Кайырлы күн! Ағам осыдан 6 жыл бұрын үйленіп, некесін имамға қидырған еді. Бірақ, айелі екеуі жараспай, 1 жылдан соң ажырасып кетті. Енді ағам тағы да басқа әйелмен үйленбек ойы бар. Жалпы, ағама екінші рет некелесуге бола ма? Алдыңғы некесі не болмақ? А.

 

Қайырлы күн, А. ханым! Алғашқы әйелімен ажырасқан ағаңыз көңілі сүйген өзге әйелмен некелесіп, қайта шаңырақ көтеруге құқылы. Оның алғашқы әйелімен ажырасуы қайта шаңырақ көтеруіне еш кедергі емес. Тек өткенінен ғибрат алып, жіберген қателіктерін қайталамай, алдағы құрғалы отырған шаңырағын берік ұстауға бар күшін салуы тиіс. Жанұя өз алдына мемлекет іспетті. Сол мемлекеттің баянды әрі берекелі болуы ерлі-зайыптылардың өзара түсіністіктеріне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. 

Абдусамат Қасым


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы