1 - Мəйіт мұсылман болуы шарт. 

2 - Жуылған болуы керек. Жуылмай көмiлгелi жатқан жаназа (өлген адам) үстіне əлi топырақ тасталмаған болса қайта шығарып жуып, содан кейiн жаназа намазын оқу керек. Жаназа мен имамның тұрған жерi таза болуы тиiс. 

3 - Мəйіттің денесінің жартысы мен басы, немесе бассыз дененің жартысынан көбі имамның алдында болу керек. 

4 - Жаназа жерде немесе жерге жақын қолда көтеріліп, яки тас үстiнде имамның алдында тұруы тиiс. Жаназаның басы имамның оң жағында, ал аяқтары имамның сол жағында тұруы керек. Керісінше қою күнə болады. 

5 - Жаназа имамның алдында дайын тұруы керек. Яғни бір ау-ылда тұрған мəйітке басқа ауылда тұрып жаназа оқылмайды.

6 – Мəйіттің жəне имамның əурет жерлерi жабық болуы керек.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы