Бүгін Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесе отырып, «Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Басқосуға Сенат депутаты Жабал Ерғалиев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, т.б. дін саласының мамандары мен оқу орнының басшылары қатысты.

Мінберде баяндама жасаған Марат Алмасұлы: «Мәңгілік елдің тірегі – мәңгілік құндылықтар. Көнермес құндылықтарға бай тарихымыз бен өткеннен өнеге ала білген бүгініміз бізді бағдары айқын болашаққа жалғастырады», – деді.

Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жастарды имандылыққа шақырып, Елбасы сұхбатынан алар тағылым туралы баяндады. «Кешегі білтешамның жарығымен жазу жазып, ілім алған қазақтың талай тұлғаларының бүгінгі ұрпағы, мына сіздер зәулім ғимаратта, құрылысы ғажап университетте білім алып жатырсыздар. Бұл біле білген адам үшін үлкен нығмет. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жақсы адам кім дегенде, ол – қоғамға пайдасы тиген пенде» деген. Білім алып, мемлекетке адал қызмет етіп, жақсы отбасы құрған адам – жақсы мұсылман болғаны. Ислам – тек құлшылықтар діні емес. біреуге көмектесу, көршімен тату тұру, ата-ананы сыйлау, қарттарға қамқорлық көрсету, міне мұның бәрі – сауап амал. Сауапты аспаннан емес, қасымыздан іздеуіміз керек. Елбасы сұхбатында осындай ойлар айтты», – деді Серікбай Сатыбалдыұлы. 

www.muftyat.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы