Өлiмдi еске алу ең үлкен насихаттардың бiрi. Əрбiр иман келтiрген адамның өлiмдi еске алуы сүннет. Өлiмдi көп ойлау Аллаһтың əмiрлерiне мойынсұнып, күнəлардан алыс тұруға себеп бо-лады, харам істеуге батылдығын азайтады. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай деп бұйырды: «Лəззаттарды жоятын, ойын-сауықтарды тоқтататын өлiмдi көп естерiңе алыңдар».Ғалымдардың көпшiлiгiкүнiне бiр рет өлiмдiеске алыптұруды əдетке айналдырған. 

Мұхаммед Бахауиддин Бұхари өзiн күн сайын 20 рет өлiп, мазарға көмiлгендей елестетін. 

Ғибадат ету жəне дiнге қызмет ету үшін ұзақ өмір сүруді қалау ұзын амалды болуға жатпайды. Ұзын амал ауруына шалдыққандар ғибадаттарын уақытында орындай алмайды, тəубе етуді ұмытады, жүректерi қатаяды, өлiмдi ойламайды жəне уағыз, насихаттардан үлгi-өнеге алмайды. Ондайлар бүкіл өмірін дүниеде мал-мүлiк жи-нау жəне дүние қызығына бату жолында өткізеді. Ахыреттi ұмытып, тек өзiнiң қызығы мен қамын ғана ойлайды. Хадис шəрифтерде бы-лай делiнген:

«Өлмей тұрып өлiңiз. Есепке тартылмай тұрып өзiңiзгеесеп берiңiз». 

«Өлiмнен кейiн болатын нəрселерді сiздер бiлгендей жану-арлар да бiлгенде, азық болуға жарайтын семіз жануар таба ал-майтын едiңiз». 

«Күндiз түнi өлiмдi еске алған адам, қиямет күнi шəһидтердiңжанында болады». 

Дүниеде мəңгi қалам деген жалған ойдың, яғни ұзын амал-ды болудың басты себептерi: Дүниенiң жылтырағына, өткінші лəззаттарына берiлу, өлiмдi ұмыту, денсаулығы мен жастық шағына алдану. Дүниеге алданбау үшiн, яғни ұзын амалды болудан құтылу үшін ең алдымен осы себептердi жою керек. Өлiмнiң кез-келген уақытта жағадан жармасатынын естен шығармау қажет. Сондай-ақ ұзын амалды болудың зияндары мен өлiмдi естен шығармаудың пайдаларын үйренуіміз керек. Пайғамбарымыз бiр хадис шəрифінде былай дейдi: «Өлiмдi көп еске алыңыз. Оны ойлау адамды күнə iстеуден қорғайды жəне ахыретте зиянды болған нəрселерденсақтануға себеп болады».



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы