Талдықорған қалалық І.Жансүров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» тақырыбында кең ауқымды көлемде  облыстық семинар өтті.

 Аталмыш семинардың ашылу салтанатынан кейін, ең әуелі Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов мырзаның арнайы «Алғыс хатымен» Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ахмадиев Серікхан қажы Рымханұлы марапатталды. Қалалық әкімінің жазған Алғыс хатында: "Өкіл имамның, ислам дінімізге қосқан зор үлесімен қатар, өзіңіздің білімділігіңізбен біліктілігіңіздің арқасында мемлекеттік деңгейде аталып өтетін қандай да бір іс-шараларда зор үлесіңізді қосып келесіз. Халқымыздың имандылық жолында тәрбиелеуде, әсіресе жастарымызға дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жүргізіп келе жатқан жұмыстарыңыз бен ақпараттық-насихат тобының құрамындағы іс-шараларды өткізудегі белсенділігіңіз ерекше. Алла ісіңізге береке берсін!", - деп жазылған болатын.

Семинар барысында келген қонақтардан өз кезегімен сөз алған Әл-Фараби атындағы ҚҰУ дінтанушы докторы Құдайберді Бағашар «Ислам дініндегі жихад ұғымының мәні», ҚМДБ-ның жанынан құрылған  РАНТ –мүшесі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Нұрбол Сайлауұлы «Ислам мен қоғам», Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану факультетінің  аға оқытушысы  Абдунаим Сейдмұхаммед «Толеранттылық-татулық» туралы баяндамалар жасады. Сондай-ақ өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы «Отанды сүю иманнан» атты тақырыптағы баяндамасында: "Біз тәуелсіз елміз, тәуелсіз ел екенімізді мақтанышпен айта аламыз. Аллаға шүкір бейбіт өмірде, яғни қой үстіне бозторғай жұмырқалаған заманда  өмір сүрудеміз. Бүгінгі таңда мемлекетіміз Қазақстан Орта Азияның  дамыған еліне айналып, ұлан-ғайыр жеріміздің шекарасын бекіттік. Менің түсінігім бойынша «найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» деген ұғымды тек қару алып жауға шабу емес, бабаларымыздың ақылдылығы, парасаттылығы мен даналығын алға тартып, басшыға бағыну арқылы табысқа жетті деп ұғынамын деді", - өкіл имам өз сөзінде.

Семинар соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сан сұрақтарына жауаптарын алып, ризашылықтарымен тарқасты. 

Талдықоған өңірі бойынша баспасөз қызметі



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы