1. Намазда сəжде ететін жерге қарау.
  2. Рукуде аяқ ұштарына қарау.
  3. Сəждеде мұрнын қойған жерге қарау.
  4. Əттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.
  5. Фатихадан кейiн оқылатын аят мөлшерi, таң жəне бесiн намазда-рында ұзын, ақшам намаздарында қысқа болуы.
  6. Имамға ұйыған адам тəкбiрдi iштен айтуы.
  7. Рукуде саусақтарды ашып, тiзенiң үстiне қою.
  8. Рукуде бас пен мойынды бiрдей түзу ұстау.
  9. Сəждеге барарда алдымен оң тiзенi кейiн сол тiзенi жерге қою.
  10. Сəжденi екi қолдың аралығында жасау.
  11. Сəждеге мұрнынан кейiн маңдайын қою.
  12. Намазда есiнегенде қолдың сыртымен аузын жабу.
  13. Еркектердiң сəждеде шынтақтарын көтерiп жоғары ұстауы, əйелдер қолдарын жерге төсейдi.
  14. Еркектердiң сəждеде қолдарын жəне аяқтарын қарнынан бөлек ұстауы.
  15. Руку жəне сəждеде үш мəрте тəсбих айтатындай уақыт тұру.
  16. Сəждеден басын көтергеннен кейiн қолдарын жерден көтеру.
  17. Қолдарын көтергеннен кейiн тiзелерiн көтеру.
  18. Əттахиятуда қолдарын санның үстiне қойып, саусақтарын қыблаға қарай түзу ұстап бүкпеу жəне ойнатпау.
  19. Оңға жəне солға сəлем берерде басын бұру.
  20. Сəлем берерде иықтарына қарау.


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы