1. Фатиха сүресiн оқу.
  2. Фатихадан кейiн бiр сүре немесе ең кемінде үш қысқа аят оқу.
  3. Фатиханы зəм сүреден бұрын оқу.
  4. Фатиханы жəне фатихадан кейiн оқылатын сүренi, парыз намазының бiрiншi жəне екiншi рəкатында, ал уəжiп жəне сүннет намаздарының барлық рəкаттарында оқу.
  5. Сəжделердi бiр-бірінің артынша жасау.
  6. Үш немесе төрт рəкатты намаздардың екiншi рəкатында ат-тахияту оқылатындай уақыт отыру. Соңғы отыру парыз.
  7. Екiншi рəкатта аттахияту мөлшерiнен көп отырмау.
  8. Сəждеде маңдай мен мұрынды бiр жерге қою.
  9. Соңғы отыруда аттахияту дұғасын оқу.
  10. Намазда тадили əрканға амал ету.
  11. Намаздың соңында «Ассаламу алейкум уəрахматуллаһ» деп сəлем беру.
  12. Үтiр намазының үшiншi рəкатының соңында Құнытдұғасын оқу.
  13. Айт намаздарында тəкбiр алу.
  14. Имамның таң намазы, жұма, айт, тарауих, үтiр намаздарында жəне ақшам мен құптан намазының алғашқы екi рəкатында дауыстап (басқаларға естіртіп) оқуы.
  15. Имамның жəне жеке оқыған кiсiнiң бесiн, екінді, ақшам, құптан парыздарының үшiншi жəне төртiншi рəкаттарында дауыс шығармай іштен (тек өзіне естіртіп) оқуы уəжiп. Имамның дауыстап оқуы уəжiп болған жерлердi жеке оқыған кiсiнiң дауыстап та, iштен де оқуы жаиз. 

Құрбан айттың арафа күнiнiң таң намазынан, төртiншi күннiң екінді намазына дейiн 23 парыз намазының артынан Ташриқ тəкбірін оқу уəжiп. 

Сəһу (жаңылу не ұмыту) сəждесi:Намаз оқыған кiсiнамаздыңпарызынан бiреуiн бiле тұра немесе ұмытып тəрк етсе, намазы бұзылады. Егер бiр уəжiптi ұмытып тəрк етсе, намазы бұзылмайды. Бiрақ сəһу сəждесiн жасау керек болады. Сəһу сəждесін бiле тұра жасамаған немесе намаздың уəжiптерiнен бiреуiн бiле тұра тəрк еткен кiсiнің сол намазды қайтадан оқуы уəжiп, оқымаса күнəһар болады. Сүннеттi тəрк еткен кiсiге сəһу сəждесi қажет емес. Сəһу сəждесi, парыздың не уəжiптің бiреуi кешіктірілгенде немесе бір уəжіп тəрк етілгенде жасалады. 

Намазда бiрнеше жерде сəһу сəждесiн жасау қажеттiлiгi туса бiр мəрте жасау жеткiлiктi болады. Имам жаңылса, оған ұйыған жамағаттың да сəһу сəждесiн жасауы керек. Имамға ұйыған кiсi жаңылса, оған сəһу сəждесiн жасаудың қажетi жоқ. 

Сəһу сəжде жасау үшiн, əттахият оқылып бiр жаққа сəлем берiледi де екi рет сəжде жасалынып, отырылады. Отырған кез-де əттахият, салауаттарды, раббана атина дұғаларын оқып намаз аяқталады. Бiр немесе екi жаққа сəлем беріп немесе мүлде сəлем берiлмей де сəһу сəждесін жасауға болады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы