Көнеден келе жатқан әңгімелердің бірінде, бір кісі түсінде Мұхаммед пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)көреді. Алайда, неге екенін, пайғамбарымыз оған бұрылып қарамайды. Ол кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, әлде маған ашулысыз ба?» – деп сұрағанда, «Жоқ» деген жауап естиді. 

–  Онда неге маған қарамайсыз?

–  Өйткені сені танымадым.

–  Мені қалай танымайсыз, мен сіздің үмбетіңізбін ғой. Ғалымдар сізді үмбетін өз баласын таныған анадай таниды деуші еді.

–  Ғалымдарыңыз дұрыс айтқан, бірақ сен салауат айтып, мені есіңе алмадың. Менің үмбетімді тануым маған айтқан салауаттарына байланысты.

Осы сәт әлгі кісі оянып кетеді. Сол күннен бастап күніге жүз салауат айтуды бұлжымас әдетке айналдырады. Біршама уақыттан соң тағы да түсінде Пайғамбарымызды (с.а.с.) көреді. Пайғамбарымыз оған: «Сені енді таныдым. Ақыретте саған да шапағат жасаймын», – деп сүйінші хабар айтады.

Өйткені әлгі кісі салауат айтып жүріп, Пайғамбарымызды жақсы көріп кеткен еді. 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы