Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай дедi: 

«Жəбрейiл алейһиссалам Қағбаның есiгiнiң жанында екi күн мағанимам болды. Екеумiз таң шапағы туғанда таң намазын, күн тал түстен ауғанда бесiн намазын, əр нəрсенiң көлеңкесi өзiмен бiрдей болғанда екіндінi, күн батысымен ақшамды жəне шапақ қарайғанда құптанды оқыдық. Ал екiншi күнi таң намазын айна-ла жарық болғанда, бесiндi əр нəрсенiң көлеңкесi өзiнен екі есе ұзын болғанда, екіндіні осыдан сəл өткізіп, ақшамды ораза бұзылған уақытта, құптанды түннiң үштен бiрi кiргенде оқыдық. Кейiн:«Ей, Мұхаммед алейһиссалам сенiң жəне өткен пайғамбарлардыңнамаз уақыттары осы. Үмметiң бес уақыт намаздың əрбiрiн осы оқыған екi уақыттың арасында оқысын» – дедi.»Əр күнiоқылуы əмiр етiлген намаз санының бесеу болғандығын осы хадистен де бiлуге болады. 

Таң намазының уақыты –фəжір уақытынан,яғни көкжиекағараңдағаннан бастап, күн шыққанға дейiнгi уақыт. 

Бесiн намазының уақыты –көлеңке қысқара бастағануақыттан бастап, əр бір заттың көлеңкесі өз бойынан бiр немесе екi есе ұзарғанға дейiн жалғасады. Бiрiншiсi, екi имамға, яғни Имам Абу Юсуф пен Имам Мұхаммедтiң үкімі, екiншiсi, болса Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі. 

Екінді (намаздыгер,  аср)  намазының уақыты   Бесiн намазының уақыты бiтiсiмен басталады. Имам Юсуф жəне Имам Мұхаммедтiң үкімі бойынша бiр нəрсенiң көлеңкесi сол затпен бiрдей болғаннан бастап күн батқанға дейiнгi уақыт. Ал Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, бiр заттың көлеңкесi өзiнен екi есе ұзын болғаннан бастап күн батқанға дейін. 

Бiрақ күн қызарғаннан кейiн, яғни батуына найза бойы қалғанда қандай да бiр намаз оқу харам болады. Екінді намазын бұл уықытқа дейін кешіктіру харам. Алайда, сол күннің екінді намазы оқылмаған болса, күн батқанға дейін оқу керек. 

Ақшам намазының уақыты:Күн батқаннан кейiн басталыпкөк жиектің қарайғанына дейiн, яғни қызылдықтың жоқ болуына дейiн жалғасады. 

Құптан намазының уақыты:Ақшам намазының уақытыныңшығуынан басталып көкжиектің ағаруына дейiн жалғасады. Имам Ағзамның үкімі бойынша құптан уақыты батыс толығымен қарайғанда басталады. Яғни, екi Имамның үкімі бойынша екінді не-месе кұптан уақыты кірген соң, тағы жарты сағат өткізіп оқылса, бұл намаздар бүкіл имамдардың үкіміне сай оқылған болады. Құптан на-мазын себепсiз түннiң жартысынан кейiнге қалдыру мəкрух. 

Намаздарды уақытынан бұрын жəне кейiн оқу харам. 

Намаз оқу тахримəн мəкрух, яғни харам болған уақыт үшеу: Күн шығып келе жатқанда, күн дəл төбеде тұрғанда, күн батып бара жатқанда. Бұл үш уақытта оқылған намаздар қабыл болмайды жəне де дайын тұрған жаназаның намазын оқу, тилəует сəждесін, сəһу сəждесін жасау жаиз емес. Күн батып бара жатқанда тек қана сол күннiң екінді намазын оқуға болады. 

Тек нəпiл намазын оқу мəкрух болған екі уақыт бар. Бiрiншiсi, таң намазының парызынан кейін күн шыққанға дейiн, екiншiсi, екінді намазының парызынан күн батқанға дейiн.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы