ҚМДБ-ның  Қызылорда  облысы бойынша  өкілі,  орталық  «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің  Бас  имамы Талғат  Сейіткәрімұлына  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы: «Аймағымыздың  әлеуметтік  –экономикалық  дамуына  қосқан ерекше  үлесі  үшін» - деп Құрмет грамотасымен марапаттады. Грамотаны  Облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрхан Жалиев табыстады.

 

Екінші марапатты Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жанат Қуанышұлы: «Халық арасында ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруда өз үлесіңізді қосып, елдің полицияға деген сенімін нығайтуға атсалысып жүргеніңіз үшін» деп, құрмет грамотасымен марапаттады.

Алла Тағала өкіл имамымыздың бұл құрметтерін екі дүниеде де бағалап, ел игілігіне жасаған еңбектеріне жеміс, береке берсін. Ел ынтымағы мен дін жолындағы еңбектері асқақтай бергей. 



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы