Әссәләмуғалейкум! Мынаны білгім келеді: ерлі-зайыптылардың моншаға бірге түсулеріне бола ма?  

 

Уағалейкум ассалам! Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (р.а.) Алла елшісімен бірге жуынғандығын айтқан[1].  

Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.   

Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла елшісі (ﷺ) былай деген:

«Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» - яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].


[1] Сахих Мүслим.
[2] Тирмизи - №606 хадис

Абдусамат Қасым

 

 

 

 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы