Тюмень қаласында 5-қаңтар күні Ұлттық мәдениет үйінде екі дүниенің асылы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылғанына орай Мәуліт мерекесі ұйымдастырылмақ. Былтырғы жылы бұл мерекелі кешке раввиндер мен протестанттық пірәдарлар қатысқан болатын. Биылғы жылы олардың қатарына провославтық шіркеу қызметкерлері де қосылады деп күтілуде.

«Біздің облысымыздағы дінаралық ынтымақтастық өзге аймақтарға үлгі болады деп ойлаймыз, – дейді мүфти Фатых Гарифуллин. – Бұл тек бізді байыта түседі. Христиан немесе иудей дініндегілермен араласа түскен сайын біз қасиетті Құран Кәрімді тереңірек түсіне бастаймыз. Тіпті, бірде иудейлік «Мадрегот» ұйымы ұйымдастарған «Дәуіт арфасы» фестиваліне де қатыстық».

Фестивальге дайындық жұмыстары барысында мұсылман жамағаты Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) жайлы көбірек біле түскендерін айтады. Құранда Алла Тағала Дәуітке өте әуезді дауыс бергені, оны бақтағы құстардың тырп етпей тыңдайтыны жайлы айтылады. Мұсылмандар өздерінің өзге діндегілер араласу арқылы таным көкжиектерін кеңейгендерін бөлісті.

Сондай-ақ, Мәуліт мерекесіне қатысқан басқа діни наным-сенімдегілердің сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы терең біле түседі дейді Тюмень қазиятының басшысы.Кеш барысында Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.), Ислам дініне арналған әртүрлі әндер  орындалып,  сайыстар мен сауалнамалар ұйымдастырылады.Кештің басты сыйы – жиылғандар өткен ғасырдың 20-шы жылдары Ислам кешенінің Ембаев музейіне әкелінген пайғамбарымыздың шашын көруге мүмкіндік алады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы