1. Намазға кірерде тəкбiрден бұрын имамға ұюға ниет етіледі. «Ұйыдым осы имамға» деп жүректен ниет ету керек.
  2. Имам əйелдер үшін имам болуға бөлек ниет ету керек. Еркек-терге имам болуға деп ниет ету шарт емес. Бiрақ ниет етсе, жамағаттың сауабын алады.
  3. Жамағаттың тобығы, имамның тобығынан артта тұру керек.
  4. Имам мен жамағат бiрдей парызды оқу ниетінде болу керек.
  5. Имам мен жамағаттың арасында əйелдер сапы болмау керек.
  6. Имам мен жамағаттың арасынан қайық өтетiндей өзен, немесе арба өтетiндей жол болмауы керек.
  7. Имам мен жамағат арасында бiр-бiрiн көре алатын немесе дау-сын ести алатын терезесі жоқ дуал болмауға тиіс. Яғни терезесіз дуалмен бөлінген екі бөлмеге жиналғандардың микрофон ко-лонкасы немесе тікелей теле эфир арқылы бір имамға ұйып на-маз оқулары сахих болмайды.
  8. Имам аттың үстiнде, жамағат жерде немесе керiсiнше болмауы керек.
  9. Имам мен жамағат бір-біріне тиіп тұрмаған екi кемеде болмауы керек.
  10. Басқа мазһабтағы имамға ұйыған жамағаттың намазы сахих болуы үшiн екi риуаят бар: Бiрiншi үкім бойынша, жамағат өз мазһабында намазды бұзатын бiр нəрсенiң имамда болғанын білмеуі керек. Екiншi үкім бойынша, өз мазһабында намазы са-хих болған имамға басқа мазһабтағылар да ұя алады. Осы екінші үкімге сүйене отырып, тісінде коронка, не пломбасы болған имамға ұю жаиз болады. 

Жамағат бiр адамнан тұрса,  имамның оң жағында тұрады. 

Сол жағында немесе артында тұру мəкрух болады. Ұйыған кісінің тобығы имамның тобығы тұсынан алға шығып тұрмаса намазы са-хих болады. Жамағат екi немесе одан көп кiсiден құралса, имамның артында тұрады. 

Имаммен бiрге оқығанда жалғыз оқыған сияқты оқылады. Бiрақ қиямда имам iшiнен оқыса да, дауыстап оқыса да, жамағат ешнəрсе оқымайды. (Шафии мазһабында имаммен бiрге жамағат та iшiнен Фатиха оқиды) Тек бiрiншi рəкатта «Субханака» оқиды. Имам дауы-стап «Фатиха» оқып бiткен кезде жамағат iшiнен «Амин» дейдi. Бұл дауыстап айтылмайды. Рүкуден көтерiлер кезде имам «Самиаллаһу лиман хамидаһ»дегенде,жамағат тек«Раббəна лəкəл хамд»дейдi. 

Содан кейiн иiлiп «Аллаһу акбар» деп, имаммен бiрге жамағат та сəждеге барады. Рукуде, сəждеде жəне отырғанда жамағат та жалғыз оқығандай оқиды.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы