Қаза намаздарын бiр сəтте болса ертерек оқып, тəубе етiп үлкен жазадан құтылу керек. Сондықтан сүннеттердi де қаза ниетiмен оқу керек. Жалқаулықпен намаз оқымағандар, жылдар бойы қарыздары болғандар намазға тұрған кездерінде, сүннетті орындап жатқанда сол уақыттың алғаш қазаға қалған намазын қаза етуді ниет етіп оқуы керек. Бұлардың сүннеттерді қаза намазы үшін ниет етіп өтеуі төрт мазһабта да қажеттi. Ханафи мазһабында үзірсіз қазаға қалдыру үлкен күнə. Бұл үлкен күнə бір намазды өтеу үшін өткен уақытта екі есе артуда. Өйткені, намазды бос уақыт тапқанда дереу өтеу де парыз. Есепке, санаққа сыймайтындай осы қорқынышты азаптан жəне күнəдан құтылу үшін бесін намазының алғашқы төрт рəкатын оқырда ең алғаш қаза болған бесіннің парызы ниетімен қаза ету керек. Бесіннің соңғы сүннетінде алғаш қазаға қалған таң намазының пары-зына ниет етіп, қазасын оқу керек. Екіндінің сүннетінде алғаш қазаға қалған екінді парызына ниет етіп қазасын өтеу керек. Ақшамның сүннетінде алғаш қазаға қалған шам парызына деген ниет пен үш рəкат қылып оқу керек. Құптанның алғашқы сүннетін оқырда алғаш қазаға қалған құптанның парызын жəне соңғы сүннетін оқығанда алғаш қазаға қалған үтірге ниет етіп үш рəкат оқу керек. Осылайша əр күні бір күндiк қаза өтеледі. Сол күннің парыздары ретімен орын-дала береді. Тарауих намазында да қазаға ниет етіп, қазаны орындау қажет. Қысқасы қанша жылдық қазасы болса да ниет етіп оқуды сон-ша жыл жалғастырады. Қазалар бітісімен сүннеттерді өз ниетімен оқи береді. Мүмкіндігі бар адам тек бір күндік сүннеттердің орны-нан пайдаланып қана қоймай əр бос уақытында да қазаларын оқып тез арада қаза борыштарын өтеу керек. Оқылмай қалған қазалардың күнəсі күн сайын екі есе артады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы