Намаз оқыған жанның дəрежесі жəне намаз оқыған кiсiге берiлетiн сауап жайында хадистерде көп айтылған. Абулхақ бин Сай-фуддин Дехлевидiң «Ашиат-ул-лемаат» атты кiтабында намаздың ерекшелiктерiн көрсеткен хадистерде былай делінеді:

1. Абу Хурайрадан (радыяллаһу анһ) келген хабарда хазреті Пайғамбарымыз алейһиссалам былай бұйырады: «Бес уақыт намаз жəне жұма намазы, келесi жұмаға дейiн, ал Рамазан оразасы келесi Рамазанға дейiн iстелiнген күнəлардың кəффараты, яғни кешірілуіне себеп болады. Үлкен күнəдан сақтанатын кiсiнiң кiшкентай күнəларының кешiрiлуiне себепшi болады».Осы ара-

да істелген кіші күнəлардан құл ақысы болмағандар жуылады. Ал кіші күнəсы кешіріліп біткендердің үлкен күнəлары үшін тартатын азабының жеңілдетілуіне себеп болады. Бірақ үлкен күнəлардың кешiрiлуi үшiн тəубе ету керектiгiн ұмытпау керек. Үлкен күнəлары жоқ болса, онда дəрежесінің көтерілуіне себеп болады. Бұл хадис Муслимнiң Сахихiнде жазылған.Бес уақыт намазында кемшiлiгібар кiсiнiң кешiрiлуiне жұма намазы себеп болады. Жұма намаздары да кемшiлiктi болса, Рамазан оразасы себеп болады.

2. Абдуллаһ бин Масуд (радыяллаһу анһ) айтады: «Бiр күнi хазреті Расулдан алейһиссалам Аллаһу та’аланың ең жақсы көретiн амалын сұрағанымда: «Уақытында оқылған намаз» деп жауап бердi. Кейбiр хадистерде:«Алғашқы уақытында оқылған намаздықатты жақсы көредi».Бұдан кейiнгiқайсы амал деп сұрағанымда:

«Əке-шешеге жасалған жақсылық» деп бұйырды.Одан кейiн-шедеп сұрағанымда: «Аллаһ жолында жиһад ету» - деп жауап бердi. Бұл хадис Бухари мен Муслимде жазулы. Басқа бiр хадисте: «Ең жақсы амал бiреуге тамақ жегiзу»делiнген.Басқа бiреуiнде: 

«Сəлем беру» деп айтқан.Басқа бiр хадисте: «Ең iзгi iс түнде елдер тəттi ұйқыда жатқанда тұрып таһажжуд намазын оқу» делiнген. Басқа бiр хадисiнде Пайғамбарымыз: «Ең жақсы амалқолымен де, тiлiмен де ешкiмге зиян келтiрмеу»-деді.Басқа бiрхадисте: «Ең жақсы амал жиһад», тағы бiр жерде: «Ең жақсыамал хажжы мабрур»делiнген.Яғни ешбiр күнəараластырыл-май орындалған қажылық. «Аллаһу тааланы зiкiр ету» жəне «Үздіксіз орындалатын амал» деп айтылған хадистер де кездеседi.Сұрақ сұраған адамдардың жағдайларына немесе сол кезеңге сай əртүрлi жауаптар берiлген. Мысалы, Исламның бастапқы кезiнде ең абзал iзгi iс ол жиһад едi. [Заманымызда амалдың ең абзалы жазумен, баспамен кəпірлерге, мазһабсыздарға жауап беру, əһли суннет ақидасын жаю. Осылайша жиһад етіп жатқандарға ақшасы, мал-мүлкі жəне қол күшімен көмектескендер де бұлардың алатын сау-аптарына ортақ болады. Аяты карималар, хадис шəрифтер намаздың зекеттен, садақадан да үстем екенін көрсетіп тұр. Бірақ өлім ауы-зында жатқан кісіге бір көмек беріп құтқарып қалу намаз оқудан да жоғары тұрады. Демек ғибадаттардың бір-бірінен үстемдігі əртүрлі хал-жағдайға байланысты өзгереді.]

 3. Убада бин Сабиттен (радыяллаһу анһ) келген хабарда сүйікті Пайғамбарымыз былай деген: «Аллаһу таала бес уақыт намаз оқуды əмiр еттi. Егерде бiреу жақсылап дəрет алып бұларды уақытында оқитын болса, жəне рүкулері мен хушусын (жүректеноқу) толық орындаса, Аллаһу таала оны кешiретiндігiн уəде еткен. Ал бұны орындамағандарға ешқандай сөз бермеген. Қаласа ол кiсiнi кешiредi, қаласа азаптайды».Бұл хадисті Имам Ахмед, Абу Давуд жəне Насаи білдірген. Бұдан намаздың шарттарын, рүку мен сəжделерін мұқият орындау керектігі көрініп тұр. Дұрыс намаз оқығандарды əрине кешіреді.

4. Сахабалардың үлкендерінен Бурейда Асламидің (радыяллаһу анһ) айтуынша Расулуллаһ алейһиссалам: «Сiздер мен бiздiң арамыздағы ант - намаз. Намазды тəрк еткен кəпiр болады»-деді. 

Бұдан намаз оқитындардың мұсылман атануға лайықты екендігін түсінуге болады. Бұл хадисті имам Ахмед, Термизи, Насаи жəне Ибни Мажа білдірген.

5. Абу Зар Ғифари (радыяллаһу анһ) айтады: «Күздiң күнi хазреті Пайғамбар мен бiрге көшеге шықтық. Жапырақтар төгiлiп жатқан едi. Бір ағаштан екі шыбық кесіп алғанымда жапырақтары төгіліп қалды. «Ей,Əбу Зар!Бiр мұсылман Аллаһ разылығы үшiн намаз оқыса, мына ағаштан түскен жапырақтар сияқты күнəлары төгiлед-деді.Бұл хадис шəрифті имам Ахмед хабар берді.

6. Зайд бин Халид Жуханиден (радыяллаһу анһ) келген хабарда Расулуллаһ алейһиссалам былай бұйырды: «Бiр мұсылман хушумен (беріліп) жақсылап екі рəкат намаз оқыса, өткен күнəлары кешiрiлед.Яғни Аллаһу та’ала оның кiшкентай күнəларынкешiредi. Бұл хадисті де имам Ахмед білдірген.

7. Абдуллаһ бин Амр ибни Ас (радыяллаһу анһ) хабар берген хадис шəрифте Расул əкрəм (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) былай деген: «Егерде бiр кiсiнамазын уақытында оқыса,бұл намаз қиямет күнi нұр болып ол кiсiнiң тозаққа түсуiне кедергi болады. Намаз оқуға көңiл бөлмесе, қиямет күнi нұр болмайды жəне еш қандай жəрдем де таппайды. Өзі Қарун, Ферғаун, Хаман жəне Убай бин Халеф секілді кəпірлердiң сапында болады». 

Бұдан да көрініп тұрғанындай бір мұсылман намазды парыз, уəжiп, сүннеттерi жəне əдептерiне сай оқитын болса, қиямет күнi нұр ішінде болуына себеп болады. Осылай намаз оқуды жалғастырмайтын болса, жоғарыда аты аталған кəпірлер қатарында жəһаннамда қатты азапқа душар болады. Убай бин Халеф Мекке кəпірлерінің азғырындыларынан еді. Ухуд соғысында Пайғамбарымыз өз қолымен бұл ислам дұшпанын жəһаннамға жіберді. Бұл хадис шəрифті имам Ахмед пен Дарими білдірген. Бейхаки де «Шуаб-ул-иман» кітабында келтірген. Табииннiң үлкенi болған Абдуллаһ бин Шақиқ былай дейдi: «Сахабаи кирам (радияллаһу анһум) ғибадаттар iшiнде тек намазды тəрк етудің күпір болатынын айтты». МұныТермизи хабар берді. Абдуллаһ бин Шақиқ хазреті Омар, Осман, Əли жəне хазреті Айша анамыздан хадистер риуаят еткен. Хижраның жүз сегізінші жылында қайтыс болды. 

8. Абуддерда (радыяллаһу анһ) айтады: «Екі көзімнің нұры -    сүйікті кісім алейһиссалам былай дедi: «Отқа тасталсаң дақылышпен туралсаң да, Аллаһу таалаға ешбiр нəрсенi серiк етпе! Парыз намаздарды тəрк етпе! Парыз намаздарын бiлiп тұрып тəрк еткен кiсi мұсылмандықтан шығады. Шарап iшпе, өйткенi шарап бүкiл жамандықтардың кiлтi».Бұл хадисті ИбниМажа хабар берген. Демек парыз намаздарын мəн бермей тəрк еткен адам кəпір болады. Жалқаулықпен намазды тəрк еткен кiсi кəпiр бол-маса да үлкен күнə iстеген болады. Исламият білдірген бес үзірмен (кешірімді хал) намазды фəвт ету, яғни кешіктіру күнə болмайды. Шарап жəне алкогольді сусындардың барлығы зиянды. 

9. Абдуллаһ ибн Омар (радыяллаһу анһ) хазреті Пайғамбарымыздан естiген хадис шəрифі жайында былай дейдi:

«Намазын уақыты кiргенде дереу оқыған кiсiден Аллаһу тааларазы болады. Уақытының соңында оқығандарды да кешiредi».Бұлхадисті Термизи хабар берген.

10. Умми Фəрвə (радыяллаһу анһа) риуаятында Пайғамбарымыздан қай амалдың абзалдығы сұралды. «Амалдардыңең абзалы уақытында оқылған намаз»-деп жауап бердi.Бұл хадистіимам Ахмед, Термізи жəне Абу Давуд білдірген. Ғибадаттардың ең абзалы болған намаз уақыты кіре салуымен орындалғанда одан да үстем əрі аса құнды болуда. Айша анамыз (радыяллаһу анһа) хазреті Пайғамбарымыз (алейһиссалам) жайында былай дейдi: «Өмірімде Аллаһ елшiсiнiң намазды уақытының соңында оқығандығын екi рет қайта көрмедiм».Яғни бүкiл өмiрiбойынша бiрақ рет намаздыуақытының соңында оқыған. 

11. Айша (радыяллаһу анһа) тағы да хазреті Пайғамбарымыз жайында: «Расулуллаһтың ешқашан қалдырмай орындаған нəпiл ғибадаты таң намазының сүннетi болатын»-деген.Бұл хабарБухари мен Муслимде жазылған.Көрініп тұрғанындай Айша анамызбес уақыттың парыздарымен қоса оқылатын сүннет намаздарын - нəпіл намаздар деген. 

Ислам əлемiнiң атақты ғалымы, əулиелердің бас тəжі, мазһабсыз, жолдан азғырғандарға қарсы Əһли сүннеттің ең қамқор қорғаушысы, Аллаһ сүйген Ислам дінін жайып, бидғаттарды жойған ұлы мужаһид Имам Раббани мужаддиди əл фи сани Ахмед бин Абдулахад Фаруқи Сəрһəнди (рахметуллаһи алейһ) «Мəктубат» атты кітабының 1-шi том 29-мəктубында былай дейдi: «Аллаһу та’аланың разы болған iстерi парыз бен нəпiлдер. Бірақ парыз амалдар алдында нəпiлдердің ешбiр қадiрi жоқ. Бiр парызды уақытында орындау мың жыл үздіксіз нəпiл ғибадат еткеннен абзал. Бұған əр түрлі нəпіл намаз, зекет, ораза, зікір жəне пікір (тафаккур) жатады. Тіпті бiр парызды орын-дап жатып оның ішіндегі сүннеттерінен немесе əдептерінен біреуін орындау да басқа бөлек нəпiл ғибадаттарды орындаудан мың есе артық. Амирул Муминин Омар Фаруқ (радыяллаһу анһ) бiр күнi таң намазын оқып болғаннан соң жамағатқа қатыспаған бiр кiсi жайында сұрайды. «Ол кiсi түнi бойы нəпiл намаз оқиды. Бəлкім сондықтан шаршап ұйықтап қалған шығар» деген жауап алғанда: «Одан да түнімен ұйықтап, азанда таң намазына келгенi абзалырақ едi ғой» - деген еді. Бұдан бір парыздың өтелуі кезінде бір мустаһабын орындау немесе бір мəкрухынан сақтанудың зікір, пікір (тафак-кур) жəне əр түрлі нəпіл ғибадаттан үстемдігі айқын болып тұр. Əрине бұл нəпілдер парыздармен бірге орындалса, үлкен сауаптарға қауыштырады. Бірақ парыздар бір шетте қалып өзін нəпілге ұрып кетсе, пайдасы болмайды. Мiне сондықтан бiр теңге (парыз) зекет беру мыңдаған теңге (нəпіл) садақа бергеннен абзалырақ. Сол зекет парызын орындау кезінде бір əдебіне амал етілсе, мысалы зекетті жақын туысқан фақирге берудің өзі əлгі көлемді садақа ғибадатынан жоғары тұрады. [Түнгі намазға тұрғандардың қаза намазын оқулары керектігі осы жерден түсінікті.] 

«Мəктубат» кітабы парсы тілінде жазылған.Имам Раббани1034(м. 1624) жылы Үндістанның Сəрһəнд қаласында қайтыс болған. 

Өмірбаяны түрікше «Хақ сөздің дəлелдері», «Саадати əбəдия» жəне «Асхаби Кирам» мен парсы тіліндегі «Берекат» кітаптарында баяндалған.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы