Назарет қаласында ағылшын археологтары жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Иса пайғамбар өмір сүрген үйдің орны табылды. Бұл туралы «Росбалт» ақпараттық агенттігі хабар таратты.

XIX ғасырдың соңында Иса (а.с.) пайғамбар мен Мәриям ананың өмір сүрген мекен туралы деректер анықталған да еді. Алайда,  ғалымдар бұл мәселеге күні бүгінге дейін аса мән беріп, зерттей қоймаған.

Ұлыбритания зерттеушілері жүргізген қазба орындарының суреттерін жариялады. Ғалымдардың пайымдауынша, I ғасырда салынған Иса пайғамбардың үйі, тас қабырға қалдықтары фотода анық байқалады. 

ummet.kz-ақпарат



Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы