Хижри санағы бойынша оныншы жылы Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ қажылық парызын орындап біткен соң, мынадай Құраннын аяттары түсті:

«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (Мәида суресы 3 аят).

Бұл аятты естіген Абу Бәкір көзіне ерік беріп жылай кетті. Жанындағы сахабалар: «Әй, Абу Бәкір неге жылайсың, бұл әдеттегідей Құран аяттары емес пе?» - деп жұбатуға тырысты. Абу Бәкір ﴾р.а.﴿ бұл аятта Алла Тағала Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ біздің арамыздан кетуі жайлы меңзеп тұр деді.

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ қайтыс болуына тоғыз күн қалғанда Құран Кәрімнің соңғы аяттары түсті: «Аллаға кайтарылатын,сонан соң әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін күннен сақтаныңдар». (Бақара сүресі 281-аят).

Күн өткен сайын Пайғамбарымыздың ﴾ﷺ﴿ халі нашарлай бастады. Сахабаларға Ухуд соғысында шейіт болған сахабаларының бейітіне барғысы келетінін айтты. Ол жерге келгенде: «Әй, Ухуд соғысында шейіт болғандар, сіздерге Алланың сәлемі болсын, сіздер жаксылықта озатсыздар, Алла каласа біз де сіздермен қауышармыз, Алла қаласа мен сіздермен қауышамын», - деп сөзін аяқтады.

Ухуд соғысында шахит болған сахабаларының бейітінен келе жатып, Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ көзіне жас алып жылады. Мұны көрген сахабалар: «Ей, Алланың елшісі сізді не мазалайды, неге жылайсыз?» - деп жұбатуға тырысты. Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿: «Сүйікті бауырларымды сағындым», - деп жауап берді. Сахабалар: «Алланың елшісі, біз сіздің бауырыңыз емеспіз бе?» - деп сұрақ қойды. Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿: «Сендер менің достарымсыңдар, менің сүйікті бауырларым мен әлемнен өткеннен соң келеді, олар мені көрмесе де маған иман келтіреді»- деп жауап қатты.

Пайғамбарымыз қайтыс болуына үш күн қалды, ауруы асқынып мазасы қашты, ол кезде Маймуна анамыздың үйінде болатын. Аналарымыздың басын қосып, егер қарсылык танытпаса Айша анамыздың үйінде болғысы келетінін жеткізді, аналарымыз қарсылығы жоқ екендігін жеткізді. Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ орнынан тұруға шамасы келмеген сон, Али ибн аби Толиб және Фадыл ибн Аббас Пайғамбарымызды ﴾ﷺ﴿ сүйемелдеп Маймуна анамыздың үйінен алып шықты. Мұндай көріністі көрген сахабалар, Пайғамбарымызға ﴾ﷺ﴿ не болды деген үрейлі жанашырлықпен бір - біріне сұрақ қоюмен болды. Бұл хабар Мадина каласына лезде тарады, пайғамбардың ﴾ﷺ﴿ халін сұрауға келген сахабалар мешітке лық толы. Айша анамыз  Пайғамбарымызды күтіп алуға алдынан шығып, қолынан сүйемелдеп көмектесуге тырысты. Қатты терге малынып, өмірімде адам баласының мұншалықты терлегенін алғаш рет көруім. Пайғамбарымыздың ﴾ﷺ﴿ қолымен бетін сүртетінмін, өйткені оның қолы менің қолымнан да жұмсак, жайлы болатын. Және-де жанында келе жатып мынандай сөздерді естігенін жеткізді: «- Алладан басқа тәңір жоқ, расында менің бойымдағы көрініс өлімнің белгілері».

Пайғамбардың ﴾с.а.у.﴿ халін сұраушы сахабалардың жарқын дауыстарын естіген Алла елшісі: « -Бұл не деген көпшіліктің ызыңы?» - деп жанындағылардан таңдана сұрады. «Уа, Алланың елшісі, олар сіздің науқастанып қалғаныңызды естіп, сізді көруге асығуда», - деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ келген сахабалармен қауышқысы келетінін айтып, мешітке кіріп сахабалармен сәлемдескен соң мінберге көтеріліп былай деді:

«Сіздер менің науқастанып қалғанымды естіп келген боларсыздар? Сахабалар ﴾р.а.﴿: «Иә, солай», - деп жауап қайтарды.

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿: «Ей, достарым!  Менімен қауышатын орындарыңыз жалған дүние емес, бәлкім мәңгі дуниедегі хауыз бұлағының жанында болар».

«Ей, адамдар! Алланың атымен ант етемін. Сіздерді кедей болып, Алланы еске алушылардан кайғырмаймын. Дүниеге қатты беріліп, Алланы еске алмаушы үмбетім жайлы қауіптенемін, өйткені дүние сіздерден алдынғы қауымды жермен жексен етті.

Ей, адамдар! Алланың есімімен ант етейін, намазды сақтаңыздар, Алланың есімімен ант етейін, намазды сақтаңыздар!» - деп бірнеше мәрте қайталады.

Ей, адамдар! Әйел кісілерге қиянат жасаудан Алладан қорқыңыздар,әйел кісілерге қиянат жасаудан Алладан қорқыңыздар, әйел кісілерге жақсы мәміледе болуларыңызды өсиет етемін.

Ей адамдар! Расында, адамдардың ішіндегі озаты, жалған дүниемен шын дүниені таңдау еркі берілсе, шын дүниені таңдағаны», - деп сөзін аяқтады. Айтылған соңғы сөздің мағынасын сахабалардың арасынан Абу Бәкірден баска ешкім түсінбеді. Ол айтылған астарлы сөздерде Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ өзін меңзеп тұрған еді. Әбу Бәкір ﴾р.а.﴿:

«Уа, Алланың елшісі! Ата-анам сіздің жолыңызда құрбан болсын, әйел балаларым сіздің жолыңызда құрбан болсын, мал дүнием сіздің жолыңызда құрбан болсын, сіздің арамыздан кетуіңізді қимаймын»,- деп көзіне ерік беріп, шыдай алмай дауыстап жылай бастады.

Сахабалар ﴾р.а.﴿:

«Не айтып тұрсың, арамыздан кетпеңіз дегенің қалай?» - деп Әбу Бәкірге ﴾р.а.﴿ сұрақ қойып мазалады.

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ Әбу Бәкірдің орнына жауап беру мақсатында былай деді: «Ей, адамдар! Әбу Бәкірді мазаламаңыздар, сіздер жақсылық амалдарында бір-бірлеріңізбен теңесе аласыздар, бірақ Әбу Бәкірмен теңесе алмайсыздар. Абу Бәкірді Аллаға тапсырдым, оның лайықты сауабын өзі мөлшерлеп береді. Жаннат есіктері  жабық тұрады, бірақ Абу Бәкірге ашық тұрады.

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ мінбердан түсер алдын сахабаларына былай деді:

«Ей, адамдар! Қияметке дейін келетін үмбетіме менен сәлем айтыңыздар!»- деп сөзін аяқтап мінбердан түсті. Сахабалар сүйемелдеп бөлмесіне кіргізді. Ауруы асқынғаны соншалықты, мисвак алып тісін тазалауға әрекет еткенімен шамасы келмеді. Мұны байқаган Айша (р.ғ.-һа) мисуакты алып Пайғамбарымыздың ﴾ﷺ﴿ аузына салып берді, оны қолдануга шамасы келмеді, мисвак кұрғақ болуына байланысты Айша (р.ғ.-һа) мисвакты алып өзінің аузына салып мисуакты ылғалдап қайта Пайғамбарымыздың ﴾ﷺ﴿ аузына салып тісін тазалауына көмек жасады.

Айша (р.ғ.-һа) анамыз былай деді: «Пайғамбарымызбен ﴾ﷺ﴿ соңғы сәттерінде мисуак арқылы түкірігіміз араласты.

Айша (р.ғ.-һа) анамыз былай деді: «Пайғамбарымызды ﴾ﷺ﴿ көру үшін қызы Фатима (р.ғ.-һа) келді. Әрдайым келгенде сүйікті захра қызының маңдайынан сүюші еді, бірақ осы жолы сырқатына байланысты қызын сүйіп еркелетуге  шамасы келмеді. Әкесінің мұндай күйде жатқанын көрген Фатима (р.ғ.-һа) көзіне жас алып жылай бастады.

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ сүйікті қызына былай деді: «Фатима, қызым маған жакында», - деп құлағына сыбырлады. Фатима (р.ғ.-һа) жылай бастады. Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ екінші рет: «Фатима (р.ғ.-һа) қызым, кұлағыңды жақындат бір сөз айтамын», - деді. Құлағын тосқан соң, жылағанын тоқтатып күлімсірей бастады.

Айша (р.ғ.-һа) анамыз Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ қайтыс болғаннан соң, біршама уақыт өткеннен кейін, Фатимадан (р.ғ.-һа) Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ өлім төсегінде жатқан кезде, құлағына сыбырлағанда  жылаганын, екінші сыбырлағанда күлгені жайлы сұрады. Фатима (р.ғ.-һа) алғашқы сыбырлағанда сол күні түнде қайтыс болатынын айтқанда жыладым, екінші сыбырлағанда туыстардың ішінде алғашқы болып менімен қауышатынын айтқанда қуанғанымнан күлімсіредім деп жауап берді.

Расында, Фатима (р.ғ.-һа) Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ қайтыс болғаннан соң, алты айдан кейін қайтыс болды.

Айша (р.ғ.-һа) анамыз былай деген: «Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ бөлмеде жалғыз қалуын жеткізді, ол жердегі адамдармен қосылып менде есікке таянған сәтімде Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ менің қалуымды ескертті. Мені жанына шақыртып мубарак басын аяғыма қойып ұйқыға кетті. Бірнеше уақыттан кейін: «Жаратушы раббыма қайтуды қалаймын», - деген сөздерді қайталады. Мен іштей өмір сүрумен өлім таңдау еркі берілгенін түсіндім. Мубарак денесінен жаны шығып Алланың рахматына кетті, қолымда жатқан басы қимылсыз қалғанда қайтыс болғанын түсініп адамдарға хабарын берді.

Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы,
Алматы қаласы, «Бәйкен» мешітінің наиб имамы



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы