Әссәләмуғалейкум! Кыстың кезінде Ішкі дәретті аларда су қолданып жүрмін. Алайда күнның суықтығынан қауыптенем. Сіздерге сұрағым:  кіші дәрет сындырған сайын сумен тазалану міндет па, әлде көрсетілген жеңілдік бар ма? Алдын ала рахмет! 

Уәғалейкум әссәләм!

Әжетқанада, қажетін өтегеннен кейін тазалануды шариғатта «истинжа» дейді. Истинжа деп, екі жолдан шыққан нәжісті, дәрет қағаз  немесе кесекпен яки су қолдану арқылы, тазалану жолын айтамыз. Истинжада су қолдану сүннет амалына жатады. Деседе, нәжіс шыққан жеріне жайылатын болса, су қолданып тазалау уәжіп.[1] Сондықтан да, егер сіз кіші дәрет сындырғаннан кейін, зәр жән-жағына шамамен алақанның ойысындай көлемде[2] жайылмайтын болса, сізге су қолданбастан, дәрет қағаз қолдануыңызға рұқсат.

  • Осы тұрғыда айта кететін маңызды мәселе, ішкі дәретте мұсылман бауырларымыз барынша денсаулыққа назар аударғаны дұрыс. Ол үшін мына үш нәрсені естен шығармауы тиіс: Біріншісі – тек белгілі жағдайда ғана истинжада су қолдану уәжіп болмақ, ал көбіне үкімі – мұстахаб. Яғни, су қолдану қолайсыз кезде кіші дәретте дәрет қағазымен де шектелсек жеткілікті. Екіншісі – барынша жылы су қолдануға тырысу керек.   Үшіншісі – әжет мүшесінің тек нәжіс шыққан жерін ғана жуса жеткілікті, айналасын жуудың қажеті жоқ.

[1] Абдуллах бин Махмуд әл-Маусулий, Ихтияр ли тағлилиль Мухтар, 1-том, 121- бет.
[2]Асғат Мухаммад Сағид ас Сағиржи, әл фиқһуль ханафи уә әдилләтуһу, 1-том, 40-41 беттер.

Абдусамат Қасым


Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы