Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам инстутында дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Дәріс барысында имамдар діннің ішкі терең мәселелері жайлы сұрақ қойып, Бас мүфтимен емін-еркін пікір алмасты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Еліміздің игілігі үшін дін қызметінде жүрген имамдар атқаратын жұмыс көп. Біздің басты байлығымыз – иман, Тәуелсіздік, татулық. Осы асыл ұғымдарды қорғау, нығайту жолында дін өкіліне артылар жауапкершілік пен сенім орасан зор»,-деді. 

muftyat.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы