Хазреті Əбу Бəкiр (радыяллаһу анһ) айтады: «Бес уақыт намаздың уақыты келгенде перiштелер: «Ей адамдар тұрыңдар. Адамдар-ды өртеу үшiн жанып тұрған отты намаз оқып өшiрiңдер». Бiр хадис шəрифте: «Мұсылмандар мен кəпiрлердiң арасын айыратынайырмашылық бұл - намаз»-деп айтылған.Яғни мұсылман намазоқиды. Кəпiр намазға мəн бермейдi. Ал мұнафиқтар (екі жүзділер) бiрде оқып, бiрде оқымай ахыретте қатты азапқа ұшырайды. Құран тафсиршілерінің атасы болған Абдуллаһ бин Аббас (радыяллаһу анһ) айтады: «Пайғамбарымыз айтты, «Намаз оқымағандар қиямет күнАллаһу тааланы ашулы күйде көредi». 

Хадис имамдарының ауыз бірлігімен айтуларынша: «Бiр на-мазды уақытында əдейі оқымаған, яғни намаз уақыты өтіп бара жатқанына ашынбаған кiсi кəпiр болады». Немесе өлер кезде иман-сыз кетедi. Онда намаз ойына кіріп шықпайтын, намазды міндет са-намайтын кiсiлердiң жағдайы не болмақ? Əһли сүннет ғалымдары ауызбірлігімен ғибадат иманның бiр бөлiгi еместiгiн, яғни бір адам харам істегенімен иманы кетпейтінін айтқан. Бiрақ намаз жайын-да ауыз бірлігі болмады. Фиқһ имамдарынан Имам Ахмед ибни Ханбал, Исхақ бин Рахəвəйх, Абдуллаһ ибн Мубарак, Ибраһим Неһаи, Хакем бин Утайба, Аюб Сахтияни, Давуд Таи, Абу Бəкiр ибни Шейба, Зубейр бин Харб жəне көпшілік ғұлама бiр намаздыбiлiп тұрып қазаға қалдырған кiсi кəпiр болады деді. Олай болса, ей дiн бауырым, саған айтарым ешбiр намазды қазаға қалдырма жəне шала оқыма! Қалауыңмен беріліп оқы! Қиямет күнi Аллаһу та’ала осы ғалымдардың ижтиһадымен үкiм етсе, не iстейсiң? 

Ханбали мазһабында бiр намазды себепсiз оқымаған кiсi дiннен шыққан кiсi сияқты өлiм жазасына тартылады. Жаназасы жуылмай-ды, кебінделмейдi жəне жаназа намазы оқылмайды. Мұсылмандар мазарына көмiлмей, мəйіті белгiсiз бiр жерге апарып көміп тастала-ды. 

Шафии мазһабында намазды бiлiп тұрып оқымаған кiсi дiннен шыққан болмаса да өлiм жазасына қиылады. Малики мазһабының үкiмi де Шафиимен бірдей.

Ханафи мазһабында намазды бiлiп тұрып оқымаған кiсiнің жа-засы, намаз оқығанға дейiн қамауға алыну немесе қан шыққанға дейiн қамшы ұру. 

Бес нəрсенi орындамаған бес нəрседен мақрұм қалады: 

1- Мүлкiнiң зекетiн бермеген кiсi дүниесінің берекетiн көрмейдi. 

2- Ушрын (егiстiктен түскен пайданың оннан бiрiн) бермеген кісі егін даласындағы табысынан айрылады. 

3- Садақа бермейтін адамның денсаулығы қалмайды.

4- Дұға етпеген адам тiлегiне жетпейдi.

5- Намаз уақыты кiргенде намаз оқуға талпынбаған кiсi соңғы демiнде кəлимаи шаһадат айта алмайды. 

Бiр хадис шəрифте:  «Намазын себепсiз оқымаған кiсiге Аллаһу таала он бес қиыншылық жiбередi. Алтауы осы дүниеде, үшеуi өлер кезiнде, үшеуi қабiрде, соңғы үшеуi қабiрден тұрғанда берiледi.

 

Бұ дүниеде берiлетiн алты азап: 

1- Бейнамаздың өмiрiнде береке, бақыт болмайды. 

2- Бет-əлпетiнде Аллаһ жақсы көрген құлдарының нұры, сүйкімділігі қалмайды. 

3- Ешбiр жақсы, iзгi iсiне сауап берілмейді. 4- Дұғалары қабыл етiлмейдi.

5- Оны ешкiм жақсы көрмейдi. 

6- Мұсылмандардың жасаған дұғаларының бұл кісіге пайда-сы тимейдi.

 

Өлер алдында көретiн азаптары: 

1- Қорланып, жаман өлім табады. 

2- Аш болып өледi. 

3- Көп су iшсе де шөлдеу азабымен өледі.

 

Қабiрде берілетін азаптар: 

1- Қабыр оны қатты қысады. Сүйектерi бiр-бiрiне кiрiпкетедi. 

2- Қабiрi отқа толтырылып, күндiз- түнi оны жағады. 

3- Аллаһу таала қабiрiне дүниедегi жыландарға ұқсамайтынөте үлкен бiр жылан жiбередi. Əрбiр намаз уақыты кіргенде оны шағып қинайды.

 

Қиямет күнi көретiн азаптары: 

1- Тозаққа алып баратын азап перiштелері қасынан айырылмайды. 

2- Аллаһу таала оны ашумен қарсы алады. 

3- Есебi өте қиын болып, соңында тозаққа тасталады».



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы