2015 жылдан бастап Қазақстан дәріханаларында халал дәрі-дәрмектер сатыла бастайды. Халал препараттар шығарумен айналысатын Иорданиялық фармацевтика компаниясы келер жылдан бастап Қазақстанда өз филиалын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жайында компания өкілі Ахмед Жабар мәлімдеме жасады.

Халал дәрі+дәрмектер өзге препараттардан құрамында шошқа майы немесе алкогольдің болмауымен ерекшеленеді. «Қазіргі уақытта халықаралық саудада халал дәрілердің үлесі бар болғаны 5 пайыз ғана. Ал, мұсылман елдерінің барлығында дәрілер халал стандартпен шығарылады», – дейді Ахмед Жабар.

Ахмедтің айтуынша, Иорданияда және басқа да халал дәрі өндірілетін елдер де фармацевтикалық компаниялар жұмысы қатаң қадағаланатын көрінеді. Кез келген дәрі сертификатсых сатылымға шығарылмайды.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы