Өзіңіздің отбасылық өміріңіз бақытты болу үшін, келесі жеті қағиданы ұстаныңыз:

1. Ешқашан бажылдаспаңыз. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар есейген сайын, осы қағида жиі-жиі бұзылады. Кейбіреулер таң атқаннан кешке дейін күңкілдесіп жатады. Өзіңіз айтыңызшы: бұған кім шыдай береді?!

2.Сүйіңіз және басқаның сүюіне мүмкіндік беріңіз. Өзіңіздің жұбайыңызды өзгертуге тырыспаңыз.

3.Сынамаңыз: «Некедегі табыс негізінен өзіңе сай болатын адамды табуға емес, өзіңнің сай бола білу қабілетіңе байланысты болады». (Л.Ф.Вуд)

4.Шын жүректен қоштаңыз. Өз жартыңызға жұмсақ, кішіпейіл болыңыз, жиі алғыс айтып тұруды ұмытпаңыз. Қаласаңыз алғыс айтатын сылтау табылады.

5.Бөлінген титтей көңілдің өзін де ескеріп отырыңыз.  Сол кезде еріңіз өзін сіздің жақсы көретініңізді,  жағымды нәрсе істегіңіз келетінін түсінеді (туған күнімен, үйленген күнмен құттықтау, еріңіз жұмысқа, іссапарға шығып бара жатқанда бетінен сүйіп шығарып салу және келген кезде сүйіп қарсы алу және т.б.)

6.Биязы болыңыз. Егер әйелдері өз күйеулеріне бөтен еркектерге көрсеткен биязылықтарын көрсетер болса, отбасылық өмірде қиыншылықтар әлдеқайда азайған болар еді.

7.Төсек қатынасы мәселелерінде сауатты болыңыз. Ажырасып жатқан он жұптың тоғызының себебі осы жыныстық қатынастағы түсініспеушіліктер. Осы тақырыптағы жақсы жазылған кітаптарды оқыңыз, өкінішке орай, көптеген отбасылық жұптар осы жыныстық қатынас мәселелері жөнінен білімсіз болып жатады.

Өзіңіздің отбаслық өміріңізді бақытты ету үшін отбасылық қарым-қатынаста осы қарапайым ғана жеті қағиданыұстауға тырысыңыз.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы