдасы, көмiр, жануардың жемi жəне де өзгенің затымен, мұхтарам яғни қадірлі заттармен ис-тинжа ету тахримəн мəкрух. Аяқ астында сiдiк жиналатын жерде ғұсыл алу жаиз емес. Бiрақ сiдiк ағып кетiп жиналмайтын болса, жаиз болады. Истинжада қолданылған суды киiмге шашыратпау керек. Сондықтан истинжаны əурет жерiн ашып, ешкім жоқ жерде жасау керек. Кранның басында қолын іш киімінің ішіне салып, уысындағы сумен зəр тиген жерін жуу истинжа болмайды. Керісінше уысындағы судың барлығы нəжіс болып, киімдегі су тиген жерлерді де нəжіс қылады. Су тиген жерлердің барлығын қосқанда алақан шұңқыры алаңынан көп болса, намаз қабыл болмайды. 

ИСТИБРА:Еркектердiң жүрiп,жөтелiп немесе сол жағына жа-тып истибра етуi, яғни сiдiк жолдарындағы тамшыларды шығарулары уəжiп. Сiдiк жолдарында сiдiк тамшылары қалмағанына қанағат етпейiнше дəрет алмау керек. Бiр тамшы тамса дəрет бұзылады, əрi киiм кiр болады. Киiмге алақан шұңқырынан аз мөлшерде зəр там-са, дəрет алып оқыған намаз мəкрух болады. Егер көп тамса, намаз қабыл болмайды. Истибрада қиналғандар арпадай мақтаны сiдiк шығатын тесікке кіргізіп қояды, аққан сiдiк тамшысын мақта бойы-на сіңіріп сыртқа шығармайды. Тек мақтаның ұшы сыртта қалмау керек.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы