Жаназа намазындағы төрт тəкбiрдiң əрбiрi бiр рəкат сияқты. Төрт тəкбiрдiң алғашқысында қол құлаққа көтеріледi, кейiнгi үш тəкбiрде қол көтерiлмейдi. 

1 - Алғашқы тəкбiр алынып қолды байлағаннан кейiн «Субаха-нака»дұғасы оқылады.Бұл кезде«уə жəллə сəнəукə»да айтылады.Фатиха оқылмайды. 

2 - Екiншi тəкбiрден кейiн «Аллаһумма салли-барик» дұғалары оқылады. 

3   - Үшiншi тəкбiрден кейiн жаназа дұғасы оқылады. Жаназа дұғасының орнына «Раббана атина» немесе тек қана «Аллаһуммағфир лəһ»деп яки дұға ниетiмен Фатиха оқу да жеткiлiктiболады.

4   - Төртiншi тəкбiрден кейiн алдымен оңға, кейiн солға сəлем берiледi. Сəлем бергенде жаназаға жəне жамағатқа ниет етiледi.

Имам төрт тəкбiрмен екi иығына берген сəлемдi дауыстап айта-ды. Өзге дұғаларды iшiнен оқиды. Жаназа намазынан кейін табыттың қасында дұға ету жаиз емес мəкрух.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы