1. Үзiрсiз жөтелу немесе қақыру.
  2. Намаз оқып жатқан кiсiнiң,  басқа бiреу түшкiргенде «Ярхамукаллаһ» деп айтуы.
  3. Намазын жеке оқып жатқан кiсi жанындағы жамағатта имамның жаңылғанын байқап, ескертсе немесе жөндесе, өзінің намазы бұзылады. Егер имам да бұл кiсiнiң жөндегенiне ұйып жөндеп оқыса, имамның да намазы бұзылады.
  4. Намаздың iшiнде «Ла илаһə иллаллаһ» десе, бiрақ мақсаты жауап болса, намазы бұзылады. Егер мақсаты бiлдiру болса намазы бұзылмайды.
  5. Əурет жерiнiң ашылуы.
  6. Ауру немесе басқа бiр дерт себебiмен жылау. (Жəннат не-месе тозақ есiне түсiп, соны ойлап жыласа бұзылмайды)
  7. Қолымен жəне тiлiмен сəлем алу.
  8. Қаза намаздарының саны бестен аз болып, намазда тұрғанда есiне түссе.
  9. Намазда тұрғанда бiр iс-əрекет жасаса, оны сыртынан көрген адам намаз оқып жатқан жоқ деп ойласа, намазы бұзылады.
  10. Намазда тұрғанда бiр нəрсе жеу немесе iшу.
  11. Намазда тұрғанда сөйлеу.
  12. Имамнан басқасының қатесiн жөндеу.
  13. Намазда тұрғанда күлу.
  14. Намазда тұрғанда ыңылдау.


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы