Жұма күнi бесін азаны айтылумен он алты рəкат жұма на-мазы оқылады. Оқу тəртiбi төмендегiдей: 

1 - Ең бiрiншi жұма намазының төрт рəкаттық алғашқы сүннеті оқылады.Бұл намаз бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты оқылады. Бұл намазға: «Аллаһу таала разылығы үшiн жұманамазының алғашқы сүннетiн оқуға ниет еттiм, жүзiмдi қыблаға қараттым»–деп ниет етiледi. 

2 - Кейiн мешiт iшiнде екiншi азан жəне хутба оқылады. 

3 - Хутба оқылғаннан кейiн қамат айтылып жамағатпен бiрге жұма намазының екi рəкат парызы оқылады. 

4 - Жұма намазының екi рəкат парызы оқылғаннан кейiн төрт рəкат соңғы сүннеті оқылады. Бұның оқылуы да бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты. 

5 - Бұдан кейiн: «Мойныма парыз болып, өз уақытысында өтей алмаған соңғы бесiннің парызын оқуға»деп ниет етiлiпАхир зухур (соңғы бесін) намазы оқылады. Бұған халық арасында ихтяты бесін деп те айтылады. 

6 - Кейiннен екi рəкат уақыт сүннетi оқылады. Оқылуы таң намазының сүннетi сияқты. 

7 - Бұдан кейiн аятул курси жəне 33 тасбихтардың үшеуі айты-лып дұға етiледi.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы