Мұсылман намазды Аллаһу та’аланың əмiрi болғандықтан оқиды. Раббымыздың əмiрлерiнде көптеген хикмет, пайда бар. Тыйым салынған нəрселердiң адам баласына көптеген зияны бар екендiгi ақиқат. Бұл пайда мен зиянды нəрселердің бір бөлігі бүгiнгi күнгi медицина ғылымы тарапынан тiлге тиек етiлген. Ешқандай дін мен идеология-ой адам денсаулығына Ислам дініндей мəн бермеген. Дiнiмiз ғибадаттардың ең үстемі болған намазды өмiрiмiздiң соңына дейiн оқуымызды əмiр еткен. Намаз оқыған кiсiнің денсаулығына пайда беретiн нəрселерге қол жеткiзетiнi анық. Намаздың адам денсаулығына беретiн пайдаларының бiрнешеуi төмендегiдей:

  1. Намаздағы əрекеттер байсалдылықпен жасалғандықтан адам-ды шаршатпайды, жүрегiне күш түсірмейді. Намаз күннiң əртүрлi уақытында оқылатын болғандықтан адамның үнемi жiгерлi, қуатты болып жүруіне алып келеді.
  2. Күнiне басын сексен рет жерге қойған адамның миына рит-мге сай артық қан барады. Сондықтан мидың клеткалары толық қоректенгендiктен есте сақтау жəне жаратылысының (адамдық қасиет) бұзылуы намаз оқыған адамдарда өте аз кездеседi. Намаз оқыған адамдар денсаулық жағынан басқаларға қарағанда əлде қайда мықты өмiр сүредi. Бүгінгі медицинадағы “demans senil” деген алжу ауруына ұшырамайды. 
  3. Намаз оқыған кiсiлердiң көздерi ретпен еңкейiп тұрудың арқасында одан да қуатты қан айналымына ие болады. Осы себеп-тен көз iшiндегi қан қысымының артуының алдын алады жəне көздiң алдыңғы бөлiгiндегi сұйықтықтың үнемi ауысуына кепiлдiк етедi. Көзді “катаракт” немесе ”қарасу” ауруынан сақтайды.
  4. Намаз оқудағы əрекеттердің асқазандағы азықтардың жақсы араласуына, өттiң оңай ағуына жəне өт қалтасында тас пайда бол-мауына, iш кебуiн кетiру үшiн де ролi үлкен. Бүйректiң жəне зəр жолдарының жақсылап шайқалуынан, бүйрекке тас байлануының алдын алуға жəне қуықтың босауына да жəрдемшi болады.
  5. Бес уақыт намаздағы ритмдiк əрекеттер күнделiктi өмiрде қозғалмайтын бұлшық еттердiң қозғалуына өз əсерiн тигiзедi. Остре-хандроз сияқты буын ауруларын жəне сiңiр тартылуларының алдын алады.
  6. Дененiң саулығы үшiн тазалықтың маңызы өте зор екендiгiн бiлемiз. Дəрет жəне ғұсыл - əрі рухани əрі дене тазалығы. Ал намаз – тазалықтың нағыз өзі. Дене жəне рухани тазалықсыз намаз оқуға болмайды. Дəрет жəне ғұсыл дене тазалығын сақтайды. Ғибадат мiндетiн орындайтын адам рухани демалып тазарады.
  7. Намаз уақыттары - қан айналымын тазалау жəне тыныс алу жолдарын күшейту үшін ең ыңғайлы уақыт.
  8. Ұйқыны ретке келтiретiн маңызды элемент - намаз. Денеде жиналған электрлiк қуат сəжде жасағанда жерге өтедi. Осылайша дене қайтадан нейтрализацияланады. 

Намаздың бұл пайдаларына қол жеткiзу үшiн, намазды уақытылы оқумен қатар, тазалыққа, көп тамақ жемеуге жəне жеген нəрсенiң таза жəне халал болуына мəн беру керек.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы