Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап:

«Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді.

Ол: «Иә, неге?» – деді.

Салман: «Бір күні Аллаһ елшісімен бірге осылай бір ағаштың астында саяладық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған қарап: «Салман, неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – дегенде, мен де «Айтыңыз, уа, расулаллаһ?» – дедім. «Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса, мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады», – деді де, артынша: «(Мұхаммед) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен құптан) намазын толық орында. Анығында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар үшін насихат» – деген аятты оқыды.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы