1. Киiмдi кимей, иығына тастап қойып намаз оқу.
  2. Сəждеге барарда шалбардың балақтарын көтеру.
  3. Көйлектiң етегiн жəне жеңдерiн түрiп қойып намаз оқу.
  4. Пайдасыз əрекеттер жасау.
  5. Іс киімі жəне үлкендердің алдына шыға алмайтын киiммен намаз оқу.
  6. Аузында қыраатқа кедергi болмайтын бiр нəрсе болу. Кедергi болса намаз бұзылады.
  7. Жалаңбас намаз оқу.
  8. Үлкен не кiшi дəрет немесе жел қысып тұрғанда намаз оқу.
  9. Намазда сəжде жасайтын жердегi тас немесе топырақты қолмен сыпыру.
  10. Намазға тұрарда, намаз iшiнде саусақтарын шықырлату.
  11. Намазда қолын бүйiрiне таяу.
  12. Басын жан-жаққа бұру, жан-жағына қарау. Кеудесi бұрылса намаз бұзылады.
  13. Ит сияқты отыру.
  14. Сəждеде еркектердiң шынтақтарын жерге төсеуі.
  15. Адамның жүзiне қарсы немесе көтерiңкi дауыспен əңгiмелескендердiң артында намаз оқу.
  16. Бiреудiң сəлемiне басымен, қолымен жауап беру.
  17. Намазда жəне намаздан тыс уақытта есiнеу.
  18. Намазда көздерiн жұму.
  19. Имамның миһраб iшiне кіріп тұруы.
  20. Имамның жалғыз өзi жамағаттан жарты метр биiкте тұруы тəнзиһəн мəкрух.
  21. Имамның тек өзi төменде тұруы да тəнзиһəн мəкрух.
  22. Парыздарда алдыңғы сапта бос жер бар кезде артқы сапқа тұру жəне сапта бос жер жоқ болған кезде, саптың артында жалғыз тұру.
  23. Үстінде жанды нəрсенің суретi бар киiммен оқу.
  24. Жанды нəрсенiң суретi, намаз оқығанның жоғарысында, басында, алдында, оң жəне сол жақ тұсында дуалға немесе матаға, қағазға салынып iлiніп қойылған болса мəкрух болады. Крест суретi де жанды нəрсенiң суретi сияқты.
  25. Жалыны бар отқа қарсы намаз оқу.
  26. Намазда аяттарды, тəсбихтердi қолмен санау.
  27. Басынан аяғына дейiн бiр матамен оранып намаз оқу.
  28. Жалаң басына сəлде орап намаз оқу.
  29. Аузын жəне мұрнын жауып оқу.
  30. Себепсiз қақыру.
  31. Қолын бiр-екi мəрте қозғауы.
  32. Намаздың сүннеттерiнiң бiреуiн тəрк ету.
  33. Себепсiз, баласы құшағында тұрғанда намазын бастауы.
  34. Жүректi мазалайтын, тыныштықты бұзатын нəрселердiң, мəселен əсем нəрселердiң жанында, ойын, шудың жанында немесе жақсы көретiн тамағының жанында оқу.
  35. Парыз оқып жатқанда, үзiрсiз дуалға не бiр тiрекке сүйену.
  36. Рукуға иiлгенде жəне тұрарда қолдарын құлағына қарай көтеру.
  37. Қыраатты рүкуға иiлгенде бiтiру.
  38. Сəждеге жəне рүкуға имамнан бұрын бару жəне имамнан бұрын басын көтеру.
  39. Нəжіс болуы мүмкiн болған күмəндi жерде намаз оқу.
  40. Қабiрге қарап намаз оқу.
  41. Ташаһудте сүннетке сай отырмау.
  42. Екiншi рəкатта бiрiншiсіне қарағанда үш аят ұзын оқу.


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы