2015 жылы 33 жылда тек бір-ақ рет қайталанатын ерекше құбылыс орын алады. Бұл жайында “Ватан“ басылымы хабар таратты.

Нақтырақ айтқанда, 2015 жылы исі мұсылман Мәуліт мерекесін екі рет атап өтеді: қаңтардың 3-і күні және желтоқсан айының 24-і күні. Астрономдардың дерегіне қарағанда, бұл құбылыс мұсылмандардың хижра жыл санауымен байланысты орын алады. Хижра жыл санауында әдеттегі күнтізбеге қарағанда 11 күнге кем. Сол себепті, 2015 жылдың алғашқы 11 күніне дөп келетін атаулы күндер жыл соңында тағы қайталанады.

Мұндай ерекше құбылыс соңғы рет 1982 жылы орын алған еді. Ал келесі жолы 2047 жылы қайталанады.

islam.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы