Фидйа ақшасы мирастың үштен бiрінен асса, мұрагерлер рұқсат етпейiнше, уəлисі мүлiктiң үштен бiрiнен көбiн жұмсай алмайды. 

«Қыниа» атты кiтапта:«Өмiрiбойы өтемеген намаздары үшiнмүлкінің үштен бiрiн беруді өсиет еткен мəйіттің қарызы болып, қарыз иесi алдымен өсиеттiң орындалуына рұқсат берсе де, бұл өсиеттiң жүзеге асырылуы дұрыс емес»-делiнген.Өйткенi Ислам үкімдері бойынша алдымен қарыздарының өтелуi əмір етілген. Қарызды өтеуі мерзімін, алашақты адамның ризалығы болса да, кешіктіруге болмайды. 

Өмiр бойы өтемеген намаздарының исқат етілуі үшін өсиет ет-кен кiсiнiң қанша жаста дүние салғандығы белгiсіз болса, қалдырған мұрасының үштен бірі намаздарының исқатына жетпеген жағдайда бұл өсиет жаиз болады. Мұрасының үштен бірі исқат үшін жетсе жəне артса, өсиеті жаиз болмайды. Өйткені мүлкінің үштен бірі исқат етуге жетпеген жағдайда, бұл үштен бір мүлікпен исқат етілетін на-маздар саны анық болғандықтан, өсиеті бұл намаздар үшін сахих болады. Қалған намаздары үшін айтылған өсиет бос сөз болады. Мұраның үштен бірі исқаттан көп болған жағдайда марқұмның жасы белгісіз болғандықтан намаздар саны да белгісіз болып қалады, мұндай жағдайда өсиет дұрыс болмайды. 

Намаз исқаты үшін өсиет еткен мəйттің мал-мүлкі болма-са немесе үштен бірі өсиетке жетпесе яки өсиет айтпай, уəлисі өз мүлкімен исқат еткісі келсе, дəуір жасайды. Бірақ мұрагері дəуір етуге міндетті емес. Дəуір ету үшін мұрагері бір айлық немесе бір жылдық исқат үшін керек болған алтын теңге, білезік, жүзік немесе базарда өтетін күміс теңгені қарызға алады. Дүниеден өткен ер кісі болса жасаған жасынан он екі жас, əйел болса тоғыз жас алынып тастап қанша жыл қарызы болғандығын есептейді. Бiр күндiк алты намаз үшiн (үтiр намазымен бірге) 10 кг, бiр календарлық жыл үшін 3660 кг бидай беруi керек.Мысалыға, 1кг бидайды50теңге50 тиын деп алсақ, бір жылдық намаз исқаты 184830 теңге, қысқаша 186000 теңге болады. Ал бір алтын теңгенің (салмағы 7 грамм 20 сантиграмм) құны 12000 теңге болса, бір жылдық намаз исқаты үшін 15,5 дана, сенімді болу үшін 16 алтын теңге керек болады. 

Мəйіттің мұрагері мысалыға сондай алтыннан 2 алтын теңге қарызға алады жəне дүниеге беріліп кетпеген, дінін құрметтейтін 4 кедей та-бады. (бұлардың пітір бере алмайтын, яғни садақа алатын кедей бо-лулары шарт. Кедей болмаса исқат қабыл болмайды.) Өлген кiсiнiң  өкiлi: «Марқұм пəленше ұлы пəленшенің исқаты салаты(намазисқаты) үшін өтеу ретінде осы 2 алтынды саған бердім»-деп кедейкiсiге садақа ниетімен бередi. Алған кiсi: «Алдым,қабыл еттiм»– деп алады жəне біраздан кейін, «Өзiңе қайта сыйладым» - деп əлгі алтындарды өкiлге қайта бередi жəне өкіл қабыл алады. Кейiн тағы да осыған немесе басқаға берiп, қайта алады. Осылайша бiр кедейге төрт рет немесе төрт кедейге бiр реттен беріп, кейін сыйлық ретінде алумен бiр дəуір болады. Бір дəуірде 8 алтындық намаз каффараты исқат етілген болады. Мəйіт ер кісі алпыс жасында болса: 48×16=768 алтын теңге беруі керек болады. Сондықтан 768÷8=96 рет дəуір жа-салады. Алтын саны төрт болса, 48 дəуір; алтын саны сегіз болса, 24 дəуір жасайды. Кедейлер саны он жəне алтын теңге саны да он болса, 48 жылдық намаз қазасының исқаты үшін 7,68 дəуір жасалады. Өйткені: Намаз оқымаған жылдар×бір жылдық намаз үшін берілетін алтын саны = кедей кісі саны × дəуір жасайтын алтын саны × дəуір саны.Мысалы: 

48 × 16 = 4 × 2 × 96 = 4 × 4 × 48 = 4 × 8 × 24 = 10 × 10 × 7,68 

Жоғарыда көрсетілгендей дəуір санын табу үшін:  біріншімəйттің намаз оқымаған жылдар саны бір жылдық алтын саны-на көбейтіледі. Сонан соң кісі санын дəуір жасаған алтын санына көбейтеді. Осылайша бірінші көбейтіндіні кейінгі көбейтіндіге бөледі.Бұдан дəуір саны шығады.Бидай мен алтынның қағаз ақшақұны əрдайым бірдей мөлшерде өзгеріп отырады. Яғни бидай мен алтынның құны əрқашан бірдей арзандайды немесе қымбаттайды. Сондықтан исқат үшін берілетін бір жылдық бидай мөлшері өзгермегені сияқты, бір жылдық алтын саны да жоғарыда есептел-гендей 16 алтын болып қала береді. Сондықтан Исқат есебі үшін: 

Бір айлық намаз исқаты - 1,3 алтын; бір айлық Рамазан ораза исқаты - 0,45 алтын. -деп қабылданады. Дəуір жасалатын алтын мөлшері жəне дəуір саны осыдан есептелінеді.

Намаз исқаты біткен соң тұтылмаған, қазасы өтелуі керек болған оразалардың исқаты үшін бес алтын төрт кедейге үш рет дəуір етіледі. Өйткені бір жылғы ораза мөлшері бір ай, яғни отыз күндік ораза исқаты 52,5 кг бидай немесе 1,6 грамм алтын, яғни 0,45 дана алтын теңге болады. Сондықтан Ханафи мазһабында бір алтын теңге екі жылдық оразаны исқат етеді жəне қырық сегізжыл үшін 24 алтын беру керек болады. 2 алтынмен төрт кедейге бір дəуір жасалғанда 8 алтын берілген болады. Үш дəуірде 48 жылдық ораза исқаты жасалған болады. Қазасы өтелуі керек болған оразалар исқаты біткен соң зекеті үшін, кейін құрбандығы үшін бірнеше дəуір жасалады. 

Бір бұзылған ант үшін күнде бір кедейден он күн, немесе он кедейді күніне екі рет тамақтандырып тойдыру керек. Ниет етіліп үзірсіз бұзылған бiр күндік оразаны өтеу үшін бір күнде алпыс кедейді тойдыру керек. Бір күнде бір кедейге жарты саъ (жарты саъ=1750гр) бидайдан артық берілмейді. Яғни бірнеше ант каффаратын он кедейге бір күнде беруге болмайды. Ондай болса ант жəне ораза қазасы үшін бір күнде дəуір жасау мүмкін емес. 

Қайтыс болған кісі бұзылған анты үшiн өсиет қалдырған болса, бiр ант үшін бір күнде он кедейдің əрбіріне 2 кг бидай, ұн немесе осы заттың құнына тұрарлық басқа бiр зат, алтын, күміс беріледі. Бұлардың бəрiн бiр кедей кiсiге он күнде беруге болады. Немесе бiр кедейге ақша берiп: «Сені өкіл еттім. Мына ақшамен əркүнi таңертең жəне кешке он күндiк мерзiмде тамақ алып iш»-деуге болады. Кедей бұл ақшаны тамақтанбай газет, кофе сияқты нəрселерге жұмсаса, жаиз болмайды. Ең абзалы ақшаны бiр асхананың аспаз-шысына беріп, əр күнi бiр кедей кiсiні екi мерзiм тамақтандыруға келісу. Ниет етіп кейін бұзылған ораза жəне зихар каффараттарын өтеу де дəл осылай болады, бірақ бұл екеуінде бір күндік каффарат үшін алпыс кедейге бір күн немесе бір кедейге алпыс күн жарты саъ (1750гр) бидай немесе осы бағада басқа зат беру немесе күнде екі рет қарынын тойдыру керек. 

Өсиет етiлмеген зекеттi исқат ету мiндетті емес. Мұрагердің зе-кет исқатын өз қалауымен дəуір жасай алатындығына фəтуа берілген. Мұрагер кiсi дəуір жасағанда алтындарды кедейлерге бергенінде «намаз жəне ораза исқаты» деп ниет етуі керек.Алушы кiсiкерiқайтарғанда «сыйладым» деуi, ал өкiл болса «алдым, қабылдадым» деуi керек. Мұрагер кiсi дүниеден өтiп кеткен адамның исқатын жа-сай алмаса, орнына басқа бiреудi өкiл етеді. 

Имам Биргивидiң «Өсиеттер» атты кiтабында: «Кедейлердiң зекет беретiндей мүлікке ие болмаулары керек. Өлген кiсiнiң туы-сынан болса жаиз. Кедей кiсiге ақша берiп жатып: «Пəленше кiсiнiң пəлен мөлшердегi намазының исқаты үшiн мынаны саған бердiм» - дейді. Ал жауап ретiнде оған: «Қабыл еттiм – дейді. Алтындар-ды алғаннан кейiн өзiнiкі екендiгiн сезiну керек. Білмесе, алдын-ала үйрету керек. Алтындарды алған кедей жаны ашып, өз қалауымен: 

«Пəленшенің намаз исқаты үшін өтеу ретінде саған осы алтындарды бердім»–деп басқа кедейге береді.Ол да:«Қабыл еттім»–дейді. Алғаннан соң өз мүлкім деп білу керек. Егерде аманат ретiнде қабыл еткен болса, онда бұл жағдайда исқат қабыл етiлмейдi. Екінші кедей: «Қабыл еттім» – дегеннен соң, «Осы ниетпен саған бердім» – деп үшінші кедейге береді. Осылайша намаз, ораза, зекет, құрбан, пiтiр садақа, нəзір, құл жəне хайуан ақылары үшiн дəуір жасалады. Бiреудi алдау, саудада таразыдан жеу де құл хақына кiреді. Ал ниет етіп үзірсіз бұзған ант жəне оразалар үшiн дəуір ету дұрыс емес». 

Ең соңында алтындар қай кедейде қалған болса, сол кісі өз қалауы жəне ризашылығымен мұрагерге: «Мына алтындарды өзiңе сыйлық еттiм»–деп,ал оған өкiл: «Қабыл еттiм»-десе қабыл етiледiдедүниеден өткен кiсi үшiн исқат жəне дəуір жасалынған болады. Ал егер кедей алтындарды сыйға тартпаса, өз мүлкі болғандықтан ешкім одан тартып ала алмайды. Мұрагер ақшаны, алтынды немесе дүниеден өткен кiсiнiң киiмдерiн кедейлерге берiп, бұл садақаның сауабын да мəйіттің рухына бағыштайды. Қарызы болған кедей жəне балиғат жасына толмаған бала дəуір жасауға қатыспау керек. Өйткені алтындарды алғанда алдымен қарыздарын өтеу парыз болады. Бұл парызды орындамай, алтындарды мəйіттің исқаты үшін жанындағы кедейге беруі жаиз болмайды. Дəуір қабыл болса да өзі сауап ала алмайды. Тіпті күнəһар болады. 

Мүлкi, мирасы болмаған кiсi өлер алдында дəуір етiлуiн өсиет етсе, мұрагеріне бұл өсиетiн орындау уəжiп болмайды. Мəйітке қаза-қарыз каффараттарын исқат ететіндей дүниесiн мирастың үштен бiрiн аспау шартымен өсиет етіп кетуі уəжiп болады. Сонда дəуір жасау қажет болмай, исқат етіледі. Мүлкінің үштен бiрi исқатқа жетсе де, үштен бiрiнен аз малын дəуір етуді өсиет етсе күнəһар бо-лады. «Ибн Абидин» кiтабының 5-шi томының 270-шi бетiнде былай дейдi: «Артында кiшкентай балалары немесе балиғатқа жет-кен (ересек жаста) өзі кедей, мирасқа мұқтаж, салих ұл-қыздары қалған ауру кiсiнің, бүкіл мирасын нəпiл болған қайырымдылықтарға берілуін өсиет етпегені жақсы. Керісінше бар дүниесін салих балаларына қалдыруы абзал». «Бəззазия»атты кiтапта сыйлық жайында түсiндiргенде: «Артында пасық-күнəға берілген ұл-қызы болғанкісінің, бүкіл мүлкін садақа, қайырымдылықтарға жұмсап, балала-рына мирас қалдырмауы керек. Өйткенi күнə iстеуге көмектескен болады. Пасық балаға да нафақасынан артық ақша, мал-мүлік бер-меу керек»-делінген. 

Өте көп намаз, ораза, зекет, ант, құрбан қарыздары болып, ол үшiн мирасының үштен бiрiнен аз болған дүниесiн дəуір етiлуi жəне қалған малымен Құран Кəрiм, хатым жəне мəулiт оқытылуын өсиет ету жаиз емес. Оларды оқу үшiн ақша берген жəне алған адам күнəһар болады. Құран Кəрiмдi үйрету үшiн ақша алу жəне беру дұрыс делiнген. Ал оқу - оқыту үшін жаиз емес. 

Өлген адамның қарыз намазын, оразасын мирасқоры немесе басқа бiреудiң оқып не тұтып қаза етуі дұрыс емес. Бiрақ нəпiл намаз оқып, ораза ұстап сауабын өлген адамның рухына бағыштау дұрыс əрі жақсы болады.

Өлген адамның қарыз болған қажылығын өсиет еткен адамының өтеуi жаиз. Яғни өлген адамды қарызынан құтқарады. Өйткенi қажылық - əрі денемен, əрi мал-мүлiкпен орындалатын ғибадат. Нəпiл қажылықты кез-келген уақытта өзгелердiң орнына жасауға болады. Парыз қажылығы болса, тек өмірінің соңына дейін қажыға бара алмайтын жағдайдағы кісінің орнына өкілі орындайды. 

«Мəжма-ул-анхур» жəне «Дурр-ул мунтақа» атты еңбектердебылай делiнедi: «Өлген адамның исқаттары (қарыздары) ол кiскөмiлмей тұрып өтелуi тиiс».Көмiлгеннен кейiн де өтеуге рұқсатбар екендігі «Кухистани» атты кітапта жазылған. 

Мəйіт үшiн намаз, ораза, зекет, құрбан қазасының исқатында, бiр кедейге нисаб өлшемiнен (96гр алтын) артық мүлік беруге бола-ды. Тiптi алтынның барлығын бiр кедейге беруге де болады. 

Өлiм аузында жатқан кiсiнiң қаза болып қалған намаздарының фидйасын (төлемiн) беру дұрыс емес. Ораза ұстай алмайтындай жасқа келген қарттардың ораза орнына фидйасын берулері жаиз. Ауру кiсi намаздарын ишаратпен оқыса да өтеуi керек. Ишаратпен бiр күннен артық намазын өтеуге күшi жетпеген кiсiнiң оқымаған намаздары кешiрiледi. Денсаулығы жақсарғанда бұл намаздарды қаза етпейдi. Ал ұстай алмаған оразаларын қайтадан өтеуi керек. Денсаулығы нашарлап дүниеден өтетiн болса, оразаларының қарызы кешiрiледi.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы