Бірде Әбүл-Хайсам:

– Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді.

Ұқба ибн Амр:

– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді.

– Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші.

– Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының  айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген жауаппен сабырға шақырады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы