Намаздың iшiндегi парыздарын - Рукiн деп атайды. Намаздың рукiндерi бесеу:

1. Қиям:Намаздың рукiндерiнiң бiрiншiсiқиям.Қиям-тiк тұрудеген мағынаны бiлдiредi. Тiк тұра алмайтын ауру адам отырып оқиды. Отыра алмайтын адам шалқасынан жатып басымен ишарат-пен оқиды. Бетi аспанға тiк қарап қалмауы үшін, яғни қыблаға қарап тұруы үшiн басының астына жастық қояды. Аяқтарын қыблаға ұзатпай бүгiп алуы керек. Тiк тұрған кезде екi аяқтың арасы төрт елiдей ашық болуы тиiс. 

Намазда тiк тұра алмайтын басы, тiсi, көзi немесе басқа да мүшелерi қатты ауыратын, тұрғанда жел не зəр ұстай алмайтын, жарасынан қан ағатын, дұшпан байқап қалу, мүлкінің ұрлану қауіпі бар адам, тұрғанда оразасы немесе оқуы бұзылатын яки əурет жерi ашылып қалатын кісілер отырып оқиды. Бұл жағдайда рүку үшiн сəл еңкейеді, сəжде үшін басын жерге қояды. Басын жерге тигiзе алмай-тын кiсi рүку үшiн бiраз, ал сəжде үшiн одан да көп иiледi. Сəждеге иiлу рүкуға иiлгеннен шамалы көп болмаса намаз қабыл болмайды. Жерге жастық немесе тақтай төсеп, оның үстiне сəжде жасайтын болса, намаз қабыл болған жағдайда да күнəһар болады. Яғни тах-риман мəкрух болады.

2.  Қыраат:Сүннеттердің жəне үтірдіңəр рəкатында жəнежалғыз оқығанда парыздың алғашқы екi рəкатында тұрып Құран Кəрiмнен бiр аят оқу парыз. Қысқа сүре оқыса сауабы көп болады.

Қыраат ретінде бұл жерлердеуабы көп боладықа силкінің ұрлану қауіпі болған адам, тұрғанда ы кирам зама Фатиха оқу, сүннеттер мен уəжіптің əр рəкатында жəне парыздардың алғы екi рəкатында фатихадан соң бiр (зəм) сүре немесе үш аят оқу уəжiп. Парыздарда Фатиханы жəне зəм сүренi алғашқы екi рəкатта оқу уəжiп немесе сүннет. Фатиханы зəм сүреден бұрын оқу да уəжiп. Намаздың қыраат рукінінде осы бес уəжiптiң бiреуi ұмытылса, сəһу сəждесiн жасау керек. Қыраатта Құран Кəрiмнiң басқа тілдегі аудармасын оқуға болмайды. 

Имамның жұма жəне айт намаздарынан басқа барлық намаздардың бiрiншi рəкатында оқитын сүресі екiншi рəкатында оқитын сүресінен екi есе ұзын болуы сүннет. Жалғыз оқығанда əр рəкатты бiрдей мөлшерде оқуға болады. Имамның кейбір сүре не-месе аяттарды белгілі бір намазда оқуды əдет қылып алуы мəкрух болады. Яғни бесін намазының алғы екі рəкатында үнемі Кəусəр мен Ихлас сүресін оқуды əдетке айналдыруы дұрыс болмайды. Бірінші рəкатта оқылған сүрені екіншісінде де оқуы тəнзиһəн мəкрух бо-лады. Сүрелерді Құрандағы тəртібінен кері қарай теріс оқу одан да артық мəкрух болады. Екiншi рəкатта бiрiншiде оқыған сүресінен кейін келетін сүрені тастап, одан кейінгісін оқу да мəкрух. Сүрелерді Құрандағы ретiмен оқу əр уақытта да уəжіп. 

3. Руку:Қиямда қырааттан соң тəкбiр айтылып рүкуға иiледi.Рукуде еркектер саусақтарының арасын ашып қолдарын тiзесінiң үстiне қояды. Арқасы мен басын түзу ұстауы керек. Рукуде ең азы үш рет «Субхана раббиал азым» деп айтылады. Жамағат үш рет айтпастан бұрын имам басын көтеретiн болса, жамағат да артынша бастарын көтередi. Рукуде қол жəне аяқты бүкпеу керек. Əйелдер саусақтарының арасын ашпайды. Арқасын, жəне аяқ - қолдарын тiк ұстамайды. 

Рукуден тұрарда «Сəмиаллаһу лиман хамидаһ» деп айту имам мен жалғыз оқитын адамға сүннет болады. Ал жамағат айтпайды. Рукуден кеудесін көтерген соң «Раббана лəкəл хамд» деп айтады. Кейін «Аллаһу əкбар» деп сəждеге барарда алдымен оң, кейін сол тiзесін, одан соң оң қолын, кейiн сол қолын, сосын мұрынын, ең соңында маңдайын қояды.

4.  Сəжде:Сəждеде саусақтар арасы жабық халде қыблаға қарап,екi құлақтың тұсында тұрады. Бас екi қолдың арасында болу керек. Маңдайды таза жердің үстіне қою парыз. Маңдаймен мұрынды қоса қою уəжiп болып саналады. Үзiрсiз тек қана мұрынды сəждеге қою жаиз емес. Ал тек маңдайды қою мəкрух болады.

Екi аяқты немесе ең болмағанда екі аяқтың бiрер саусағын жер-ге қою парыз немесе уəжiп. Яғни екi аяқты жерге тигiзбесе намаз қабыл болмайды немесе мəкрух болады. Сəждеде аяқ саусақтарын бүгiп ұшын қыблаға қарату сүннет.

 Еркектер қолдарын жəне сандарын iшiне тигiзбей ұстаулары керек. Алақанын жəне тiзелерiн жерге тигiзу сүннет. Қиямда обықтардың арасын төрт елi ашық ұстау, рүкуде жəне сəждеде бір-біріне тигізу сүннет. Сəждеге барарда шалбар балағын жоғары көтеру жəне балақты қайырып қойып, намазға тұру мəкрух. Жеңi, балағы жəне етегі түрілген, қайырылған немесе қысқа болған киіммен намаз оқу да мəкрух. Жалқаулықпен немесе бас киіммен оқудың маңыздылығын ойламай жалаңбас намаз оқу мəкрух. Кiр, лас киiммен намаз оқу мəкрух. Ал намазға мəн бермеу күпiр болып табылады. 

5. Қадаи ахир (соңғы отырыс): Соңғы рəкатта «Аттахияту» дұғасын оқитындай уақыт отыру парыз. Отырғанда саусақтармен ишарат етiлмейдi. Еркектер сол аяғының саусақтарын оң аяғына қаратып жерге төсейдi. Сол аяғының үстiне отырады. Оң аяғын тiк ұстайды. Саусақтарының ұшын қыблаға қарата шамалы бүгіп отыра-ды. Осылай отыру сүннет. 

Əйелдер жамбастарымен отырады. Сандары бiр-бiрiне жақын болады. Оң аяғын оң жаққа шығарады. Сол аяғының саусақтары оңға қаратылып астында қалады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы