Мəселен таң намазының сүннеті былай оқылады: 

1. Алдымен қыблаға қарап тұрады. Аяқтардың арасы төрт елiдей ашық жəне паралелл болады. Бас бармақ құлақ жұмсағына тигізіліп, алақанды қыблаға қаратып: «Ниет еттiм Аллаһу тааланың ризалығы үшiн бүгiнгi таң намазының сүннетiн оқуға, жүзiмдi қараттым қыблаға»–деп ниет еткен соң«Аллаһу əкбар»–деп екi қолды кiндiк астына, оң қолын сол қолдың үстiне қойып байлайды.

2. Қиямда тұрғанда көздер сəжде етiлетiн жерге қарайды. 

а) Субханака дұғасын оқиды.

б) Аузу-бисмиллаһтан соң Фатиха сүресiн оқиды. 

в) Фатихадан соң бисмиллаһ оқылмай бiр зəм сүре (мысалы Фил сүресi) оқылады. 

2. Зəм сүреден соң «Аллаһуəкбар» деп рүкуға иіледі. Қолдар тiзенi қаптап ұстайды. Бел түзу ұсталады, көздер аяғының ұшына қарайды. Үш рет «Субхана раббиал азым» деп айтады. Бес немесе жетi рет айтуға да болады.

3. «Сəмиаллаһу лиман хамидаһ» деп рүкуден тұрып жатқандашалбар балағы тартылмайды жəне көздер де сəжде орнынан айрыл-майды. Тiке тұрғаннан кейiн «Раббəна лəкəл хамд» деп айтады. (осы тік тұруға қавмə делінеді).

4. Ұзақ тұрып қалмай «Аллаһуəкбар» деп сəждеге барады. Сəждеге барарда ретiмен:

а) Оң тiзеден кейін сол тiзе, оң қолдан кейін сол қол, одан соң мұрын сосын маңдай жерге қойылады.

б) Аяқ саусақтары қыблаға қарап бүгiледi. в) Бас екi қолдың арасына қойылады.

г) Қол саусақтарының арасы жабылады. 

д) Алақан жерге қойылады, шынтақтар жерге қойылмайды.

е) Осы халде үш рет «Субханə раббиял аъла» деп айтылады. 

3. «Аллаһуəкбар» деп сол аяқ жерге төселедi.Оң аяқтыңсаусақтары қыблаға қаратып бүгiлiп отырады. Қолдар тiзенiң үстiне қойылады, саусақтар арасы өз еркiне жiберiледi. 

4. Көп отырмастан «Аллаһуəкбар» деп қайта сəждеге барады. (Екi сəжде арасында отыруға жəлсə делінеді.)

5. Сəждеде ең азы үш рет «Субханəраббиал аъла» дегеннен соң «Аллаһуəкбар» деп орнынан тұрады. Сəждеден тұрар кезде қолдарымен жерден күш алуға жəне аяқтарды ары-бері қозғалтуға болмайды. Сəждеден тұрар кезде ең алдымен маңдай, мұрын, содан кейiн сол қол, оң қол содан соң сол тiзе, содан соң оң тiзе жерден көтерiледi.

6. Тiк тұрғанда Бисмиллаһтан соң Фатиха жəне бір зəм сүре оқылып «Аллаһуəкбар» деп рүкуға иіледі.

7. Екiншi рəкат та бiрiншi рəкаттағы сияқты оқылады, тек екiншi сəждеден соң «Аллаһуəкбар» деп орнынан тұрмай, жоғарыда айтылғандай отырып: 

а) Аттахияту, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик, Раббана атина-дұғаларын оқиды.Кейін алдымен оң иыққа,содан соң солиыққа «Ассаламу алейкум уə рахматуллаһ» деп сəлем берумен намазын аяқтайды. 

б) Сəлем бергеннен соң «Аллаһуммə əнтəс-сəлам уə минкас-сəлам табаракта я зəл жəлали уəл икрам»–деп сөйлеместен таңнамазының парызын оқу үшiн орнынан тұрады. Өйткенi сүннет пен парыз намазының арасында сөйлеу намазды бұзбаса да сауабын азайтады. 

Намаздан кейін үш рет «Астағфируллаһ» дегеннен соң «Ая-тул курси»жəне отыз үш тəсбих(субханаллаһ),отыз үш тахмид (əлхамдүлиллаһ), отыз үш тəкбiр (Аллаһуəкбар) жəне бiр тахлил (Ла илаһəиллəллаһу уаһдаһу ла шəрикəлаһ.Лаһул мүлкү уəлаһулхамду уа һуа ала кулли шайин қадир)оқылады.Бұлардыəркім өзіесітетіндей дауыспен оқиды. Дауыс шығарып оқу бидғат болады. 

Соңынан дұға етiледi. Дұғада ер кісілер қолдарын көкірек тұсына паралелл қылып көтереді. Шынтақтар бүгілмей алдына қарай созылады. Алақан іші көкке қаратылады. Өйткені намаздың қыбласы Қағба болғанындай, дұғаның қыбласы да аспан. Дұғадан соң «Субхана раббика…» аяты оқылып қолдармен бет сипалады.

Төрт рəкат парыз жəне сүннет намаздардың екiншi рəкатында аттахияту оқылып, үшiншi рəкатқа тұрады. Сүннет намаздардың үшiншi жəне төртiншi рəкатында Фатихадан соң зəм сүре оқылады. Парыз намаздардың үшiншi жəне төртiншi рəкатында зəм сүре оқылмай, тек Фатиха оқылады. Ақшам намазының парызының үшiншi рəкатында да зəм сүре оқылмайды. Ал, үтiр намазының үшiншi рəкатында Фатихадан соң зəм сүре оқылып «Аллаһу əкбар» деп құлақ қағып «Құныт» дұғалары оқылады. Ғайри мүəккəд сүннеттерде, яғни екінді жəне құптан намазының алғашқы төрт рəкат сүннеттері басқа төрт рəкатты сүннеттер сияқты оқылады. Тек бұлардың екiншi рəкатында отырып Аттахиятудан соң Салли-барик дұғалары да оқылады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы