Шеффилд қаласында 2013 жылдың қараша айында ашылған, бүгінде 4-15 жас аралығындағы 50 оқушы білім алып жүрген Авиценна Академиясы үкіметтік тексерістер қорытындысына сәйкес Ұлыбританиядағы үздік мектептер санатына кірді.

Академиядағы білім сапасын тексеруге келген комиссия мұндағы оқушылардың білімге ынталылығын, сапалы білім жүйесін және оқушылар мен ұстаздардың жетістіктерін көріп, риза болғанын жасыра алмаған.

Аталмыш академияда мұсылман балаларына Ислам діні негіздерімен қатар, ағылшын тілі, математика, ғылым және ақпараттық-байланыс технологиялары сынды салалар бойынша терең дәрістер жүргізіледі.

Комиссия сараптамасы бұл мектепте рухани һәм дүнияуи, әлеуметтік және мәдени орта өте жақсы қалыптасқанын, балалардың болашағы үлкен екеніне сенім білдіретіндіктерін көрсеткен. 

ummet.kz-ақпарат



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы