Осы күнге дейін Германияның екі федералды округінде мұсылман мерекелері ресми демалыс болып жарияланған еді. Алдағы 2015 жылдан бастан осы заң Төменгі Саксонияда да өз  күшіне енетін болды.

Қаңтар айынан бастап Төменгі Саксония премьер-министрі мұсылман қоғамдастығымен келісе отырып, мұсылман мерекелерін ресми мейрам ретінде бекітуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл жайында Штефан Вайл 27 желтоқсанда шыққан «Hannoversche Allgemeine Zeitung» басылымында жария етті. Ол Төменгі Саксонияның демалыс және мереке күндері туралы заңына өзгерістер енгізілетінін, оның ішінде «Ислам мерекерелін мейрам ретінде бекіту» туралы да қарастырылатынын айтты. Бүгінде Төменгі Саксония мектептері Құрбан айт және Ораза айт мерекелерінің құрметіне оқушыларды сабақтан босатады.

Осылайша Гамбург және Бремен аймақтарының артынан Германияның үшінші ірі федералды бөлігі саналатын Төменгі Саксония өңірі де мұсылман қауымының мерекелерін ресми мейрам етіп бекітуді көздеп отыр.

Гамбург 2012 жылы алғаш рет аймақтың 90 пайыз мұсылмандары қоғамдастығымен келісімшартқа отырған неміс елінің алғашқы өңірі. Келісім барысында бірнеше өтініш-талаптар қарастырылды, оның ішінде мемлекеттік мектептерде ислам пәндерін енгізу мәселелері де енгізілді. Осы шарт негізінде мұсылман қауымы жыл бойына 3 демалыс күнін алу құқына ие болды. Сондай-ақ мұсылмандар жергілікті мектептеррде дін сабақтарында нені өткізуді, дәріс беретін мұғалімді таңдау құқықтарына да ие болды.

Гамбург келісім-шарты нәтижесінде бұған қоса жаңа мешіттер құрылысын жүргізу, қайтыс болған адамды жерлеу рәсімі, әскерге, түрмеге имамдар институтын енгізу, т.б.маңызды мәселелер оң шешімін тапқан еді.

Ал өз кезегінде мұсылман қауымына неміс конституциясын, ел заңдарын құрметтеу керектігі де міндеттелді. Және де толеранттылық туралы екіжақты декларация қабылданды.

ummet.kz



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы