Ханафи мазһабындағы адам он бес күннен аз мерзiмге қалу ниетiмен 104 км немесе одан да ұзақ жолға шықса, ол кiсi мусафир болады. 

Жолаушыны сафари немесе мусафир деп атайды. 

Жолаушы төрт рəкат намаздарды екi рəкат қылып қысқартып оқиды. Ал муқим (жергiлiктi) имамға ұятын болса, толығымен төрт рəкат оқиды. Бір сафари муқим жамағатқа имам болса, екi рəкат оқып, сəлем берiп намаздан шығады. Ал жамағат төрт рəкат парызды толықтыру үшiн тұрып, қалған екi рəкатты өздерi оқиды. 

Жолаушы киген мəсісіне үш күн, үш түн бойы мəсих тартып кие алады. Оразасын бұза алады. Бiрақ қиналмаса, оразасын бұзбай жалғастырғаны жақсырақ. Жолаушы кiсiге құрбан шалу уəжiп емес. Жұма намазы жолаушыға парыз емес. 

Егерде бiреу намаз уақытының соңында сол намазды оқымай жолға шықса, сол намазды екi рəкат етiп қысқартып оқиды. Ал егер-де уақыттың соңында елiне оралып, жолаушы үкiмiнен шығатын болса, сол уақыттың оқылмаған намазын төрт рəкат етiп оқиды. 

«Нимет-и Ислам» атты кiтапта былай дейді:Нəпiл намаз-дарын тұрып оқуға күшi жете тұрып отырып оқу əр жерде жəне əрқашан да жаиз. Отырып оқығанда рүку жасау үшiн денесiмен сəл еңкейедi. Ал сəжде үшiн маңдайын жерге тигiзедi. Бiрақ ешбiр үзірі болмастан нəпіл намазын отырып оқыған кiсiге тұрып оқыған кiсiнiң сауабының жартысы берiледi. Бес уақыт намаздың сүннеттерi жəне тарауих намаздары да нəпiл намазы болып есептеледi. Жол жүрiп бара жатып, яғни қала, ауыл сыртында нəпiл намаздарын жануар, көлік үстiнде оқу жаиз. Қыблаға қарау, рүку жəне сəжде жасау шарт емес. Ишаратпен оқылады. Рүку үшiн бiраз иiлiп, ал сəжде үшiн одан төменiрек еңкейеді. Жануардың үстiнде нəжіс болуы намазға кедергi болмайды. Жерде тұрып нəпiл намазын оқып шаршаған адам асаға, адамға, дуалға сүйенiп оқи алады. Өзі жүрiп бара жатып намаз оқу сахих емес. 

Парыз жəне уəжiп намаздарын ешбiр машақат болмағанша жануардың үстiнде оқуға болмайды. Тек үзірмен ғана оқуға болады. 

Үзір бола алатын себептер: мүлкіне, өміріне, жануарына (көлігіне) қауiп төну, көлігінен (жануарынан) түскенде көлігіндегі неме-се қасындағы дүниесінің тоналу қауіпі, жыртқыш хайуан, дұшпан қауіпі, жердiң лай, балшық болуы, қатты жаңбыр, ауру кiсiнiң түсіп-міну кезінде ауруының асқынуы немесе жазылу уақытының ұзаруы, көлігінен түскенде жолдастары күтпейтін болып қатерде қалуы жəне көлігіне біреудің жəрдемінсіз өзі міне алмайтын болуы. Осы аталған үзірмен жануар үстінде намаз оқитын кісі мүмкін болғанша жануарын қыблаға қаратып тоқтатып оқиды. Мүмкін болмаса, кетіп бара жатқан бағытына қарай оқиды. Жануардың, түйенің үстіндегі махмил деп аталатын жүк сандығының ішінде, үстінде оқитын кісі де жоғарыдағыдай əрекет етеді. Жануарды тоқтатып, əлгі жүк сандығының бір шетіне тірегіш қойылатын болса стол, кереуіт сияқты болып, жерде оқылғандай болады. Яғни жерде оқып жатқандай ор-нынан тұрып қыблаға қарап оқылады. Жерге түсе алатын болса, па-рыздарды жүк сандықтарының үстінде оқу да дұрыс болмайды. 

Кемеде намаз оқу хазреті Жафар Таяр Хабашстанға (Эфио-пия) кетiп бара жатқанында хазреті Пайғамбар алейһиссалам оған үйреткендей оқылады: Қозғалып кетiп бара жатқан кемеде үзірі бол-маса да, парыз жəне уəжiп намаздары оқылады. Кемеде жамағатпен оқу да мүмкін. Қозғалып кетіп бара жатқан кемеде ишаратпен намаз оқуға рұқсат етiлмей, рүку əрi сəжденi толық жасау, қыблаға қарау шарт. Намазды қыблаға қарап бастайды, ал егер кеме қыбладан басқа бағытқа бұрылатын болса, намазда тұрып қыблаға қарай бұрылады. Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, жүзiп бара жатқан ке-меде парыз намаздарды да үзірсіз отырып оқуға рұқсат бар. 

Теңiз ортасында тоқтап тұрған кеме, қатты шайқалып қозғалып тұрса, оның үкiмi жүзiп бара жатқан кеме сияқты болады. Ал егерде толқу аз болса жағажайда (портта) тұрған кеме үкiмiне кiредi. Ал жағажайда тұрған кемеде парыз намаздары отырып оқылмайды. Егер жағаға түсуге мүмкіндік бар болса, кемеден жағаға шығып оқуы ке-рек. Мал-мүлкіне, өміріне қауіп төнсе жəне кеменің кетіп қалу қауіпі болса, кемеде оқуы жаиз болады. 

Ислам ғалымдарынан Ибни Абидиннің кітабында:  «Екдөңгелектi болып, жануарға жегiлмесе түзу тұра алмайтын ар-бада тоқтап тұрғанда да, қозғалып бара жатқанында да намаз оқу жануар үстiнде оқығандай оқылады. Ал төрт дөңгелектi арба болса, тоқтағанда стол үкімінде болады. Жүріп бара жатқанда, жануар үстінде оқуға рұхсат беретін жоғарыда жазылған үзірлі себептермен ғана парыз намазды оқуға болады. Бұл кезде арба қыблаға қарап тоқтатылған болуы шарт. Тоқтата алмаса, жүзіп бара жатқан кемедегідей етіп оқиды.»-делінген.Жүрiп бара жатқанкөлікте қыблаға қарай алмаған кiсi Шафии мазһабын тақлид етумен екi намазды жəм етіп оқиды. Бұны iстеуге де мүмкiндiгi болмаса, қыблаға қарау міндеті жойылады, яғни қарай алатын жағына қарап оқиды. Орындықта, креслода отырып ишаратпен намаз оқу ешкiмге еш уақытта жаиз емес. Автобуста, ұшақта намаз арба үстінде намаз оқыған сияқты оқылады. 

Парыз, уəжiп намаздарын жолда мүмкiндiгiнше жануар үстiнде оқымауға тырысу керек. Көліктерді тоқтатып, қыблаға қарап тұрып оқу тиіс. Сондықтан көліктерге мінбей тұрып осы жағдайларды келісіп алу керек. 

Жолаушы кiсi паромда жəне поезда парыз намазын оқыған кезде қыблаға қарап, орнынан тұрып бастауы жəне сəжде ететін жердің қасына компас қоюы керек. Паром немесе поезд бұрылған сайын бүкiл денесiмен қыблаға бұрылады. Егерде көкірегі қыбла бағытынан басқа жаққа қарап қалса, намазы бұзылады. Автобуста, поезда, қатты толқынды теңiзде қыблаға бет бұра алмаған кiсiлердiң парыз намаздары қабыл болмайтындықтан бұлар сапар бойынша Шафии мазһабының үкімін пайдаланып, яғни тақлид етіп, бесiн мен екінді, ақшам мен құптан намаздарын жəм етiп бiрге оқиды. Яғни, осы екі жұп намазды бірінен кейін бірін оқиды. Өйткенi, Шафии мазһабында 80 км.ден асатын сапарда жолаушы кiсiге екінді на-мазын бесiн уақытында жəне құптан намазын шам уақытында не-месе бесiн намазын екінді уақытында жəне шам намазын құптан уақытына кешiктiрiп, екi намазды бiр уақытта оқуға болады. Шафии мазһабының өкiлi жолда намаз оқитын кезде қыблаға қарай алмай-тын болса, жолға шыққаннан кейiн күндiз бiр жерге тоқтаған сəтте, түс уақытында бесiн намазын оқып болғаннан кейiн артынша екінді намазға ниет етiп оқуы керек. Ал түннiң бiр уақытында тоқтаған кез-де қыблаға қарап құптан намазы уақытында алдымен ақшам нама-зын, кейiн құптан намазын өтеуiне болады. Бұл төрт намазды оқыған кезде: «Шафии мазһабын тақлид етіп (жолын ұстап) өтеуге ниет еттiм»-деп оқиды.Сапар бiткеннен соң бұл екiнамазды бiр уақыттаоқи алмайды.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы