Намазды Қағбаға қарап оқу. Қасиеттi Мекке қаласында орналасқан Қағба ғимаратының бағытын Қыбла деп атайды. Алғашында Қыбла Құдус (Иерусалим) едi. Хижреттен 17 айдан кейiн, шабан айының ортасы сейсенбi күнi Қағбаға бет бұру əмiр етiлдi. 

Қыбла Қағбаның ғимараты емес оның тұрған жерi, яғни жер-ден аспанға дейiнгi аралықты қыбла деп атайды. Сондықтан теңiз жəне құдық түбiнде, биiк тауда жəне ұшақта осы бағытқа бет бұрып оқылады. Адамның көз қыры арасындағы бұрыш Қағба бағытына сай болса оқылған намаз сахих (дұрыс) болады. Бiрақ: 1- Ауру себебі, 2- Дүниесiнiң ұрлану қауіпi, 3- Жыртқыш хай-уан қауіпi, 4- Дұшпанның көрiп қою кауiпi, 5- Көлiгiнен (ат, түйе) түскенде көмексiз қайта мiне алмайтын болса, екi намазды (бесiн мен екіндінi жəне ақшам мен құптанды Маликиге, не Шафиге ұйып) жəм қылып та (бiрiктiрiп) оқи алмаса, намазды күшiнiң жеткен жағына қарап оқиды. Кемеде, поезда жəне ұшақта қыблаға қарау шарт.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы